«Пікірлер галереясы» стратегиясы Мақсаты: Оқушылар бір-бірінің жазған жұмысын оқи отырып оқудан ляззат алу, пікір алмасу Күтілетін нәтиже Сипаттама мәтінін оқи отырып, оқудан ляззат алады. Пікір алмасады. Үй тапсырмасын орындау барысында үлгіге алады. Тапсырма 1.Жазған жұмысыңды «пікірлер галереясына» орналастыр 2. Сыныптастарыңның жазған сипаттама мәтінін оқудан ляззат алу арқылы оқы 3. Екі жұлдыз, бір тілек бағалау түрі арқылы өз ойыңды жаз. 4. Үй тапсырмасын орындау барысында үлгі ретінде қолдан.
Үйге тапсырма: «Мен тағамға тапсырыс беремін» диалог мәтінін құру
«Серпілген сауал» тәсілі Мақсаты: сабақ бойынша алған білімдерін пысықтау, ой тұжырымдау Күтілетін нәтиже: Сабақ бойынша диалог, мәтін құру барысында меңгерілген білімдерін пысықтайды. Сұрақтарға ұтымды, толық жауап беруге тырысады.
Сұрақтар бірінен соң бірі өрбиді. Сынып белсенділігіне байланысты.
Рефлексия пирамидасы Мен көбірек білетін екі нәрсе: Мен білетін үш нәрсе: Мен үйренген төрт нәрсе: Мақсаты: ойлау мен пайымдауға,қорытынды жасай білуге жетелеу Күтілетін нәтиже:сабақ барысындағы әрекеттері негізінде пайымдап, қорытынды жасайды.
Жалпы сабақ бойынша оқушы жетістігін бағалау дескрипторы: «3»- тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін атайды,ырықсыз етіс түрлерін қолданады, диалог құрастырады. Сипаттау мәтінін құрады. «4»- тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендіреді, ырықсыз етіс түрлерін қолдануда саралайды., диалог барысында талдайды, тексереді. Сипаттау мәтінін құрады,ойын дәлелдейді. «5»-Сөздер мен сөз тіркестерін мазмұнына қарай біріктіре отырып,түсіндіреді . Ырықсыз етіс түрлерін қолдануда саралайды және дәлелдейді. Диалог барысында талдайды, тексереді.болжайды. Сипаттау мәтінін құрады,ойын дәлелдейді, толық мәтін ұсынады. |