Қ.Ысқақ Қоңыр күз еді тақырыбындағы сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып

7

Күні

04. 04. 2013.

Пән

Қазақ әдебиеті

Сағат

1

Тақырып

Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»

Мақсаты:


білімділік – Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесін оқушыларға түсіндіріп, әігіме туралы танымын кеңейту.

дамытушылық – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін жүйелі жеткізу, өз пайымын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру, танымдық белсенділігін арттыру; бүгінгі күнмен байланыста қарау үшін салыстырмалы талдау жүргізуді меңгерту.

тәрбиелік – ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге баули отырып, адамгершілік, өзара сыйластық қасиеттерін ұштай отырып, адал, мәдениетті тұлға қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

Сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін жүйелеуге, қорғауға үйренеді. Жаңа ақпараттар қабылдайды. Сыныпта жақсы қарым қатынас орнайды. Ойлау, сөйлеу мәдениеті дамиды. Пәнге қызығушылығы, белсенділігі артады.

Түйінді идеялар

Жазушылардың әңгімелерін оқи отырып – тарихи кезеңдердібіле жүру.

Жаттығулар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөлу: Оқушыларды төрт топқа бөлемін.

«Ақтар» тобы, «Сарылар» тобы «Көктер» тобы, «Қызылдар» тобы

Топ ережесі:Оқушыларға топқа ереже жасау керектігін үйретеді

Ақ, сары көк, қызыл түсті қағаздар алып, сол бойынша топқа бөлінеді



Оқушылар топ ережесін жасайды. Оны көрнекі жерге іліп қояды


Сабақтың типі

аралас

Сабақтың түрі

Дөңгелек үстел

Көрнекілік

Интерактивті тақта,сауалнама, сараптама қорытындылары.

Әдіс-тәсіл:

Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік тәсіл, сұрақ-жауап, сауалнамалық зерттеу,

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту: 1. Сәлемдеседі.

2. Оқушыларды түгендейді.

3. Сабаққа психологиялық бағыт береді. Балалар біз бүгін топқа бөлініп оқимыз. Сондықтан топ ережесін жасап алайық. Топ ережесін оқушылар жасайды. Оны көрнекі жерге іліп қояды

Мағынаны тану:

Үйге тапсырманы сұрау: Әр топтан үйге берілген тапсырманы Қ:Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесінінің мазмұнын әр топтан бір оқушыдан сұраймын. Сол оқушыларды бағалап, бағасын қоямын

Өтілген тақырыпқа шолу.

Әңгімедегі таныс кейіпкерлер. Бұл кім?


  1. Бұл көк ат та бір,біз де бір қу жанға тыныштық жоқ-деп атты сойылдап- сойылдап алды. Бұл кім? ( Жарықжұлдыз)

  2. Ой, сумұрын,сен жүрген жер тек болушы ма еді,- деп жарықжұлдызды бір шағып алды да,жөніне кетті.Бұл кім? (Алтын)

  3. Бар,ана Қабдығалиеваның қасына! Тістеп алар деймісің,қорықпа!-деген кім?

(мектеп басшысы,Маймұрын)

  1. Ия, жаңа жарасыты ғой өздері,-деп қағытты біреу. Бұл кім? (Бүкір деген бала)



Бұл қай мезгіл


1.Ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң. Алтай өңірініңең бір жүдеу шағы. Бұл қай мезгіл? (Күз)


2.Қарағайлы шатқал арасындағы ауыл үстіне ымырт үйіріліп,ығы -жығы үйлері алакеуімденіп қана көрінеді. Бұл қай мезгіл? (бейуақ,кешкі мезгіл)


3.Соғыс біткеніне бір- ақ жыл болатын. Сол жылдың қай мезгілі еді? (Күз)


4.Алматай берген кітапты оқып отырғанда қарасам,біраз уақыт болып қалыпты.егер мектеп күзетшісі қуып шықпағанда,білмеймін. Сол кезде қай мезгіл еді? (түннің ортасы)

Әңгімеде кездесетін кітап аттары


  1. Алматай берген кітаптың сыртына латынша әріппен жазып қойыпты.кітаптың сыртында не деген жазу болды? (қазақ тілі.)

  2. Әңгіменің аты да белгісіз,авторы да белгісіз.сол кітап аты кейін білгенде калай аталды?

(Шұғаның белгісі.)

  1. Алматай біздің мектепте жоғары сыныпқа мына пәннен сабақ береді. Ол қай пән? (Әдебиет)

  2. Сурет өнерінің асыл қазынасын маған жеткізген сарғайып тозған кітапты(сыртында аты бар) бауырыма қысып,қатты разы болдым. Ол қай кітап еді? (Қазақ тілі)


Жаңа тақырып.Қалихан Ысқақтың « Қоңыр күз еді» әңгімесін баяндау.


Кітаппен жұмыс.

  1. топқа Шұғаның белгісін Қасым неге қызығып оқыды , Жазушымен кездесем деген үміті алматыға келгенде неге үзілді?

  2. Топқа Бірінші деңгейлік тапсырманы орындау.

  3. Топқа екінші деңгейлік тапсырманы орындау.

  4. Топқа үшінші деңгейлік тапсырманы орындау.

Сергіту сәті.


Өзіңді тап. Ақ қағазға кейіпкер аты жазылады да,сол жазылған сөзді сұрақтар қою арқылы оқушының өзіне кім екенін таптыру.

Б.Майлин туралы қысқаша түсінік беру.

2-тапсырма. «Менің сұрағым»

Әр топ басқа топтарға 2 сұрақтан қояды. Сабақта осы тапсырма бойынша 8 сұрақ, 8 жауап қаралады. Сұрақты құру топтық жұмысына 1 минут беріледі.

Бағалау критерийлері үлестіріледі:


«Менің сұрағым». Бағалау критерийлері

Топтың аты, балы


  1. Сұрақ нақты, түсінікті, дұрыс құрастырылған болу керек.


  1. Жауап қысқа да нұсқа болу керек.


Сұрақ қою, жауап беру жұмысына 1 минут беріледі.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тансырма беру.

Оқу ісінің меңгерушісі: ____ Қарағойшиева Г. Пән мұғалімі: _______ Сутбаев А