Әдеби тілдің ерекшеліктері 5 сынып қазақ тілі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілдің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


VІІ Сабақты бекіту:

    1. Тапсырма.

Оқулықпен жұмыс

11-жаттығу

І топ

    1. Өзің жазған шығарманы ата – анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?

12 – жаттығу

ІІ топ

  1. Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан газетіне жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.


  1. Тапсырма

І деңгей

  1. Жазудың көркемдігі мен түсініктілігі не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  2. Жалпы, жазба тілдің қажеттілігі неде?

ІІ деңгей

  1. Төмендегі оқып жаттап алыңдар.

  2. Олар сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар

  1. Көп сөйлеме.

  2. Сөйлеп тұрғанда есінеме.

  3. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме.

  4. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама.

ІІІ деңгей

  1. Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сыз.

Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен кесе, қазы, әдемі, қара ашытпа, қарақит, көл, шалқар, саңаржақ, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу, дәптер.

VІІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру

  • Әдеби тілге жатпайтын сөздерді қолданып, қазақтың шешен билері туралы шағын мәтін құра.