Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
№12 сабақ
«Жібек – жолы» мектеп лицейі Мерзiм:
Тақырып:Кешірімді бала – кішіпейіл бала Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейілділік, кешірімділік, сыпайылық
Сынып- 2 «А»
Мұғалім – Абдыманапова Н.С.
Сабақ мақсаты:
«Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу Міндеттері:
кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
кішіпейлділікке бейім қабілеттерін дамыту;
кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу
Ресурстар:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
3.Үй тапсырмасын тексеру.
№12 сабақ.Дәптермен жұмыс
4.Мұғалімнің сыйы. Автобус
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам көп. Бірі мінсе,бірі түсіп жатты.Алдыңғы есіктен мамам екеуіміз кірдік
- Мұнда отырыңыз,-деп менен гөрі үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
Рақмет, балалар! – деді анам отырып жатып.
Мама,рақметті не үшін айттыңыз?
Құрметті мен кішіпейілдігі үшін.Сен де Солардай бол! Үлкендерді құрметте.Сонда үлкендер саған да рақмет айтатын болады.
Анасы балаларға не үшін рақмет айтты?
Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?
5.Дәйексөз.
Сыйлап үлкен кісіні,
Аялағын кішіні.
6.Шығармашылық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау.
-Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті
-Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады.Арсен болса қашып кетті.
-Дәулет сабаққа кешігіп қалды.
-Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.
«Күннің көзін бұлттан арылту»
(Алдын ала беті бұлтпен толық жабылған күннің макетін дайындау. бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Ойынға шыққан оқушы кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Барлық сұрақ алынып, сұраққа жауап беріліп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.)
— Көше сыпыратын атайдың ауруханаға түсу себебі неде?
— Тұрсын неге мазасызданды?
— Балалардың жасаған әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
— Тұрсынның жасаған әрекеті дұрыс па? Не үшін?
— Қарт балаларға қандай кішіпейілділік танытты?
7.Топпен ән айту.
1.Жазда апамның ауылына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Ойнап шықты жүгіріп.
Қайырмасы:
Ақ маңдайы ай ма екен?!
Шекер ме екен, бал ма екен?!
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?!
2.Демалыста өзіңді,
Тағы іздеп барамын.
Бір қошақан бәрі бір,
Сені тауып аламын.
Қайырмасы:
3.Қозыларым жүр ме екен?
Ерке сұлу сол ма екен?!
Мені қашан келер деп,
Сағынып ол жүр ме екен?!
Қайырмасы:
8.Үй тапсырмасы.
№13 сабақ дәптермен жұмыс
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.