Менің отбасым. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзім жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: 5 топ

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқу

2.3.2.1 Таныс сөздерден қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

2.3.3.1. Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажырату

2.3.4.1. Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап беру

2.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыспен оқиды. Таныс сөздерден қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. Өлең, жұмбақ, ертегі, әңгімелерді ажыратады.Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қояды және жауап береді.

Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алады.

Көбі: Мәтінді қатесіз және мәнерлеп дауыстап, рөлге еніп оқиды оқу. Таныс сөздерден қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, қатесіз жазады. Өз отбасы туралы әңгімелейді.

Кейбірі: Мәтінді қатесіз және мәнерлеп оқиды, рөлге бөліп эмоциямен оқиды. Таныс сөздерден қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырады. Мәтіннің мазмұны Отбасы мүшелерін сипаттайды.

Жетістік критерийлері

Мәтінді қатесіз және мәнерлеп оқиды.

Қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.

Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажыратады.

Мәтін бойынша қарапайым ұрақ қояды және оған жауап береді.

Қажетті ақпаратты тауып алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

зейнеткер – пенсионер

есепші – бухгалтер

студент – студент

дәрігер - врач

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды отбасына және отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өзім туралы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

8 минут

Браун қозғалысы

Мұғалім музыка арқылы оқушыларды билетеді, жұпқа, топқа бөлінеді.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Ой қозғау. Сурет көрсетіледі. Сурет арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды, мұғалімнің бағыттауымен сабақтың мақсатын ашады.


Музыка




Сурет







Сабақтың ортасы

10 минут















4 минут









2 минут



8 минут



















5 минут



1 минут



5 минут




1. Мәтінмен жұмыс.

Әр топтың бір мүшесі мәтінді дауыстап, қатесіз және мәнерлеп оқиды.

Менің атым – Серік. Менің отбасым үлкен. Олар: атам, әжем, әкем, анам, екі ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем – зейнеткер. Әкем – есепші, анам – мұғалім. Үлкен ағам – дәрігер, екінші ағам – студент. Қарындасым үшінші сыныпта оқиды.

Сөздік:

зейнеткер – пенсионер

есепші – бухгалтер

студент – студент

дәрігер – врач


2. Мәтін бойынша таныс сөздерден құралған қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді.

Екі ағам, екінші ағам, үшінші сынып

Берілген сөз тіркесі негізінде оқушылар есептік және реттік сан есімдерді ажыратып, сөз тіркесінің мағыналарын түсіндіреді.


3. Берілген мәтін қай жанрға (өлең, жұмбақ, ертегі, әңгіме) жататынын анықтайды.


4. Мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар қояды және жауап береді.

Топпен жұмыс. Әр топ сұрақтар құрастырады, басқа топтың сұрақтарына жауап береді.

Сұрақтар:

1. Серіктің отбасы қандай?

2. Серіктің әкесі кім?

3. Серіктің неше ағасы бар?

4. Серіктің қарындасы қай сыныпта оқиды?

Жауаптар:

1. Серіктің отбасы үлкен.

2. Серіктің әкесі – есепші.

3. Серіктің екі ағасы бар.

4. Серіктің қарындасы үшінші сыныпта оқиды.


Кейбір оқушылар өздерінің достарының отбасы туралы әңгімелейді.


Сергіту сәті



5. Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамадан ақпарат табады.
Оқушылар мәтін негізінде өздерінің отбасылары туралы мәтін құрастырады. Таныс емес сөздерді сөздіктен іздейді.



Жетістік критерийі:

[pic] Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқиды.

[pic] Таныс сөздерден қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.

[pic] Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажыратады.

[pic] Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қояды білу және жауап береді.

[pic] Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты тауып алады.

Қима қағаздар

Бағалау парағы

Қима қағаздар

[link]