«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ш.Байменов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№7 Бабыр атындағы ЖОМ КММ
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!»
Орындаған 7 «Б» сынып жетекшісі:
Ходжамурадова Л.М.
Ақсукент – 2016ж.
Тақырыбы: Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік!
Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге, үлгі тұта білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер: тақырып жазылған слайд, ұстаздар туралы қанатты сөздер, презентация, шарлар.
Барысы:
Қазақ биі: «Қамажай»
Мұғалім: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - демекші, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. Төл мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып, білім саласында қажымай еңбек етіп, тер төккен аяулы да, абыройлы ұстаздарымыздың көңілдерін бір сәтте болса көтеріп, қуантайық деген ізгі ниетпен мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары дайындаған «Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік!» атты ашық тәрбие сағатымызды көріп тамашалаңыздар.
Муниса:
Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар!
Ұстаз деген-жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген-жарық күні ғаламның,
Бүкіл әлем мойындайды ебегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Абрар:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген-ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!
Муниса: Мұғалімнен өнеге- білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез –келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі, Бала жанының бағбаны, Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге араналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Ардақты ұстаздар қауымы, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.
Муниса: Тәрбие сағатымызды ашып беру үшін мектебіміздің тәрбие – ісі жөніндегі директордың орынбасары М.Султанкулова апайымызға береміз.
Абрар: Кезек, 7 сынып оқушылар дайындаған жыр –шумақтарына берелік.
Муниса: Хорезм биі : « Лазги»
Муниса: Сен қалай ойлайсың Абрар? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Өйткені, ұстаздық-өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы қажет. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Абрар:
Ия, Муниса мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-жүректің батырлығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп Ғафу Қайырбаев ағамыз жырлағандай, біздің мектебіміздің сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік емеспе?!
Абрар: 6 сынып оқушылары дайындаған жыр-шумақтарына берелік.
Муниса: Келесі сөз кезегін мектебіміздің ұлағатты үлкен ұстаздарына береміз.
Абрар: 6 сынып қыздарының орындауында би.
Муниса: Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, әрі ата-анасы ретінде Нарметова Умида апайға сөз кезегін ұсынамыз.
Абрар: Би: «Чунга-Чанга»
Муниса: Біз сіздер оқытып жүрген пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ.
Осы менен ашық тәрбие сағатымызды аяқтай отырып, келесі кезекті 7 сынып оқушылары дайындаған мектеп-вальсіне берелік.