Күні:29.01.15 сыныбы: 4 бекітілді:
Сабақ тың тақырыбы: Сурет көрмесінде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Олармен сөзтіркестерін, сөйлем құрап үйрету.
Тәрбиелік: Алған білімдерін өмірде қолдан білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты оқу, жазу, аудару дағдыларын дамыту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздік сұрау
5-тапсырма, 146 бет.
Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс.
Сурет көрмесі –выставка изобразительного искусства
Көрме – выставка.
Қойылған –выставлены
Сұрақ - вопрос.
Жауап –ответ
Тапсырмалармен жұмыс
1- тапсырма. Сурет бойынша мәтінді оқып сұрақтарға жауап бер
Сурет көрмесінде.
Қалада сурет көрмесі ашылды. Мектеп оқушыларын мұғалім экскурсияға апарды. Көрмеде Қазақстан суретшілерінің жұмыстары қойылған. Экскурсовод балаларға пейзаж, натюрморт, портрет туралы айтты. Эксурсовод Балалардың сұрақтарына жауап берді. Көрме балаларға ұнады.
2- тапсырама. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Қалада не ашылды? Қалада көрме ашылды.
2. Оқушылар қайда барды? Оқушылар экскурсияға барды.
3. Көрмеге қандай жұмыстар қойылған? Көрмеге Қазақстанның суретшілеріңің жұмыстары қойылған
4. Экскурсовод балаларға не туралы айтты?Экскурсовод балаларға пейзаж, натюрморт, портрет туралы айтты.
5. Балалардың сұрақтарына кім жауап берді? Балалардың сұрақтарына экскурсовод жауап берді.
6. Көрме балалараға ұнады ма? Көрме балаларға өте ұнады.
Сергіту сәтін өткізу.
Тербеледі ағаштар
Жел алдымнан еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Су құйғанда өседі.
3-тапсырма. Сөз тіркесінен сөйлем құрап жазу.
Көрменің ішінде суреттер бар.
Көрменің жанында оқушылар жүр
Көрменің астында дүкен бар
Көрменің алдында ескерткіш бар.
Көрменің артында ағаштар өсіп тұр.
4- тапсырама.Қазақстан суретшілерін біліп ал.
Ә.Қастеев Ү.Әжиев Ә.Ысмайылов
Қазақстан суретшілері
С.Мәмбеев О.Таңсықбаев
Тақта алдында жұмыс. Сурет, мектеп, мұғалім, Қазақстан сөздерін тәуелдеу.
Сабақты қорытындылау
Қазақстанның суретшілерін ата?
Көрмеге қандай жұмыстар қойылады?
Экскурсовод балаларға не туралы айтты?
Үйге тапсырма
5- тапсырма, 148 бет
Бағалау.