Ана- теңдесі жоқ құдірет

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ана- теңдесі жоқ құдірет

Мақсаты : Сабақтың мақсаты: Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында ана мен балаға деген қамқорлық, қоғамдағы анасының орны. «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдары туралы пікір бөліс, ұстаз аналарды құрметтеу, қыз балалардың ата-ананы, ұстазды сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Ғ.Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы « Ашынған ана», «Ер ана», «Ананың арашасы», т.б әңгімелер,анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.

Түрі: оқырман конференциясы

Көрнекілігі: Ғ.Мүсірепов кітаптары, ана туралы мақал -мәтелдер



1.Жүргізуші: Ана Ана Ана!!! Не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрғанана сезімін қадірлейтін жан бар ма? Жақсылық атаулының барлығы анаңнын ақ сүтінен жаралған. Олай болса алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге, аналарға, ұстаздарға, әкелеріміз бен қарындастарымызға, сұлу қыздарға арнаймыз.

2.Жүргізуші:күлімдеген күніміз жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады. Құрметті қонақтар бүгінгі 7 б сыныбы оқушыларының «Ана - теңдесі жоқ құдірет» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

1. Жүргізуші: Ана –жұмақ, мен-шуақ саябағы,

Ана- шырақ, мен- сұрақ санадағы.

Ана- теңіз, мен- қайық тербетілген,

Ана- бұлақ, мен-құрақ жағадағы.

2. Жүргізуші: Бүгін біздер ардақты аналарымызды, ұстаздарымызды, құрметті әжелерімізді ерекше құрметтеп, қошеметтейміз. Себебі, «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз бекер айтпаған. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аналарға деген баланың да жылы лебізі таусылмайды.

Ән. «Анашым»



1. Жүргізуші: Әрине мұны «Анашым» өлеңінен білуге болады.Әрбір ұстаз әр баланың сүйікті досы, мақтанышы. Бізге ұстаздың еркелеткені мен еңбегі мақтаныш. Сондықтан осы кешіміз ұстаздар мен аналарға арналады.

2. Жүргізуші: Бар қырқаға аналар деп гүл өссін,

Тартысқандар қоя тұрсын күресін.

Аналарға табиғаттың сыйы ғой.

Көктем деген мерекесін біесің.

1.Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Маржангуль Сайлаухановнаға береміз.



Кітапханашы : Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі Ғ.Мүсіреповтың «Ана – теңдесі жоқ құдірет» атты 7 сынып оқушыларымен бірігіп ұйымдастырылып отырған конференцияға қош келдіңіздер. 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Ғ.Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы «Ашынған ана» , «Ер ана», «Ананың арашасы», «Өлімді жеңген ана» т.б әңгімелерін оқушыларға насихаттау. Адамзаттың ана деген атты жоғары бағалауы, өмірге рух беруші аналардың қадір-қасиетін біліп жүрсе деген ой салу мақсатында өткізіп отырмыз. Сіздерге зор денсаулық, көктемнің бәйшешек гүліндей жайнай берулеріңізге тілектеспін.

1. Расул «Ашынған ана» әңгімесі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қол шоқпары ҚарасақалғаҚапияның пышақ жұмсап түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры большевиктердің ананы түрмеден босатуы баяндалады. Ол қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен қайратты ана.

2. Даулет «Ананың арашасы»

Ғ. Мүсіреповтың «Ананың арашасы» әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып асуы, Нағиманың большевик балаңды тауып бер деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар, сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

3. Ернат «Ер ана» әңгімесінде жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. осындай батыр аналар елді жерді қорғаған

4.Алтынай Отан соғысында 11 600 адам Совет Одағының батыр атағына ие болса, соның 497-сі Қазақстандық, ал 97-сі қазақ еді. Соның ішінде жас қалған Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк болған.

Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен » байланысын қамтамасыз етуге «Өмінр жолын» салуға қатымты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Алия Молдағулованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол мерген қызды 3 ші дәрежелі Даңқ орденімен, қаза болғаннан кейін 1944 жылы шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

Ән «Әлия»

Кітапханашы: Құрметті оқушылар, біз Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармшылығымен таныстыңдар. Енді біраз тапсырмаларға жауап берейік.

2.Жүргізуші: Аналар, Арулар мен сұлу қыздар,

Мәңгі әсем гүл болып жайнаңыздар.

Шын жүректен құтықтаймыз сіздерді

Ең бақытты, ең құрметті болып қалыңыздар!

Міне батыр әпкелеріміздің, аналарымыздың ерліктерін мақтаныш пен құрметпен қарап, еліміздің гүлденуіне, дамуына өз үлесімізді қосамыз. Үлкенге құрмет,кініге ізетете отырып , сіздер құт болып, әрбір үйден шабылып, шуақ болып әрбір үйге жағыла беріңіздер деп кешімізді аяқтаймыз.

«М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі

Сұлтанова Рысқан Мұратқызы


Кітапхана меңгерушісі Аюпова Маржангуль Сайлауханқызы