Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі
Тәуелсіздік жолы – мәңгілік жол
(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің
20 жылдығына арналған поэзия кеші)
[pic]
Өткізген: А.М. Мырзагарина
Ақтөбе-2016
Тәуелсіздік жолы-мәңгілік жол
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Арманы биік азат еліміздің ардақты ұстаздары!
2-жүргізуші:
Армысыздар! Тәуелсіз еліміздің ерікті ұландары!
1-жүргізуші:
Қазақтың тәуелсіз күнінде,
Азат күн жадыра, көгімде.
Гүлденді кең байтақ даламыз
Шалқысын шаттық күй, жыр-аңыз!
2-жүргізуші:
Қазақтың жырындай әніміз,
Бейбіт күн, бірлікте сәніміз
Жасампаз халықпыз- жалынбыз
Өлең, саз, жыр біздің- жанымыз.
1-жүргізуші: Ендеше, қазақ елінің тарихы туралы бейнебаянға назар аударайық.
( бейнематериал)
2-жүргізуші: Қазақ халқы бүгінгі нұрлы жолға, бейбіт күнге оңай жолмен жетпегендігі баршамызға аян. Бүгінгі «Тәуелсіздік жолы-мәңгілік жол» атты поэзия кеші Ұлы Даламыздың жүріп өткен жолына арналмақ.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы-қасиетті жол. Халқымыздың азаттығы мен бостандығы, елдік пен теңдік жолындағы күресіміздің сан ғасырлық шежіресі.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолы-ғасырлық жол. Ол ғасырларға созылған ата-бабалардың қанды жорығының, дабылды, дауылды күресінің заңды жалғасы. Сондықтан, бұл күн - арман мен тағдыр ұштасқан өте қымбат, ерекше күн.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолы-ар-намыс жолы. Жүректерін батпандаған мұң, қатпарлаған қасірет тоң боп қатып, шер боп басып жатпады ма? Осындай сәтте тарих беттерінен сыр шертейік, киіз туырлықты қазақ ұрпағы!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолы-күрес жолы. 15 ғасырда Қазақ хандығы құрылды. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына -550 жыл толды. Бұл өткеннен тағылым алу, батыр бабаларымыздың сан ғасырлық арпалыс, күресін білу, бастан кешкен қилы тағдыры, жеңілісі мен жеңісі. ( бейнематериал, слаид)
(Ән ( «Елім, елім, елім-ай» әні А-23 тобы Әкімбай Ақтаң )
(3 оқушы өлеңін оқиды Шыңғысхан Т-23, Альбина Э-13, Ерқанат ЭС-21) музыка қосу
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы –қасіретті жол. Алайда, қазақ елі тыныш, бейбіт өмір сүре алмады. Қаннен –қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, елім айлап азаттықты аңсады.
2-жүргізуші: Қалың қазақ баласының, езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап, бүлінгенін бүтіндеп, елім деп еңіреген жұртымның «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен тарихта қалған сонау бір қысылтаяң шағы тарих сахнасында.
( бейнебаян Ән «Елім-ай» Айзат)
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы-азаттық жолы. Жау жүрек батырларым елді бір тудың астына біріктіріп, азаттық үшін аңырап, мыңдаған тұлпарларының тұяқтарымен ошақтап ойып, қанымызбен қазақ даласын сызып, Жеңіс туын желкілдетіп болашақтың қолына тапсырды.
2- жүргізуші: Ия, біз батыр бабалар ұрпағымыз. Ер Махамбет пен Амангелді батырлар да азаттық үшін күресіп, жанын қиды. ( бейнебаян ,слаид )
(Ән А-23 тобы студенті Әкімбай Ақтаң « Мен, мен едім, мен едім...»)
( оқушылар шығармашылығы. Жансая АСУ-31, Қайыржан А-24, Ұлдай АСУ-31) музыка қосу
(Күй «Жұмыр қылыш» А-24 тобы студенті Илиясов Азамат )
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы-тар жол, тайғақ кешу жолы. Ұлт мүддесі үшін 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары алаш үшін, елі үшін жазықсыз жаланың құрбаны болды.
2- жүргізуші: Тіліміз, дініміз, ұлттық болмысымыз үшін жандарын қиған Алаш арыстарының есімі мәңгі жасайды. ( бейнебаян ) Әбдірахман АСУ-31, Салауат А-24
бес арыс- Нұрхан А-12, Салауат А-24, Ербақыт Э-22, Нұрлыбек Т-24, Нұртуған ОТС-12 ( музыка қосу)
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы-ерлік жолы. Батыр Бауыржан, Қайсар Қасым, Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк сынды батырларымыз Ұлы Отан соғысында да «Жеңіс үшін» аянбай шайқасты. Биыл Ұлы Жеңіске-70жыл. Олар Жеңіс жолында қанын төкті, жанын берді, бірақ ұлан -байтақ жерді қорғап ұрпаққа аманат етіп кетті.
2-жүргізуші:
Бұл Жеңіс көп ұлтты мемлекетіміздің татулығы мен бірлігінің жемісі. Биыл-Қазақстан Халықтарының Ассамблеясына 20жыл. Жас өрендер! Сендер батыр елдің ұрпағысыңдар!
Жарқын болашақ» Отанымызды сүйіңдер! Оны қорғаңдар! Оған адал қызмет етіп, халықтар достығын қадірлеңдер!
( бейнебаян, арнау өлеңдері) «Ұлы Жеңіс» Қайыржан А-24, Ақбота А-12, Тұрар ОТС-21) музыка қосу)
Ән «О, менің Атамекенім» Абдиканиева Ақерке Э-12 тобы студенті
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы-ұлы мақсат жолы. Ақ жол-қайсар рух жолы.
2-жүргізуші:
Жас арудың жанарында-Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқының,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан
(бейнебаян, арнау өлеңдер- Нұрхан А-12, Аяжан Э-12, Жеңісбек э-25, АйгерімА-13, музыка қосу
1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы-мәңгілік нұрлы жол.
Жаралған бабалардың ерлігінен,
Таралған желтоқсаннан-өр дүбірден,
Атыңнан айналайын тәуелсіздік
Өзіңмен абаттандым, елдігімнен
2-жүргізуші:
Жаныммен ақтап бабам өсиетін,
Қаныммен жаздым заман қасіретін.
Мың жасап, бар ұрпағым бас иетін,
Қымбат-ақ, тәуелсіздік, қасиетің
(бейнебаян, арнау өлеңдері )
Ән
Еламан Т-33, Мәдина АСУ-11, Еділ Э-22, Гүлжанат Э-31, Әсем ОТС-11) музыка қосу)
Ән «Астанам» « Әдемі-ай» тобы
1-жүргізуші: Құттықтау сөз облыстық мәслихат депутаты, техника ғылымдарының кандидаты, колледж директоры Жеңіскүл Сағидоллақызына,
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Самұратұлына беріледі
1-жүргізуші: Мұның бәрі ертегі емес, болған іс. Осындай тарихы бар тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
2-жүргізуші: Күн мен жердің мәңгілік екені сияқты аспанымызда тәуелсіздік туы мәңгілік желбіресін! Қош сау болыңыздар!