Менің әжем 2 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Менің әжем. Баланың бас ұстазы ата-ана.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс атауға үйрету, Отбасының өзіндік ерекшелелігі болатыны туралы танымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым-қатынасы туралы әңгімелер арқылы түсіндіру.

2. Дамытушылық: Ой - өрістерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, әдептілік қасиеттерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, бірін бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан-жақты қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сөздік, әңгімелесу, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: көрнекі, көркем суреттер, ілестірмелі материалдар, слайд

Сабақ барысы.

1 Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу. б)Оқушылырды сабаққа даярлау. ә) Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы сұрау. Оқушылардың өткен сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін сұрақтар қою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру

Әже - ардақты, асыл адам. Дүниедегі көпті көрген дана адам. Сендердің барлығындада әжелерің бар. Сені кішкентай кезіннен таңертең оятатын кім? Сені кім еркелетеді? Әрине, әжелерің.

Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Адам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі - әжем!

Кітаппен жұмыс. 8 беттегі, 5 тапсырманы орындау. Сызбаны толтырып, сөйлем құрау;

Диалогтің сұрақтарын аударып, жауап беру.

Ата-ана туралы слайд көрсетіледі.



















Әр топқа тақырыпқа сай сөздер беріледі, сол сөздерге тәуелдік жалғау жасау.

Әпке, аға, әже, ата, әке, ана, іні, қарындас т.б

Үй тапсырмасы: Мақал-мәтелдерді жаттау, 10 беттегі 3,4 тапсырмаларды орындау.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысымына қарай білімдерін бағалау.