Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы
Болат Сарыбаев
Мақсаты: а) білімділік: белгілі ғалым, зерттеуші Болат Сарыбаевпен таныстыру, қазақтың көне музыкалық аспаптары жайлы түсінік беру;
ә) дамытушылық: көне музыкалық аспаптардың орындауындағы күйлерді тыңдату арқылы музыканы сезінуге, түсінуге баулу, домбырада ән-күй орындаудағы шеберліктерін шыңдау;
б)тәрбиелік: балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге , өнер иелерін үлгі тұтып, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі, ой қозғау, миға шабуыл, талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қазақтың көне музыкалық аспаптары, үнтаспа, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, тарих, би өнері, еңбек пәндері
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
Мұғалім: Армысың, аманбысың, ұландарым!
Биікке самғап ұшар қырандарым.
Оқушы: Иіліп сәлем берді ұландарың,
Биіккке самғап ұшар қырандарың.
Әрдайым домбыраны қолға алып,
Тербетер ән мен жырға ұл-қыздарың.
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Миға шабуыл
Оркестрдегі дирижер міндеті
-Дирижер міндеті қандай?
-Дирижер қандай болуы керек?
-Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің алғашқы дирижері кім?
2. Домбыра ойнау: Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Психологиялық дайындық
[pic]
(интерактивті тақтадан қазақтың көне музыкалық аспаптарының суреттері көрсетіледі)
Шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, шертер, дабыл, дауылпаз, жетіген т.б көне музыкалық аспаптарға жатады. Ал бұл аспаптардың көпшілігі ХХ ғасырдың басында жоғалып кеткен. Осы аспаптарды бәрін жинап, зерттеп, орындау мәнеріне келтірген – Болат Сарыбаев.
2. Болат Сарыбаевтың өмір жолы, шығармашылығы туралы мәлімет беру
Болат Сарыбаев (1927-1984) – көрнекті ғалым, қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы, зерттеуші. Аспаптарды зерттеп қана қойған жоқ, оларды қайта жаңғыртты, аспаптарды жетілдіре келе, тұңғыш фольклорлық ансамбль құрды.
3. Көне музыкалық аспаптардың шығу тарихына тоқталу
(Шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, шертер, дабыл, дауылпаз, жетіген, т.б)
4. Бейнетаспа көрсету
Көне музыкалық аспаптардың орындалу ерекшелігін көрсету
5. Аспаптардың құдіреті, қасиеті туралы әңгімелеу, баяндау.
ІV. Сергіту сәті
[pic]
Сабақта өтілген оюларды би қимылдары арқылы жасау
V. Күй тыңдау
Болат Сарыбаевтың жетекшілігімен фольклорлық ансамблінің орындауында халық күйі «Кеңес»
VІ. Домбыра үйрену
«Шынаяқ» күйінің соңғы буыны
VІІ. Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақты «Хан талапай» ұлттық ойыны арқылы бекіту
VІІІ. Үй тапсырмасы
1. Болат Сарыбаевтың шығармашылығын зерттеу
2. «Шынаяқ» күйінің соңғы буыны
3. Көне музыкалық аспаптардың суретін салу
ІХ. Бағалау
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтау