Ашық сабақ Жаңа сөздер 5-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Нургалиева Г.А. «Қарақұдық ЖОББМ» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылы

Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың жаңа сөздер туралы лингвиситкалық білімдерін кеңейту, жазба жұмыстары арқылы жаңа сөздер туралы түсініктерін бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лексикалық талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс


[pic]



[pic]








ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш алғаш енген кезнде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спуткик деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т.б. сөздер жатады.

Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау – бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай (жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т.б.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

[pic]










[pic]


VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

1.Оқулықпен жұмыс

163 -жаттығу (ауызша)

164 -жаттығу.

  • * Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.

  • 165 – жаттығу

  • * Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.

VІІІ. Сабақты бекіту:


[pic]






[pic]




  1. Бағалау

[pic]






  1. Үй тапсырмасын беру.

1. Жаңа сөздер туралы түсінік.

2. Сөзжұмбақ құрастыру.