Сабақ жоспары қазақ тілінен 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...

Шығармашылық диктант

1. Берілген түбірлерден туынды сөз жаса, сондай сөздер кездесетін мақал-

мәтелді есіңе түсір.

Еңбек, жол, мақтан, ақыл, мал, ел, жыр, жел, сен, өнер, күл.

2. Мына сөздердің түбірін тап, жалғанып тұрған сөз тудырушы ма, сөз түрлендіруші жұрнақ па? Олардан алдымен тіркес жаса , сөйлем құра.

Мазасыздану,дәріхана,оқытушы,майлы,бұлттану,жаңбырлы,ерекшелік,сәнді,сәнқой,көтеріңкі,көгілдір,білгіш,айтқан,бармаған,жақсылық,таңбалы,суретте,қасиетті,үлкендеу,алыңқыра,келетін,келгіште,қабаған,апай,үйшік,үлкенірек.

3.а) Мына жұрнақтарды «шаш» сөзінің антониміне жалғасақ, қандай түбірлес сөздер пайда болады?

-ын, -а, -қы, -улы, -л, -ыс, -ғыш.

ә) «түнеу» сөзінің синонимін пайдаланып,түбірлес жаса.

-ақ, -шыл, -сыз.

б) «тар» сөзінің антонимінен түбірлес сөздер жаса.

-ей, -іт, -шілік.

в) «аз» сөзінің антонимінен түбірлес сөздер жаса.

-ей, -шілік, -шіл, -сін, -те.

4.Төмендегі сөздердің қайсысы түбір сөз,қайсысы туынды сөз?

Әңгіме, әңгімені, әңгімеле, дос, достық, үн, үнсіз, сурет, суретші, ас, астық, мақтан, мақтаныш, серуенде, же, жеміс, сый, сыйлық, жылы, жылын, ки, киім, жи, жиын.

5-сынып Күні____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Ауылдағы жаз»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

38-39-бет, Бақытжан Момышұлы, 100 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Күн тау үстінен едәуір көтеріліп қалыпты. Жап-жарық. Көз ұялады. Үй іргесінен сәл төменірек өзен ағып жатыр. Алыстан қарағанда көпіршігі көкке атқан қымыз секілді. Тау беткейін қиялай жез діңгекті алып ағаштар сыңсып тұр. Айнала жап - жасыл.

Аманның үй іргесінен аттап шыққаны сол еді, көктен түскендей үлкен бір ит шыға келді. Аяғын баяу басып, балаға қарай жүрді. Аман зәресі ұшып, екі қолын сілкіп, шегіншектей берді.

- Сен одан қорықпа, жаным. Оның да сенімен танысқысы келеді. Ақтөс балаларды жақсы көреді. Олармен дос. Наныңнан үзіп бер. Жерге тастама. Досына нанды лақтырмас болар, жаным. Ақтөс, ала ғой, кәрі тарланым! - деген апасының дауысын естіді.

Жазылуы қиын сөздер: қиялай, діңгекті, шегіншектей

Тапсырма:

1.Сөз құрамына талдау

I. Тау беткейін қиялай жез діңгекті алып ағаштар сыңсып тұр.

II. Аман зәресі ұшып, екі қолын сілкіп, шегіншектей берді.

2. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Күн тау үстінен едәуір көтеріліп қалыпты.

II. Үй іргесінен сәл төменірек өзен ағып жатыр.

5-сынып Күні____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Жайлау»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

39-бет, Б. Әлсеров, 90 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Кең жайлау. Өрімдей жас жігіт Берік Қарашоқының шоқтығына атша мініп алыпты. Ол бала бүркітше төңірегіне сұқтана қарайды. Айнала қандай көркем еді. Зергер табиғат бар өнерін салып, нақыштаған әсем кесте дерлік. Оң жақта тау жатыр. Сол жақтағы құз бен таудың аралығына алып мұнарға ұқсап Қарашоқы жаралыпты.

Қарашоқының ұшар басында отырған Беріктің қарсы алды – жасыл жайлау. Сонау төменде құлындай ғана болып бұлдырап Көкбесті көрінеді. Көкбесті - Беріктің қойға мінетін аты. Одан берірек қалың балдырға жабысып ақтылы қой жатыр. Ол – Беріктің отары.

Жазылуы қиын сөздер: Қарашоқы, Көкбесті

Тапсырма:

1.Сөз құрамына талдау

I. Сонау төменде құлындай ғана болып бұлдырап Көкбесті көрінеді.

II. Сол жақтағы құз бен таудың аралығына алып мұнарға ұқсап Қарашоқы жаралыпты.

2. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Өрімдей жас жігіт Берік Қарашоқының шоқтығына атша мініп алыпты.

II. Ол бала бүркітше төңірегіне сұқтана қарайды

2. Дыбыстық талдау

I. бүркітше

II. Көкбесті

5-сынып Күні____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Қоңыр үйрек»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

23-24-бет, А. Хамзин, 104 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Ат суарып жатқанымда ғана үйректің қаңқ еткен дауысы шықты. Жалт қарасам, есік пен төрдей жерде балдырлы қарақоғаның арасында құйтақандай балапандарын ертіп, қоңыр үйрек жүзіп жүр екен.

- Көке, көке! Қоңыр үйректі қара, балапандарын шығарыпты. Тез келші, көрші! – деп айғай салдым.

Біз үйректің балапандарын едәуір тамашаладық. Көкем басымнан сипап тұрып:

- Анада сен жұмыртқаларын алсаң ғой, мына балапандар шықпаған болар еді. Көрдің бе, жан-жануар, құрт-құмырсқа, жәндік атаулының бәрі тіршілік үшін күреседі. Сен оларға жәрдемші, пана бола біл, балам, -деді үйрек жаққа қарап.

Қоңыр үйрек үрпек бас балапандарын ертіп, өзен бетін қақ жарып арғы жағалауға жүзіп бара жатты. Анда – санда біз жаққа мойын бұрып қаңқылдап қояды.

Жазылуы қиын сөздер: балдырлы, қарақоғаның, құйтақандай

Тапсырма:

1.Сөз құрамына талдау

I. Ат суарып жатқанымда ғана үйректің қаңқ еткен дауысы шықты.

II. Анада сен жұмыртқаларын алсаң ғой, мына балапандар шықпаған

болар еді.

2. Дыбыстық талдау

I. құйтақандай

II. үйректің

5-сынып Күні____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі Пән мұғалімі: Аманова Лаззат Шанбаевна

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Қайың»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Табиғатты қорғауға баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

37-38-бет, «Ол кім? Бұл не?» 104 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп.

Қайың – сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.

Ашық жерлерде қайың кейде жеке – дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет.

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

Жазылуы қиын сөздер:

Тапсырма:

1.Сөз құрамына талдау

I. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды.

II. Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді.

2. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді.

II. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

5-сынып Күні____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі Пән мұғалімі: Аманова Лаззат Шанбаевна

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Ақбота»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

30-31-бет, Т. Әубәкіров, 113 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Аулада ойнап жүр едік, екі аттылы адам бір үйір түйені қуалай айдап, мал қораға кіргізді. Қызық көріп қасына бардық. Түйелердің ішінде менің назарым ауғаны - боталы ақ інген. Інгеннің өзіне айнымай ұқсаған сүттей аппақ кішкене ботасы бар. Шудалары ақ жібектей желкілдеп, тұла бойын басқан аппақ ұлпа жүндері мақтадай үлбіреп тұр. Қап-қара мойылдай дөңгелек үлкен көздері жәудіреп, еріксіз қызықтырады. Әжемнің «Ой, ақ ботам» деп мені аймалайтыны есіме түсіп, мен де әжеме дәл осындай әдемі көрінем бе екен деп ойладым.

Түйелерден сескенгендіктен, ұмтыла жүгіріп баруға батылым жетпей тұр едім, ақ бота маған жақындап келіп, өзіндей бала екенімді сезіп ойнағысы келді ме, әйтеуір мойнын созып, мені иіскеледі. Сол сәттен бастап мен ақ ботаға бауыр басып кеттім.

Жазылуы қиын сөздер:

Тапсырма:

1. Сөз құрамына талдау

I. Інгеннің өзіне айнымай ұқсаған сүттей аппақ кішкене ботасы бар.

II. Сол сәттен бастап мен ақ ботаға бауыр басып кеттім.

2. Дыбыстық талдау

I. боталы

II. үлбіреп

5-сынып Күні____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі Пән мұғалімі: Аманова Лаззат Шанбаевна

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. « Сәмбі тал »

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

12-бет, О. Әбділдаев, 98 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Сәмбі талды інжу тал десе де болады. Бір түрлі мұңайып сізбен сырласқысы келетіндей. Мұңын шаққысы келетіндей. Сәмбі талдың тұқымы осында қалады. Ол сазды жерге бітеді. Көп жуандамайды. Әрі кетсе білектің жуандығындай болады. Бір тамырдан топтанып, шоқтанып алтау-жетеу, одан да көп шыбық тарайды. Жан-жағына көп бұтақ жаймайды. Сыптай болып түзу өседі. Өзі солқылдақ та иілгіш келеді. Киіз үйдің сүйегі осы сәмбі талдан жасалады.

Апыр-ай, табиғат ана шебер-ақ қой! Төрт түлік малдың қамымен көшіп-қонып жүрген қазаққа киіз үйдің сүйегіне арнап дап-дайын сәмбі талды өсіруін қарашы! Кереге, уық, шаңырақ дегендерге таптырмайды.

Жазылуы қиын сөздер: мұңайып, солқылдақ, көшіп-қонып

Тапсырма:

1.Сөз құрамына талдау

I. Бір тамырдан топтанып, шоқтанып алтау-жетеу, одан да көп шыбық

тарайды.

II.Төрт түлік малдың қамымен көшіп-қонып жүрген қазаққа киіз

үйдің сүйегіне арнап дап-дайын сәмбі талды өсіруін қарашы!

2. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Сәмбі талдың тұқымы осында қалады.

II. Киіз үйдің сүйегі осы сәмбі талдан жасалады.

5-сынып Күні_____________ Тексерілді____________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. « Кішіпейілділік »

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

17-бет, С. Бегалин, 102 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Көк қаршыға көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық одан көзін алмай, таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түрегелген тарғыл арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсі жерге тие керілді. Мойнындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып, тазы есікке қарай бет алды. Мысық зәресі ұшып Шоқанның артына қарай ығыстай берді.

- Қорықпа, тимейді,- деп, Шоқан Мысықты өзінің қатарына қарай ығыстырды. – Апатай, мына Мысыққа бауырсақ беріңізші,- деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке тілек айтты.

Жазылуы қиын сөздер: тарғыл, қарғылы

Тапсырма:

1.Сөз құрамына талдау

I. Көк қаршыға көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қойды.

II.Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық одан көзін алмай, таңданып әрі қорқып қарайды.

2. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Мысық зәресі ұшып Шоқанның артына қарай ығыстай берді.

II. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр.

Шығармашылық диктант

  1. Берілген тұрақты тіркестердің синонимдерін табыңдар.

Нәр сызбау, сөзге келу, езу тарту, жақ ашпау, бетінен оты шығу, жаны қуырдақ болу, көз тігу, аузына құм құйылу.

  1. Төмендегі сөздердің синонимдерін тұрақты тіркеспен беріңдер.

Бытырау, бүлдіру күшті, сыйлау, ынжық, молшылық әділдік, зұлымдық, шебер, олақ, тез.

Сөздік диктант

Жиһангер, шаһар, сапарнама, саясаткер, теледидар, олимпиада, автопортрет, энциклопедия, археология, сұхбат, сұхбаттасу, ғазиз, ғарышкер, дәстүр, мәслихат, мүсәпір, бәтеңке, кінәласу, кәмелет, кәмелеттік, дәрісхана, ғибрат, бейбақ, меймандос, иманшарт, абыройлы, әулие, уағда, атақ-абырой, тағдыр.

Төлқұжат, кеден, фирма, әкім, отағасы, отбасы, шағын аудан, ұшақ, нарықтық экономика, сазгер, әуежай, төраға, заңгер, ғарышкер, әнұран, үнтаспа, теледидар.

Тұрақты тіркестердің емлесі

  1. Фразеологизмнің құрамындағы сөздерді жеке-жеке сөз табына талдауға болмайды.

Мысалы:үш ұйықтаса түсіне кірмеу-үш-сан есім, ұйықтаса-етістік ...-қайтпеу-баяндауыш

  1. Оның құрамындағы сөздерді басқа сөзбен ауыстыруға болмайды.

Мысалы: ит өлген жер-мысық өлген жер

  1. Тұрақты тіркестер сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады.

Мысалы: Асыл ағасының алдында құрдай жорғалайды.-қайтті?-баяндауыш

Тапсырма1.

Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем ойлап жаз.

Қабырғаңмен кеңес, қой аузынан шөп алмайтын, жігері құм болды, жүрек жалғап алу, төбе шашы тік тұрды.

Тапсырма 2.

Тұрақты сөз тіркестерін көшір де,тұсына мағынасын жазыңдар.

Мағынасы

Арасынан қыл өтпейтін

Бармағын шайнау

Ит арқасы қиянда

Екі езуі екі құлағында

Жұлдызы қарсы

5-сынып Күні__________________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Ойтолғау

Табу

1. Оқушыларға табу сөздің емлесін мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3.Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге

тәрбиелеу;

дәстүрлі, жаңа сабақ

түсіндіру,жаттығу, ой жинақтау, сұрақ-жауап

әдебиет

кеспе қағаздар, кесте

оқулық

Сабақ барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау, оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Үйге тапсырманы сұрау.

88-жаттығу. Мәтінге ат қойыңдар.

Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып,жеке-жеке топтастырып жазыңдар.

Қайталау сұрақтары:

Омоним сөздер дегеніміз қандай сөздер?

Омоним мен көп мағыналы сөздердің айырмасы қандай?

Синоним дегеніміз не?

Антоним дегеніміз не?

Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздер табу деп аталады.

Табу сөздер көп халықтарда кездеседі.

Қазақ тіліндегі табу сөздердің тууына екі жағдай себеп болды:

  1. Ескі салт бойынша жаңа түскен келінге қайын жұртындағы туыстарының атын атауға тыйым салынған.

[pic]

М: қыз балаға-шырайлым, еркежан;

Қайнысына-мырза жігіт

  1. Ескі наным бойынша табиғатта адамға зиян келтіретін аңдар мен құбылыстардың,жұқпалы індеттердің атын атауға тыйым салынған.

М: Қасқырды-ұлыма деп атаған.

[pic] [pic]

Жаттығу жұмыстары

101-жаттығу. (ауызша) Мәтіндегі өзгеше қолданыстарды тауып, табу екенін дәлелдеңдер.

Үлгі: табу сөздер:Аюбай, ...

103-жаттығу. Қарамен берілген сөздердің табуға жататын,жатпайтынын байқап көріңдер.

Бекіту

Үйге тапсырма

102-жаттығу. Тыйым сөздерді жаттап алыңдар.

Олардың табуға жататын, жатпайтынын дәлелдеңдер.

Бағалау

Күні _______________

Тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты: білімділік: Тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды таныта отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау, еркін сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін,

таным-түсінігін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

тәрбиелік: Ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу, ой жинақтау;

Сабақтың түрі: Тіл дамыту

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

Үй тапсырма

«Қырық өтірік» ертегісі бойынша өтірік өлең құрастыру, сурет салу.

Тіл мәдениетіне қандай талаптар қойылады деп ойлайсыңдар?

Ойын жүйелі жеткізу;

Сауатты сөйлеу;

Әдеби көркем тілде сөйлеу;

Сөзді орнымен қолдану;

Дәлелді сөйлеу;

1.Қызығушылықты ояту.

Балалар, бүгінгі тіл ұстарту сабағымыздың тақырыбы «Шын достық» деп аталады.

Ендеше осы тіркестің мағынасын қалай түсінеміз?

(Оқушылардың ойларын тыңдау)

2.Топтастыру

ақыл беру

қиындықта қол ұшын беру

кемшілікті бетке айту сыр сақтау

3.Жалғасын тап» ойыны

(Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын ашу)

1. Дос жылатып айтады, ...

2. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, ...

3. Досы көпті жау алмайды, ...

4. Жүз сом ақшаң болғанша, ...

5. Ағаш тамырымен мықты, ...

4. Өздері білетін мақал-мәтел, өлең шумақтарын тыңдау.

5. Ойтолғау

Тақтада берілген тірек сөздерді қатыстырып, ойтолғау жазыңдар.

Тірек сөздер: Жолдас. қиыншылық, ақылшы, адамгершілік

(Бес-алты оқушының ойтолғауын оқыту)

Үй тапсырмасы

1. Достық, жолдастық жайлы 10 мақал-мәтел жаттау

2. Өлең шумағын аяқтау, достық тақырыбында бір шумақ өлең құрастыру

Көп болса досың өмірде,

Жүзің жарқын, көңіл де, ...

1. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын ашу

1. Дос жылатып айтады, ...

2. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, ...

3. Досы көпті жау алмайды, ...

4. Жүз сом ақшаң болғанша, ...

5. Ағаш тамырымен мықты, ...

2. Өздерңі білетін мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Жаттығу

5-сынып Күні__________________

Қазақ тілі Пән мұғалімі: Аманова Лаззат Шанбаевна

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Жайлауда»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

34-бет, О. Әбділдаев, 100 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Бұлар кеше жайлауға көшіп келген. Қойды тауға қарай үшеулеп айдады. Атасы, өзі және Есен. Туыстарының баласы Есен бір сынып жоғары оқиды. Екеуі сырлас. Осы қонысқа жеткенше Есеннің аузы бір босамады. Қалың шалғынға малтығып, қой-қозылар жүрмейді. Қоныс қарасы көрінген кезде, атасы алға озған.

Есен атасы кеткен соң, аттан қарғып түсті. Көк шалғынға аунады. Аузы жайлау қызығын суреттеуден тынбады. Арқар, елігін айтты. Осыдан кейін ол көзін күннен қалқалады. Таудың ұшар басына таңырқай қарап қалыпты. Айнала долана, шетен, ұшқат, тобылғы. Сонау бір құжыр таста найза бас рауғаш сораяды. Оны көргенде Есеннің көзі жайнап сала берді.

Жазылуы қиын сөздер: рауғаш, долана, шетен, ұшқат, тобылғы

Тапсырма:

1.Мәтіннен омоним, синоним, антоним болатын сөздерді табу

2. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Бұлар кеше жайлауға көшіп келген.

II. Аузы жайлау қызығын суреттеуден тынбады.

5-сынып Күні__________________

Қазақ тілі Пән мұғалімі: Аманова Лаззат Шанбаевна

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Жол»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

М.С.Атабаева «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (Қазақ мектептерінің 5-9-сыныптарына арналған) Алматы «Білім», 2006 жыл.

38-бет, 103 сөз.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктант жазуға дайындау.

Ала жіптей шұбалған жолменқорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін көкке шашқан асау өзен қалды.

Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам – Бөрібай.

Қасындағысы- оның кенже ұлы Бөкен, құлағы қалқиған, қалақ бас сары бала. Биыл төртінші сыныпты бітіріп, жайлаудағы нағашысына келе жатқан беті. Аузы аңқиып, еміне түсіп, жол қызығын баққанына екі сағаттан асқан. Әлі жалығар емес, бәрі таңсық. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын керегетастардан да, қалың ну, қау жыныстың мүлгіген тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден гүлге қонып, әу-дем жерге дейін шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да әлдебір сыр түйіп, ой аңғаратындай.

Жазылуы қиын сөздер: қағілез, андағайлап, керегетастардан

Тапсырма:

1.Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылатын сөздерді табу.

2. Сөз құрамына талдау

I. Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді.

II. Биыл төртінші сыныпты бітіріп, жайлаудағы нағашысына келе

жатқан беті.

Күні _______________

Тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

40-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

Жыршы-

Жібек жіп-

Кесте-

Шешен-

Даугер-

Емле оқу.

Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату

Мәтін ұқсастықтары Сөз

б) Жаңа сабақ

( Балалар тақтадағы мысалдарды оқып,өздерінше қайталанып тұрған сөздің қайсысы тура мағынада тұрғандығын тауып көреді .)

Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен

Көздің жасы-тура мағына

Жас адам-ауыспалы мағына

Жасы үлкен-ауыспалы мағына

в) Жаттығу жұмыстары

41-жаттығу. ІІ тапсырма. Берілген сөздердің тура ж/е ауыспалы мағыналарын тауып жазыңдар.

ІІІ тапсырма. Берілген сөздердің деректі,дерексіз екенін табыңдар.

Үлгі:

42-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз бен сөз тіркестерін тауып,астын сызыңдар.

Үлгі: сөздің патшасы

Графикалық диктант

тура

ауыс

палы

қисық мінез жақсы бала ақ көңіл терең су қара ниет

Венн диаграммасы

Тура мағына Ауыспалы мағына

Үйге тапсырма

44-жаттығу. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

Тура мағына ауыспалы мағына

Жақсы адам, ... жақсы ой, ...

Қалаған үш тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.

Күні _______________

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға сөз деген ұғым мен оның мағынасын түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсы деген немене,

Жаман деген немене» (ойтолғау)

Қайталау сұрақтары:

Сөз дегеніміз не?

Мәтін деген не?

б) Жаңа сабақ

Лексика-белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.

Ой шақыру. «Сөз» деген сөзге оқушылар өздерінше анықтама беріп көреді.

(Кластер толтырылады.)

құбылыс аты заттың түрі-түсі

заттың аты

заттың саны

дыбыстан құралады қимыл-әрекет аты

в) Жаттығу жұмыстары

29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек жазыңдар.

Толық мағыналы сөз Мағынасы толық емес сөз

Дүние, ... Үшін, ...

30-жаттығу. Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар.

«Сөз тапқыш» ойыны.

«Естелік» сөзінен кім көп әрі жылдам сөз құрап жазады?

Үлгі: ес, елік, тесік, ...

г) Бекіту

«Бес жолды өлең» стратегиясы

1.Зат есім-Сөз

2.Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем

5.Зат есім

д) Үйге тапсырма

32-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағынасын анықтаңдар.

Әр сөз қай формада екенін,қай сөз табы екенін дәлелдеңдер.

Үлгі: Адамның-қосымшалы түбір сөз, зат есім

35-жаттығу.Жасыл,әсемпаз, үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, бірнеше мағыналы сөз құраңдар.

е) Бағалау

Күні _______________

Тақырыбы: Сөздің негізі-лексикалық мағынасы. Сөздердің сөйлемдегі өзара қатынасы-грамматикалық мағынасы . 2 сағат

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға сөздің лексикалық, грамматикалық мағынасы болатынын түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

32-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағынасын анықтаңдар.

Әр сөз қай формада екенін,қай сөз табы екенін дәлелдеңдер.

35-жаттығу.Жасыл,әсемпаз, үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, бірнеше мағыналы сөз құраңдар.

Емле оқу.

Қайталау сұрақтары:

Сөз дегеніміз не?

Мәтін деген не?

б) Жаңа сабақ

Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп,бірде жоғалып, бірде жаңарып отырады.Сөздің лексикалық мағынасы,олардың өзгеру сипаты қазақ тілінің түсіндірме, этимологиялық сөздіктерінде ашылып отырады.

М: қыз-қырқын-қыздар деген мағынаны білдіреді. Қырқын-көне түркі тайпалар тілінде күң қыз деген мағынаны білдірген.

Көкпар-көк және бөрі сөздерінің бірігуінен жасалған.

в) Жаттығу жұмыстары

36-жаттығу. Күнделікті өмірде қолданылып жүрген барлық сөздердің мағынасын білесіңдер ме?

Бес мағынасын түсінетін,бес мағынасын түсінбейтін сөздер жазыңдар.

Үлгі:

39-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар.

Зерек ес-

Ойлау-

Ақыл-

«Қабілет» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Үлгі:

Қ-қатаң дауыссыз

А-жуан,ашық,еріндік дауысты

Б-ұяң дауыссыз

І-жіңішке,қысаң,езулік дауысты

Л-үнді дауыссыз

Е-жіңішке,ашық,езулік дауысты

Т-қатаң дауыссыз

37-жаттығу. Мәтіндегі сөз тағдыры туралы айтылған ойды таратып, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Сөздің сәби боп тууы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Сөз қалай ер жетеді?

  3. Сөздің қартаюы,өлуі мүмкін бе?

  4. Қартайып барып,қайта жасарған қандай сөздерді білесіңдер?

Мешіт, намаз, қыркүйек

«Кім жылдам? » ойыны.

Ойдан он мағынасы бар,он мағынасы жоқ сөз жазыңдар.

Үлгі:

г) Бекіту

Лексика саласы нені зерттейді?

Сөз деген не?

Сөз неден тұрады?

д) Үйге тапсырма

Берілген тірек сөздерді қатыстырып, мәтін құраңдар. Мәтіндеріңе ат қойыңдар.

Жолдас, адал, қиындық, сыр,қателік

40-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

Жыршы-

Жібек жіп-

Кесте-

Шешен-

Даугер-

е) Бағалау

Күні _______________

Тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

40-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

Жыршы-

Жібек жіп-

Кесте-

Шешен-

Даугер-

Емле оқу.

Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату

Мәтін ұқсастықтары Сөз

б) Жаңа сабақ

( Балалар тақтадағы мысалдарды оқып,өздерінше қайталанып тұрған сөздің қайсысы тура мағынада тұрғандығын тауып көреді .)

Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен

Көздің жасы-тура мағына

Жас адам-ауыспалы мағына

Жасы үлкен-ауыспалы мағына

в) Жаттығу жұмыстары

41-жаттығу. ІІ тапсырма. Берілген сөздердің тура ж/е ауыспалы мағыналарын тауып жазыңдар.

ІІІ тапсырма. Берілген сөздердің деректі,дерексіз екенін табыңдар.

Үлгі:

42-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз бен сөз тіркестерін тауып,астын сызыңдар.

Үлгі: сөздің патшасы

Графикалық диктант

тура

ауыс

палы

қисық мінез жақсы бала ақ көңіл терең су қара ниет

г) Бекіту

Венн диаграммасы

Тура мағына Ауыспалы мағына

д) Үйге тапсырма

44-жаттығу. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

Тура мағына ауыспалы мағына

Жақсы адам, ... жақсы ой, ...

Қалаған үш тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.

Күні _______________

Тақырыбы: Мәтін туралы түсінік

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға мәтін,оның өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп, мәтіндермен жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

13-жаттығу.Тыйым сөздерді қатесіз көшіріп жазып,жаттап алыңдар.

Тіл,сөз туралы сөзжұмбақ құрастырыңдар.

Қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

б) Жаңа сабақ

байланысу

бірігу

Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.

Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады,сипатталады, дәлелденеді.

Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, ережелер, әңгімелер мен сөйлесулер жатады.

(Интерактивті тақтадағы сурет пен мәтінге назар аударту)

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70 – 80 кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.

[pic]

(Оқушыларға мәтіннің тақырыбын, неше абзацтан тұратынын,әр абзац қанша сөйлемнен тұратындығын талдату)

Жаттығу жұмыстары

.

16-жаттығу. Берілген сөйлемдер жиынтығын мәтін деуге келе ме? Қанша сөйлемнен құралған? Сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан байланыса ма? (ауызша)

17-жаттығу. Мәтінге тақырып қойыңдар.

Тірек сөздерді табыңдар.

Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма, әлде ғылыми шығарма ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.

Тірек сөздер: хан, жыл қайыру, Іле өзені, хайуандар ...

«Кім сөз жасай алады?» ойыны

Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар.

  1. п,а,ұ,қ,р 2) ж,ң,а,р,ы,б 3) б,қ,ы,а,т 4) ы,с,р,а,м,қ 5) е,б,ң,е,к

Бекіту

тақырыбы боладысөзден,сөйлемнен тұрады

мазмұндары абзацтардан тұрады

түрлі болады

Үйге тапсырма

18-жаттығу.Мәтін қанша абзацтан тұратынын айтыңдар. Тірек сөздерді табыңдар.

2,3-абзацтарды көшіріп жазыңдар.

17-жаттығуда берілген мәтіннің авторы (М.Қашғари) туралы деректер біліп келіңдер.

Күні _______________

Тақырыбы: Ауызекі сөйлеуге қатысты мәтіндер, тақырыптық ерекшеліктер

Мақсаты: білімділік: Оқушылардың мәтін бойынша алған білімдерін жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы тереңдету;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:, жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі,ойын сабақ

Сабақ типі: бекіту сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру

18-жаттығу.Мәтін қанша абзацтан тұратынын айтыңдар. Тірек сөздерді табыңдар.

2,3-абзацтарды көшіріп жазыңдар.

17-жаттығуда берілген мәтіннің авторы (М.Қашғари) туралы деректер біліп келіңдер.

Қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

3. Мәтін деген не?

4. Мәтіннің ерекшеліктерін ата

Жаттығу жұмыстары

19-жаттығу. Мәтінді оқып,автордың не туралы әңгімелегенін айтыңдар.

Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті?

«Ойлан,тап» ойыны

Мәтіндегі түсінігі қиын сөздермен жұмыс. Сөздерге мағыналас сөздер табыңдар.

Насихат-

Мансапқорлық-

Озбырлық-

21-жаттығу. Көшіріп жазыңдар. Мәтінге ат қойып көріңдер.

Суретпен жұмыс

Суретке қарап шағын мәтін құрастырып көріңдер. Мәтіндеріңе ат қойыңдар [pic]

Бекіту

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей тапсырмасы. Мәтін неше абзац, әр абзацтың неше сөйлемнен тұратынын талдаңдар.

Мәншүк Ұлы Отан соғысында ерекше ерлігімен көзге түсті. Ол жаудан қорқу,сескену дегенді білмейді. Жалғыз өзі талай рет жаумен шайқасты.

Сұрапыл соғыс күні-түні жүріп жатты. Мәншүк үш пулеметті қатарлап қойды. Фашистер жапырлай оққа ұшып жатыр.Жау гранаты оның аяғын жаралады. Ол жарасын таңып алды да, қайтадан пулеметіне жармасты.

ІІ деңгей тапсырмасы. Мәтінеге ат қойыңдар.І абзацтағы сөйлемдерден зат есімдерді тауып жазыңдар.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Мәтінге сай ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдерді жатқа жазыңдар.

Үйге тапсырма

20-жаттығу. Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

Әдеби тілге жатпайтын сөздерді теріп жазыңдар.

«Шоқан мен әжесі» деген мәтінмен салыстырып (19-жаттығу), ондағы кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін анықтап көріңдер.

Бағалау

Күні _______________

Тақырыбы: Жазбаша мәтін. Тақырыбы,идеясы. Ойдың берілу тәсілдері.

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға мәтін, оның тақырыбы мен идеясы туралы түсіндіріп, мәтіндермен жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау,деңгейлік оқыту

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

Үй тапсырмасын тексеру

20-жаттығу. Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

Әдеби тілге жатпайтын сөздерді теріп жазыңдар.

«Шоқан мен әжесі» деген мәтінмен салыстырып (19-жаттығу), ондағы кейіпкерлердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін анықтап көріңдер.

Қайталау сұрақтары:

1.Әдеби тіл дегеніміз қандай тіл?

2.Оның қандай түрлері бар?

3.Мәтін деген не? Оның формалары

Жаңа сабақ

Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді.

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой мен идея арқылы да бірігеді.Яғни мәтіндегі негізгі ойды қандай мәселеге баса назар аударылады, неге үйретеді деген жайлар анықталады. Негізгі ой мен тақырып мәтінінің өн бойынан ажырамас бірлікте көрініп, ашылады.

Жаттығу жұмыстары

23-жаттығу. Мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңдар.

Тақырыбы-

Идеясы-

Мәтінге ат қойыңдар.

25-жаттығу. Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар.

Осыдан шыққан мәтінге ат қойыңдар.

Үлгі:

Қызыл арай кешкі шақ,

Құп, атажан, жүгіріп,

Деді, кетті жүгіріп,

Байғасқаны ертіп ап.

Қозыларға барайын,

Күркесіне иіріп,

Қарайын да санайын

Атасы мәз боп тұр күліп.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей тапсырмасы. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.

Бас кеспек болса да, ...

Бал тамған тілден ...

Көп сөз –күміс, ...

ІІ деңгей тапсырмасы. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» (Ғ. Мүсірепов)

Автордың ойын өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер.

ІІІ деңгей тапсырмасы. Б.Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып,бес-алты сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар.

27-жаттығу. Өлеңде берілген автордың ойын қара сөзбен жеткізіп,мәтін құрастырыңдар.

Өлең жолдарынан есімдіктерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі: сенің-ілік септігі, кімнің?

Есімдіктің емлесін еске түсіру

Бекіту

«Жәрмеңке» ойыны.

Көрмедегі қалаған затын оқушы білімімен сатып алады.

Олар: дәптер, көрпеше, сызғыш, қалам, альбом

  1. Әдеби тіл деген не?

  2. Әдеби тілдің формаларын ата

  3. Мәтін деген не?

  4. Мәтіннің ерекшеліктері қандай?

  5. Мәтіннің тақырыбы деген не?

Үйге тапсырма

24-жаттығу.Суреттер топтамасындағы 26-суретке қарап, байқағандарыңды әңгімелеңдер. Жазбаша мәтін құрап,ат қойыңдар.

Сынақ тапсырмасы. Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрастырыңдар.

5-сынып Күні__________________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мәтін

ІІІ. Ойтолғау

Диктант. «Бөгенбай батыр»

1. Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру;

2. Білім дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Елдің тарихын, ерлікті, елдікті қадірлей білуге шақыру.

Білімді сынау, дәстүрлі

Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Әдебиет, тарих, география

Қиын сөздерді тақтаға жазу

З. Бейсенбаев, Ғ. Жексемәлиев құрастырған «Диктанттар жинағынан» алынды. 11-12 беттер, 119 сөз. Алматы «Рауан» 1998 жыл.

Сабақтың барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау.

2. Оқушыларды диктантқа дайындау.

Бөгенбай – қазақ халқының атақты батыры. 1709 жылғы бір соғыста Бөгенбай ерекше көзге түседі. Содан кейін Әбілқайыр сұлтан - ел басы, Бөгенбай батыр қол басы болып тағайындалады. Кезекті бір шайқаста ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді. Содан 1723 жылға дейін жоңғарлар соғысқа шықпайды. Онан кейін 13 жылдай уақыт өтеді. Жоңғарлар тыныш жатқан қазақ еліне шабуыл жасайды. Олар Жетісу, Шу, Талас өңірлерін басып алады.

Бөгенбай батыр халықтан жасақ жинайды. Қару-жарақ жасатады. 1728 жылы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Бұланты өзені бойында жауға қатты соққы беріліп, Бөгенбай батыр жеңіске жетеді. Ол 98 жасында қайтыс болады.

Батырдың мәйітін Абылай хан тұз ерітіп құйғызып, сыртынан ақ киізбен қаптатып, Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіне жерлеуге жарлық етіпті. Аты ұранға айналған батыр Бөгенбай елу жылдай қол бастады. («Қазақ халқының қаһармандары» атты кітаптан.)

Жазылуы қиын сөздер: тоңазитын, кәмшат

Тапсырма:

  1. Дыбыстық талдау

I.Әбілқайыр

II. Түркістан

  1. Сөз құрамына талдау

I. Кезекті бір шайқаста ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді.

II. Аты ұранға айналған батыр Бөгенбай елу жылдай қол бастады.

3. Сөйлем мүшесіне талдау

I. Бөгенбай батыр халықтан жасақ жинайды.

II. Жоңғарлар тыныш жатқан қазақ еліне шабуыл жасайды.

5-сынып Күні__________________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Ойтолғау

Ауызша және жазбаша тіл

1. Ауызша тіл мен жазбаша тіл туралы мәлімет беру;

2.Оқушылардың теориялық білімдерін, ой-өрісін, тілін,түрлі жаттығу жұмыстары арқылы дамыту;

3. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, ойын еркін жеткізуге, мәдениеттілікке, ана тілін сүйе білуге тәрбиелеу;

дәстүрлі, жаңа сабақ

әңгімелесу,талдау, сұрақ-жауап

әдебиет, тарих

кеспе қағаздар, кесте

оқулық

Сабақ барысы

1. Амандасу, жоқтама жасау, оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Үйге тапсырманы сұрау.

Ана тілі жайында дәптерге үш мақал-мәтел, бір шумақ өлең немесе даналық сөз тауып жазу.

Қайталау сұрақтары:

  1. Тілдің атқаратын қызметтерін атап беріп,мысалмен дәлелдеңдер.

  2. Ана тілі дегеніміз не?

Әдеби тіл-күнделікті ауызекі сөйлеу түрінен жоғары тұратын көркем тіл. Ол -сол халықтың бәріне ортақ түсінікті тіл.

(Интерактивті тақтада мәтін беріледі. Мұғалім екі мәтінді оқиды.)

І.Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше,ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де күн сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын.Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі өзгермеген,ана жүрегіндей айнымас жыр. (М.Әуезов.)

ІІ. ... Бір уақытта бай бәйбішесін оятады.

-Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез! Уақытымен асымызды жегізбеді ғой ит!-дейді.

... –Қазы орнына шандыр бердің, май орнына тезек бердің, алжыған!..-деп ,аяқпен кемпірін бір тебеді.

Кемпірінң басы жарылып, ойбайлап қалады.

Екі мәтіннің қайсысын әдеби тілге жатқызуға болады?

(Оқушылардың пікірлері тыңдалады.)

тұрпайы сөздер

диалект сөздер орысша сөзді араластырып сөйлеу

былапыт сөздер

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді:

Ауызша тіл Жазбаша тіл

(баланың ата-анасыменәңгімелесуі)

(газет-журналдарды, кітап оқу)

5-жаттығу.Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар.

Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.

6-жаттығу. Мәнерлеп оқып, екі жаттығудың пікірінде қандай ортақ ой

бар екенін айтыңдар.

«Адасқан сөздер» ойыны

Мақалдардағы берілген көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

  1. Еңбек пен бақыт- ...

  2. Күш-...,

Білім-кітапта.

3.Айтылған сөз- ... оқ.

4. Ер-намысының ...

Керекті сөздер: құлы, егіз, атылған,білімде

ауызша тіл ұқсатығы жазбаша тіл

Үйге тапсырма

7-жаттығу.Мәтінді қатесіз көшіріпжазу.

Тіл, сөз туралы 2-3 мақал жазу.

8-жаттығу. Берілген пікірлерден бір ұнағанын жаттау.

5-сынып Күні__________________

Қазақ тілі Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:

Сабақтың түрі, типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілік:

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. Ойтолғау

Ана тілінің қызметі

1.Оқушыларға ана тілі,оның қызметі, оның қоғамдағы рөлі туралы мәлімет беру;

2.Оқушылардың теориялық білімдерін, ой-өрісін, тілін,түрлі жаттығу жұмыстары арқылы дамыту;

3. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, ойын еркін жеткізуге, мәдениеттілікке, ана тілін сүйе білуге тәрбиелеу;

дәстүрлі, жаңа сабақ

әңгімелесу,талдау, сұрақ-жауап

әдебиет, тарих

кеспе қағаздар, кесте

оқулық

Сабақ барысы:

1. Амандасу, жоқтама жасау, оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Үйге тапсырманы сұрау.

Оқушылардың ойы тыңдалады

ой жеткіземіз

тарихымызды танимыз

адамның ойын түсінеміз.

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.

коммуникативтік қызметі экспрессивтік қызмет

қоғам мүшелерінің қарым-қатынас ойды жарыққа шығар

жасау тәсілдері және ойды қабылдау жолдары

танымдық қызмет

сезім мен эмоцияны жеткізу мүмкіндігі

Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адам-дардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзін-де шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу.Мәтінді оқып, мазмұндау.

А.Байтұрсыновтың пікірінше, жаза білудің пайдасы бар ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.

(Оқушылар ойларын дәләлдеп жазады)

Үлгі: Жаза білудің пайдасы бар,себебі ...

3-жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.

Баланың әке өсиетін бірден түсінбеу себебі неде деп ойлайсыңдар?

(Оқушы пікірлерін тыңдау)

Үйге тапсырма

2-жаттығу. Ана тілі жайында дәптерге үш мақал-мәтел, бір шумақ өлең немесе даналық сөз тауып жазу,альбом жасау