«Бала би » курсы
Курстың мазмұны мен құрылымын
жасаған авторы
« Макинск № 5 орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Насретхан Лаура
«Бала би » курсы бойынша түсінік хат
ЖОСПАР
Алғы сөз.
Мақсаты мен міндеті
Курстың міндеті
Курстың мазмұны.
Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
Түсінік хат
«Бала би» таңдаулы курсы халқымыздың дүниетанымы, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, философиясын тұтастай қамтиды. Көркем сөздің хас шеберлері, қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, көсем сөздің мәнін терең ұғындырарлық пән болып саналады. Әсем де әсерлі сөйлеуге тырысқан халқымыздың сан ғасырлық жолын пікірсайысын дебат қолданбалы курсында жалғастырылады, жан-жақты сан қырын танытады.
Мақсаты
«Бала би » курсының негізгі мақсаты:
– оқушыларға шешендік өнердің құдіреті мен мәнін, маңызын, әйгілі шешендердің өнері мен мұраларын үлгі ету;
– әдемі, мәнерлі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;
– Сөз қадірін ұғынуға, сөз астарын дұрыс түсінуге үйрету;
-Оқушылар шешендік өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
-Әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту;
-Ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету;
-Кітап оқуға деген ынтасын арттыру;
-Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа шыңдау.
Курстың міндеттері
-Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
-Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау
-Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету
-Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
-Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
-Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Курстың мазмұны
«Бала би » курсы жалпы сағат саны – 36 сағат. Оқытуда мынадай мәселелер қарастырылады:
– шешендік өнер деген не, шешендік өнер туралы түсінік;
– шешендік өнер түрлері;
- шешендірдің тапқырлығы, қиыннан қиыстырып жол табулары;
- пікірталас туралы түсінік;
- дебат туралы түсінік;
- дебат ережелері;
- әртүрлі тақырыпта өз ойларын толық жеткізе алу;
- тілдерін әдемі, мәнерлі, шешен сөйлеу
- тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті туралы еңбектер негіздерімен таныстырады. Жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, сөйлеудің, ой мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. Жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, сөйлеудің, ой мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретіледі.
Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар:
– мәнерлі, астарлы, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
– сөз өнерінің мәнін жете түсіну;
– өз ой-пікірлерін көп алдында тиянақты да нақты жеткізе білу;
– ұлттық құндылықты бағалай білу;
– берілген тапсырманы міндетті түрде орындау.
№
Тақырыптары
Сағат саны
Мерзімі
1
Бала би тобын құру
1
2
Бала би тобының мақсаты мен міндеттері
1
3
Дебат деген ?
1
4
Дебаттың ережесі
1
5
Сөйлеу әдебі
1
6
Шешендікке баулу
1
7
Шешендіктің шарттары
1
8
Қазақтың би- шешендері
1
9
Шешендердің тапқырлығы
1
10
Дебат тақырыптарын таныстыру
1
11
Білім- қазына
1
12
Ұялы телефонның пайдас мен зияны
1
13
Оқуға жаяу барған дұрыс па көлікпен бе?
1
14
Киім кию әдебі
1
13
Ата- ананы құрметтеу парыз
1
16
Адам болам десеңіз
1
17
Мен жастарға сенемін
1
18
Заман өзгерді ма, әлде адамдар өзгерді ма?
1
19
Иманды болуға бола ма?
1
20
Мамандықтың бәрі жақсы
1
21
Біз патриотпыз ба?
1
22
Семіздіктің пайдасы мен зияны бола ма?
1
23
Интернеттің пайдасы мен зияны
1
24
Қазіргі заман жастарының тәрбиесі қандай?
1
25
Әдептілік ар ұр-ұят адамдықтың белгісі
1
26
Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй
1
27
Өнердің пайдасы мен зияны
1
28
Жаман әдеттен сақтантануға бола ма әлде жоқ па?
1
29
Бақыт өз қолыңда
1
30
Үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу керек па, жоқ па?
1
31
Қазақ тілінің қазіргі жағдайы қандай?
1
32
Ұлттық салт – дәстүр қасиеті
1
33
Шешен бола алам ба?
1
34
Біз бақытты баламыз!
1