Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала.
Мақсаты:1.Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2.Дамытушылық : алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту,
3.Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында ,қаламызды сүюге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, мәтін, слайдтар, ән айту, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Эпиграф:Астана –жаңа қала,арман қала.....
Барысы:
1.Ұйымдастыру
2.»Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу
3.Астана туралы фотоальбом көру
4.Мәтінмен жұмыс
5.Сөздік жұмысы.
6.Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырма
7. «Шын немесе жалған»
8.Сергіту сәті
9 Қорытындылау: Бес жолды өлең
10Үйге тапсырма
11.Бағалау
І.Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Әнұран айту.
-Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыныздар.
-Бүгін нешесе? Аптаның қай күні?
ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу.Бүгінгі сабақ,балалар,ерекше сабақ. Ал сабақтың тақырыбын ашу үшін,сөзжұмбақты шешеміз. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.
Сонымен,балалар қаңдай сөз шықты? – А с т а н а
ІІІ. Aстана — фотоальбом көру.
Астана десе ойыңызға не түседі?
-
Қаланы аралап көргілерің келе ме?
-
Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласына саяхат жасайық.
Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтыру
IV.Мәтінмен жұмыс :а)мәнерлеп оқу, аудару.
Астана – жас қала
Астана – Қазақстанның жаңа астанасы.ол Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан.Оның жазы салқын,қысы суық. Онда өндіріс орындары көп.Қала үлкен, әдемі.Жаңа, әдемі ғимараттары, ықшамаудандары салынып жатыр.
Астанаға қонақтар көп келеді.
V Сөздік жұмысы:
орналасқан-расположен
өндіріс- промышленность
ғимарат-здание
ықшамаудан – микрорайон
қонақ - гость
Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.Тақтада жазу.
«Ой қорыту» - 7 сұрақ
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан? 3.Оның жазы,қысы қандай? 4. Онда нелер көп? .
5. Қала қандай?
6. Қалада нелер салынып жатыр?
7. Астанаға кімдер көп келеді?
VI Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар
III – деңгей:
1-тапсырма: сөздерді қазақ тіліне аударып,сөз тіркесін тап.
новая столица ғимараттар
расположен қонақтар
промышленность орналасқан
здания жаңа астана
гости кәсіпорын
II- деңгей:
2-тапсырма: Дұрыс сөйлем құра:
1. Астана, қала, жас.
2. Астана, облысында, орналасқан,Ақмола.
3. Астанада,орындары,көп,өндіріс.
4. Астанаға, қонақтар, келеді,көп.
I – деңгей:
«Астана» туралы әңгіме құрастыр
Грамматикалық материал: Қайталау
1. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап шығыңдар. Бір сөзді септеңдер.
2. Тәуелдік жалғауларын айтып беріңдер. Мысал келтір:….
Тапсырма : Мына сөздерді септе:(Топтық жұмыс).
1 топ: үй, автобус. 2 топ: кітап, сөмке.
2.тапсырма:Мына сөздерді тәуелде:
1 топ: 2 топ:
Отан, ел Астана, жер
VII. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Көкшетау ( ... ).
2.Астана – болашағы үлкен қала ( ... ).
3.Менің қалам онша үлкен емес, бірақ өте әдемі ( ... ).
4.Қалаға көп қонақтар келмейді ( ... ).
5.Мен Көкшетау қаласында тұрамын ( ... ).
VIII.Сергіту сәті:
Оң жаққа, оң жаққа Алға бір адым басамыз,
Сол жаққа, сол жаққа. Артқа бір адым басамыз,
Биікке қараймыз, Орнымызды табамыз.
Төменге қараймыз.
IX.Сабақтың соңы:
1. Қорыту: Бес жолды өлең құрастыру:
1. 1 зат есім: Астана.
2. 2 сын есім: әдемі,жаңа
3. 3 етістік: гүлденеді,дамиды,өзгереді
4. 4 сөзді сөйлем: Астана- жаңа жас қала
5. синонимін табу: Елорда.
X. Дәптерімізді ашамыз,үй жұмысын жазамыз:
1.Үйге: «Астана» мәтінін мазмұндау,
2.альбом жасау;
XI.Баға қою
[pic]
[pic]