САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: «Суды қадірлейік»
Сабақ мақсаты: Оқушылар су туралы білімдерін толықтырады, судың қажеттілігін, адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алып, су қорын үнемдеп, қорғауға үйренеді
Сабақ міндеттері: Оқушылардың су туралы білімдерін толықтырып, судың қажеттілігін, адам өміріндегі маңызын түсініп, су қорын үнемдеп, қорғау туралы мәлімет алып түсінгенін әңгімелеп беруіне қолдау көрсету
Күтілетін нәтиже: 1. Мәтінмен жұмыс жасап, жоба жасап, қорғай алады
2.Сөздікпен жұмыс жасап, еске сақтап,сөздік қорын молайтады
3. Топпен бейнетаспа көру арқылы жаңа тақырыппен танысып, қойылған сұрақтарға жауаптарын айтады
4. Грамматикалық тапсырмаларды орындап, сөз таптарын еске түсіреді
5 Топпен жұмыс жасап, өз ойларын айтып дәлелдеуді үйренді
6. «Бурабайдың» бүгінгі жай-күйі туралы мәселені көтере алады
Көрнекі, техникалық құралдар: Слайд-презентация, интер.тақта, бейнетаспа, бағалау парақшалары, түрлі бояулар, флипчарт, жазба парақшалар
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1 мин.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушылар сәлемдеседі
2 мин
Топқа бөлу кезеңі
Мұғалім оқушыларды «Өзендер, көлдер деген сөздермен» 2 топқа бөледі (әріп қиындыларымен сөз құрайды)
Оқушылар «Өзендер, көлдер сөздерімен» 2 топқа бөлінеді
1 мин
Бағалау парағы
Мұғалім оқушыларға бағалау парағын таратады
Оқушылар бағалау парағын толтырады
6 мин
Үй тапсырмасы
«Өзендер», «Көлдер» туралы дайындап келген мәліметтерімен таныстырып шығу
Топпен үй тапсырмасын, «Өзендер», «Көлдер» туралы дайындап келген мәліметтерімен таныстырып шығады
3 мин
Жаңа тақырып Ой шақыру
Су, су тапшылығы туралы бейнетаспа көрсетеді. Соған қарап отырып, тақырыпты ашу
Оқушылар топпен бейнетаспа көру арқылы жаңа тақырыппен танысып, қойылған сұрақтарға жауаптарын айтады, өз ойларын қосады
2 мин
Психологиялық жағдай жасау
"Шаттық шеңбері"
Мұғалім балаларға сәттілік тілейді
Балалар "шаттық шеңберінде" тұрып топтық жұмыс алдында бір- біріне тілек білдіреді
3 мин
Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздер:
Жолаушыға – путнику
Пайдалану – пользоваться
Қылмыс – преступление
Қажеттілік – необходимость
Сақтау – сохранить
Төмендетпеу – не снижать
Бүкілхалықтық – общенародный
Тиімді – эффективный Құдық- колодец
Оқушылар топпен сөздерді оқиды, қайталайды, ауызша сөз тіркесін, жай сөйлемдер құрастырады
8 мин
Топтық жұмыс
Мұғалім әр топтың топбасшыларына тапсырма таңдатады.(Күй ойналады) 1-тапсырма. 1 топ. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын суреттеп қағазға түсіру, қазіргі өмірмен байланыстыру 2 топ. Мәтінге жоба құрастырады; оқушылар судың рөліне еніп, өтініш білдіреді
Әр топтың топбасшылары өздеріне тапсырма таңдап алады, оқушылар топпен өз тапсырмаларын орындап шығады, Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын суреттеп қағазға түсіреді, қазіргі өмірмен байланыстырады, мәтінге жоба құрастырады; оқушылар судың рөліне еніп, өтініш білдіреді
3 мин
Дәптермен жұмыс
3-деңгей, 183-бет 1 топ. Ілік септігіндегі зат есімдерді теріп, сөз тіркесін құрастырады 2 топ. Зат есімдерді теріп, бір зат есімге морфологиялық талдау жасату
Балалар грамматикалық тапсырмаларды орындайды, мәтіннен ілік септігіндегі зат есімді табады, зат есімге морфологиялық талдау жасайды
6 мин
Сабақты бекіту
Топқа тапсырма 1.Қиылған әріптерді таратады 2.Шыққан сөз бойынша қандай мәлімет білеміз 3. «Бурабайды» бүгінгі күнмен байланыстыру
Әр топ қиылған әріптерден «Бурабай» сөзін құрастырады, білген мәліметтерін айтады, «Бурабайдың» бүгінгі күнімен байланыстырады
2 мин
Рефлексия
INSERT әдісі
Әр топ INSERT әдісімен кестені толтырады, оқып шығады
2 мин
Бағалау
Мұғалім топбасшыдан соң, өзінің қорытынды бағасын қойып, білімдерін бағалайды
Топбасшы топ мүшелерінің жұмысын бағалайды, бағасын қояды
1 мин
Үй тапсырмасы
Су туралы тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жазып, жаттау
Балалар күнделікке үй тапсырмасын жазып алады