Қазақ әдебиеті Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ №3

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

М.Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. Дамытушылық.

«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.









Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату

4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің