Қазақ тілінен сабақ жоспары Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

45 минут

9 сынып


Сабақ тақырыбы:

Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір

Жалпы мақсат:

Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің араларына үтір қойылу ерекшелігін меңгерту, өз ойларын сауатты жазу, оқу дағдыларын дамыту.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы тексеріледі.

Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасалынады.

Негізгі идеялар:

Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір, тыныс белгілеріне арналған сөздерге демонстрациялық материал.

Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау.

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту.

Интерактивті оқыту әдісі.

Оқыту үшін бағалау.


1.Жеке жұмыс

2.Топтық жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4.Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны

Дерек көздері:

қосымша материалдар, ғаламтор.

Қолданылу аясы

Мәтіндерде,оқулықтарда қолданылады.

Негізгі қызметі

Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.

Қосымша көмекші қызметі

Жалғаулықсыз ыңғайлас,себеп мәнді салалас құрмаластың арасына үтір қойылады.



Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Білу

1. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің араларына үтір қойылу ерекшелігін меңгерту, өз ойларын сауатты жазу, оқу дағдыларын дамыту.

Берілген ой-түйіндер:Ой қозғау сатысы.

«Кішіпейіл болсаң, кішірейіп кетпейсің». Осы сөйлемді , яғни, мақалды бүгінгі сабағымызға эпиграф етіп аламыз.Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?(Мүмкін жауап: кішіпейіл болуға, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, қайырымды болуға үйретеді.)

-Бұл сөйлемнің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?Сөйлем құрылысына, сөйлемде кездесетін тыныс белгілерге назар аударайық.


«Қызығушылықты ояту». Сабағымызда адам бойындағы жақсы қасиеттерге көңіл бөліп, сабағымызбен байланыстырып отырамыз.


Жетондар арқылы бағалау



Түсіну

Жаңа сабақты түсіндіру Ой тудыру. Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтар -дан соң үтір қойылады

Мыс: Қайтарар жауабы көкірегінде қайнап тұрса да, Сұлтанмахмұттың үні шықпады.


Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтардан соң үтір қойылады

Мыс: Әкесі мен қызы осы жерде бірінші рет кездесті, бірақ бірін – бірі танымады.

10 минут уақыт беріледі.

Постер құрады, өз сөздерімен қорғайды.

Балалар бір –бірінің жұмыстарына баға береді.1-5 баллды айтады.

Балалардың жауаптарын тыңдау.Қосымша сұрақтар беру.


Қолдану

Мәтінмен жұмыс

169-жаттығу Құрмалас сөйлемдердегі үтірдің қойылу мәнін түсіндіріңдер. Мәтіннің стилін анықтаңдар.


Қайталанып келгенде

Мыс: Кейде олар балаша шуласа, кейде сабырлы болады.

Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмаластар арасында

Мыс: Дауыс шыққан жаққа қарап едім, қол созым жерде елік тұр.

Жетондар беру арқылы



Талдау


Үш топқа сөздер ұсынылады:адамгершілік, жақсылық, жамандық,өнеге. Осы сөздерді қатыстырып құрмалас сөйлем құрастырамыз және қыстырма, одағай сөздердің болуына мән береміз.


Сергіту сәті:

-Ал, балалар сергіту сәтін өткіземіз, әбден шаршаған боларсыздар.Орнымыздан тұрамыз, «Қызыл өрік»биін билейміз


І топ. 1-тапсырма.

173-жаттығу. Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін қойыңдар.

ІІ топ. 1- тапсырма.

177-жаттығу. Одағайларды мағынасына қарай орналастырыңдар.

ІІІ топ. 1-тапсырма.

179-жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдерді бөлек теріп жазып, тыныс белгісін қойыңдар.


Берілген сұрақтарға дұрыс жауаптарына тақтадағы бағалау парағына белгілер қойылады.

Синтез /Жинақтау/

а) Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, нақты ережеге сай кесте құру, ойларын жинақтап, түйін жасау.

Ойтолғаныс. Топтық тапсырма.

топтарға еркін сөйлеу мақсатында тақырып ұсынылады. Шағын әңгіме, ой толғау құрастыру.



Балалар Эдвард де Бонның «Ақылдың 6 қалпағы» әдісі арқылы Тыныс белгілерінің қасиеттерін айтып өтеді тақпақтар шығарады.


Жетондар арқылы бағалау.

Топтық бағалау.

Бағалау

Рефлексия «Сөйлемді аяқта»

  1. Құрмалас сөйлем бойынша алған түсінігімді нығайттым.

  2. Тыныс белгілерді дұрыс қоюды үйрендім.

  3. Мен-сауатты шәкіртпін.

  4. Қайырымды болуға үйрендім.


Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.

Эссе жазуға ұсыну. «Қазақ тілі бүгін мен үшін...»