Көшпенділер трилогиясы 8 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ әдебиеті 9-класс

Сабақтың тақырыбы: «Көшпенділер» трилогиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлин шығармалары, электронды оқулық, слайд, кестелер, кинодискет, телевизор
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ

«Көшпенділер» тарихи роман

  1. Тарихи роман дегеніміз не?

Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады
І.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтардыішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді,салт-сананы көрсетеді.Тарихи жазба деректерге , шежіре мағлұматтарына , аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихынынң аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.
Кестемен жұмыс

Тарихи оқиғалардың трилогияда бейнеленуі
1) “Алмас қылыш” романында ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі
2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері
3) “Қаһар” романында ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері.
Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері
«Көшпенділер» киносынан үзінді көрсету.
«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.
Кейіпкерлерін талдау Венн диаграммасы
Прозалық шығарма
Қазақ халқының өмірі
Рулық жікшілдік
Кейіпкерлер оқиғалары
шынайы өмірде болған
Эпопея
Әдеби роман
Тұрмыстық салт-дәстүр Ақындықты, азаматтықты дәріптеу
Болыстыққа таласу
Сұрақтар мен тапсырмалар:
  1. І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?

  1. Жазушының қандай кітаптары бар?

  2. «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары

  3. Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?


Сабақты қорытындылау

Оқушылар білімін бағалау.
Үйге . «Көшпенділер» трилогиясыннан үзінділер оқу.