Урок на тему: Маханбет Өтемісұлы өлеңдері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғын-дыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.

  2. Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест па-рақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантика-лық карта, т.б.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрай-мын.

Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.

Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау крите-рилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.


ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

  1. Тест жұмысы.

  2. Жаңа сабақ.

  3. Өзіндік жұмыс

  4. Бес жоды өлең

  5. Шығармашылық жұмыс

  6. Қорытынды.

  7. Үйге тапсырма

  8. Бағалау.


Жаңа саақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.

Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.

Талдау:



Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны


идеясы, көркемдік ерекшеліктері.



Ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған


«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»

«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»

«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»

асынбай» «Мінген ер», «Мінгені

«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай»

салмай» «Исатай сөзі»

«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім

«О, Нарын!» өткен?»


Күрделі мәселе:



Елдегі әділетсіздік.

Батырдың аңғалдығы.

Исатай қазасы.


Әсер етуші факторлар:

Халық қамы, ел жағдайы.

Үстем тап өкілдерінің зорлығы.










Тәжірибе:

  1. Тест

  2. Жаңа сабақ

  3. Өзіндік жұмыс

  4. Бес жолды өлең

  5. шығарма жұмыс

  6. Қорыту

  7. Үйге тапрысма

  8. Бағалау.


А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз.

Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшелік-терін айтып беру.

Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.

М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жай-ында айтып беру.

Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.

Семантикалық карта №2

IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу.

V. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау.

VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.

VII. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 10 өлеңін жаттап кел.

VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.