Күні . Сынып 8 «Г» Пәні қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгерту, талдау, танымдық қабілетін сөздік қорларын арттыру, бір - бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт- бағдар беру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс -тәсілі: сұрақ-жауап, диалог, түсіндіру, жинақтау,талдау.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, интерактивті тақта,бейнебаян
Пән аралық байланыс: музыка, тарих.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1.оқушылармен сәлемдесу,түгендеу
2. топқа бөлу ( қағаздың түсіне қарай)
1-Топ Өнер тобы.
2- топ Күй тобы.
3- топ Күйшілер тобы
ІІ.Үй тапсырмасы Пікірталас
1-топ Жақтаушы 2 -топ Даттаушы 3 -топ Сарапшы
1.Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті дұрыс па?
2.Жарасбай болыстың Бақтығұлды өз мақсатына пайдаланғанын жақтайсыз ба?
3.Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не ықпал етті.Осы іс-әрекетін құптайсыз ба?
4.Жарасбайдың сатқындық әрекетімен келі сесіз бе?Бақтығұл дұрыс істеді ме?
Әр топ өз топтарының атауы туралы ойларын айтады
Өнер тобы: Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай?.Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?
Күй тобы: Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
Күйшілер тобы: Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?
Қазақ халқының ұлттық аспаптарын білеміз бе? Олай болса,бүгінгі сабағымыз қазақтың күй өнері жайлы болмақ Күй тыңдау «Нар идірген»
ІІІ.Жаңа сабақ
Қазір балалар экрандағы бейнебаянға көңіл бөлейік.
Жаңа тақырыпты ашу барысында үш топқа тапсырма беріледі
1 - тапсырма: Постер қорғау
І топ. Қыздың әкесіне қолқа салуы. Қыздың сырын қалай түсінесіңдер?
ІІ топ. Естеміс күйшінің өнері. «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі.
ІІІ топ: Естемістің жолын жас жігітке беруі.
Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен баяуы, теңеу - жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ.
2 - тапсырма.
І топқа түсініктеме күнделігін толтыру.
Шығарма Кейіпкерлері Оқиға желісі Не суреттелген? Түйінді ой Қазіргі заманмен салыстыру
ІІ топқа концептуалдық кесте
№ Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерлерге баға
ІІІ топқа интервью тесті
1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?
3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.
4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?
5 Оқиғаның шешімі сені қандай ойға жетеледі?
Сергіту сәті: «Алдар көсе»
3 - тапсырма. «Сөздер сөйлейді» ойыны.
І топқа: - Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
ІІ топқа: - «... Он алты - он жеті жаста болар...», «... ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..», - деп ойлайды ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?
ІІІ топқа: - Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңдер?
Бекіту сәті:
- Естеміс қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?
- «Заманым өткен екен ғой», деп неге күрсінді?
- Жаңылдың іс - әрекетіне көз қарасыңыз?
Сабақтың қорытынды кезеңі.
Суреттер тізбегі көрсетіледі: ЖЫЛҚЫ, ҚАМШЫ, ДОМБЫРА.
Үш топқа ортақ сұрақ.
Бұл суреттер кімнің өмірімен байланысты деп ойлайсыңдар?
Үйге тапсырма. «Қазақтың күй өнері» шығарма жазу
Бағалау