Шешендік сөздер сабақ жоспар 11- сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ауғанбай Гүлдана
"Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Кеген ауылы

Шешендік сөздің сапалары

Мақсаты: 1) шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі,тіл тазалығы,тіл көрнектілігі жөнінде білім беру;

2) шешендік сөздегі термин сөздер,фразеологизмдер,мақал-мәтелдер,тура мағыналы,ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту; 3) қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру,тіл тазалығын сақтауды насихаттау.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: саралап деңгейлеп оқыту,іздендіру әдістері.

Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар,кесте,портрет-суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен жүздесіп,амандасу,түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Анықтау тест

Анықтау тестіде жеке-жеке компьютерден тексереміз

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

1.Скифтер деген кімдер?
2.Анақарыс Қоңырұлы кім? Анақарысқа мінездеме беріңдер.

3.Эллада елінде шешендік өнердің дамуына не себеп болды?
4.Қазақ елінде қандай заңдар болды?

ІҮ. Мақсатын қою.

Ү. Сабақты түсіндіру. Психологиялық кезең.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһар ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Кімнің өлеңі? Өлеңнің аты қалай?













Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын оқу барысында Абайдың көптеген дау-дамайлы мәселелерді әділ шеше білетіндігінің куәсі боламыз.Абайды біз шешендік қырынан танып отырмыз.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз – «Шешендік сөздің сапалары.»

1.Пікір,ой білдіреді.

2.Сөйлеуші сипаты анықталады.

Сөйлеу

Тіл амалдары пайдаланылады.

Шығармашылық қабілеті.Ой әсері.Дәлелдеуі.Мәнерлеп айтуы.Көркемдеу құралдары.

3.Сөйлеу айшықтары қолданылады

4.Дайын тілдік амал пайдаланады

5. Лексика-грамматикалық жағынан түрленеді.

Шендестіру

Дамыту

Қайталау

Риторикалық сұрақ

Дауыс ырғағы

Мақал-мәтелдер

Жыр-өлеңдер

Сілтемелер

Дәйек сөздер

Оқшау сөздер

Қаратпа сөздер

Қыстырма сөздер

Сөйлеу – адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы ой,пікір білдіру әрекеті.Сөйлеу адамның психикалық қабілетіне,қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.Сөйлеу үстінде кісінің өзіне тән ерекшеліктері болады: өз ойын дәл,әсерлі,мазмұнды жеткізу.

Шешендік сөз – сөйлеуші шығармашылығының биігі.Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады.Бейнелі эпитеттер,мақал-мәтелдер,дәйек сөздер (цитаттар),фразеологизмдер кеңінен қолданылады.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.
Жаттығу жұмыстары.

43-жаттығу.

І деңгей

1.Балалар,Қаныш Сәтбаев кім? .. 2.Метафора,эпитет,мақал-мәтелдер,тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? ..

Мұғалім тарапынан мәтіннің авторы Қажым Жұмалиев туралы мағлұмат беріледі.

Оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.

  1. Мәтіннен фразеологизмді,мақал-мәтелдерді,эпитет,теңеулерді табулары керек.

  2. Қаныш Сәтбаевтың сөзінің мазмұндылығын анықтау.

ІІ деңгей

1.Мақал-мәтелді жалғастыру.

2.Үш бидің шешендік сөзіндегі көркемдегіш құралды тауып,шешендік сөздің түрін ажырат.

1-тапсырма

Мақал-мәтелдегі сұрақтың орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1.Ердің сыншысы – (кім?). Отан. 2.Оқу (немен?) құдық қазғандай. ине. 3.Көп сөз – көмір,аз сөз – (не?) тәрбие

4.Өлімнен(не?) күшті. өлгені 5.Атаңның баласы болма, бір рет (кімнің?) баласы бол. алтын

6.Ер жігіттің екі сөйлегені – (не істегені?)
балалы. 7.Жеті рет өлшеп,(неше?) рет кес. баласыз

8.(Қандай?) үй – базар, баласыз (қандай?) үй – мазар. ел. 9.(не?) отбасынан басталады. халқыңның



2-тапсырма

Төле би мен Қаз дауысты Қазыбектің бір әділ билігіне риза болған Әйтеке би көп адам отырған жиында:

Бүркіт бол заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе,

Қара қылды қақ жарған әділ болса, - депті. а) Қандай көркемдік құралдарды қолданған? ә) шешендік сөздің қай түріне жатады

ІІІ деңгей 1.шешендік сөздің авторларын тап. 2.Қазіргі шешендік сөздерді түрлеріне ажырат. 3.Кестені толтыру.

1-тапсырма. Шешендік сөздермен танысып,кімнің сөздері екенін тап.

1. Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жатқан елміз.Сен темір болсаң,мен көмірмін.Еріткелі келгенмін.Екі елдің арасын теліткелі келгенмін.

2.Қол бастау қиын емес, Бәрінен сөз бастау қиын:

Көк найзалы ерің болса. Тауып айтсаң,береке қылады,

Жол бастау қиын емес, Таппай айтсаң келеке қылады.

Соңыңнан ерген елің болса.

ІІ тапсырма Мәтіндермен танысып,қазіргі шешендіктің қандай түрлеріне жататындығын анықтаңыз.

  1. Дүниеде адам өмірінен асқан құндылық болған емес,болмайды да.Сондықтан оны саудаға салып,ойыншыққа айналдырудан өткен күнә жоқ.Әсіресе діні бір жұртты бір – біріне айдап салып,ажал отына итермелеу – мұсылманшылыққа,жалпы дін жолына жат қадам.

  2. Мені кінәләп,айыптау үшін бүкіл ұжымның еңбегін жоққа шығарып,табысын мансұқ етуге барды.Шындыққа жанаспайтын бұл өтірікті көріп-біліп отырып,комиссия құрамына енген бұрынғы өз түлектеріміз де бұған қолын қойып,табансыздық танытты.Міне,осы адамдық па,осы да азамат ісі ме?

Біле білсек,адам өмірінің басты жемісі,артта қалдырар қымбат мұрасы – оның жақсы атағы,ел есінде жағымды жан ретінде қалуы. (жақсының аты өлмейді» деу де осыдан.

ІІІ тапсырма Кестені толтыр.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

IV деңгей (эвристикалық).

«Біз қандай жағдайда өркениетті ел бола аламыз?» тақырыбында бәсекеге төтеп беретін 50 елдің қатарына кірудің стратегиялық жоспарын құру.

Сонымен, балалар,сабағымызды қорытындылайық.

шешендік сөздің сапаларына не жатады?

тілдің тазалығы

ой жүйелілігі

сөздің мазмұндылығы

сөз қысқалығы

сөз түсініктілігі

сөз әуезділігі

сөз байлығы

сөз анықтылығы

сөз дұрыстығы

сөз дәлдігі.

Балалар,сендер сөзді орынды,мәнді,дұрыс қолдана білесіңдер Қазақстанның беделді де белсенді азаматтары болаыңдар.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. 44,45-жаттығулар.

Бағалау.