Поурочный план по самопознанию на тему Ағайын - ел ырысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Исжанова Княз Мусулумовна

Алматы облысы Ұйғыр ауданы

«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

9-сынып

Мерзімі

18 ақпан 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Ағайын – ер ырысы

Мақсаты:

«Туыстық», «Бауырмалдық» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту;

Туыстық қарым-қатынас шапағатын сезіне білуге тәрбиелеу; қадірлеуге баулу, ізгілікке бағыттау.

Туыс, жамағат, құда-жегжат, нағашы, жиен ұғымы, ағайын арасындағы туыстық қатынас және ынтымақ, береке, бірлікті сақтай білуге баулу.

Сілтеме:

Өзін-өзі тану оқулығы, Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал (135-бет)

Күтілетін нәтиже:

«Туыстық», «Бауырмалдық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді;

Туыстық қарым-қатынас шапағатын сезіне білуге, қадірлеуге, ізгілікке бағытталады.

Туыс, жамағат, құда-жегжат, нағашы, жиен ұғымы, ағайын арасындағы туыстық қатынас және ынтымақ, береке, бірлікті сақтай білу дағдысы қалыптасады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

таныстырылым, үлестірме қағаздар, түрлі-түсті стикертер

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер, диалог, түсіндіру әдісі, бағалау

Тапсырмалар:

Жұптық  талдау, болжау, салыстыру,  зерттеу

 

Шаттық шеңбері «Бумба-Юмба» тайпасы

Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек: Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда, сіздер қасыңызда отырған адаммен бір-бірлеріңіздің көздеріңізге қарап тұрып, қос қолдап амандасасыздар. Белгі беріліп, алақанымызды екі рет соққанда бір-бірлеріңізге арқаларыңызды тигізіп, түйістіріп тұра қаласыздар.

Рефлексия: Жаттығу кезінде сіздер қандай сезімде болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар?

Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа дайындау

Ұйымдастыру кезеңі

Жұп бойынша отырғызу

Өткен сабаққа кері байланыс

Әр жұп отбасы және ата-ана туралы бір-бір мақал немесе нақыл сөздер айтып, талдау

Жаңа сабаққа мақсат қою

Қаз дауысты Қазыбек бидің өлеңін оқып мазмұнын ашу, жаңа сабақтың мақсатымен танысу

Ойланайық, пікірлесейік

Туыс-туғандардың қадірін сезінген кезің болды ма? Қашан Қалай?

Қазақ халқының бауырмалдығы туралы қандай шығармалар оқыдың немесе көрдің?

Сұрақтарына 1 минут ойлануға, 2 минут қорғауға беріледі.

Оқып үйренейік

Мәтінмен жұмыс А.Әбдіразақовтың «Ағайын» шығармасын оқу. Жұппен жұмыс жүргізіледі.

«Ой қозғау» стратегиясы

  • Ағайынды өз қалауыңша таңдап алуға бола ма?

  • Ағайынмен тату болу үшін не істей алар едің?

Бағалау

Әр жұп басқа жұптарға «Ең үздік пікір» стратегиясы арқылы баға береді.

Жаңа ақпарат

Оқулықтан оқып, түсіндіру

Дәйексөз

Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Н.Наушабекұлы

Дәйексөзді түсініп отырып, дәртерге көшіру.

Сергіту сәті

Тыныштық сәті ретінде өткізу

Кері байланыс

Көрініс: Әр екі жұптан бірігіп «Ағайын арасындағы татулықты» көрсететін бір көрініс қояды

Бағалау

Әр топ басқа топтарға «Екі жұлдызша, бір тілек» стратегиясы арқылы баға береді.

Жүректен жүрекке

«Мейірімді болайықшы, ағайын» әні