Внеклассное мероприятие по казахскому языку на тему Көкпар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 21.04.2016ж.

Сыныбы: 5 «Б,В»

Тақырыбы: Көкпар

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің тілдің мәртебесін көтеру, тілге деген қызығушылықты арттыру, патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбие беру.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс, сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер


Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі 5 «Б» мен 5 «В» сыныптары арасындағы «Көкпар» сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Қоғамымызда әрбір адам өз ойын білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады. Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде. Ендеше бүгінгі сөз болатын тақырыбымызда да тілге байланысты болмақ.

Тәуелсіз елге білімді ұрпақ қажет. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары еліміздің өркениетіне бірден – бір үлес қосушылар.

Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір селпітіп тастайық...

Ортамызда сайыскермен толтырып,

Қошеметтеп, ду қол соғып қостайық.

Екі топ пен бөлініп отырған екі сынып 5 «Б» және 5 «В»

Сайысымыздың басын күш – қуат беретін сөзден бастасақ деп отырмын. Бұл бізге алдын ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

С ә т т і л і к !

[pic]

Додаға түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?!

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, білім табар ма?!

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға – сол алда!



Кезеңдер:


  1. «Сәлем – сөздің атасы»

  2. «Тапқыр болсаң – тауып көр»

  3. «Өнерлінің өрісі кең»

  4. «Білгерлер сайысы»

  5. «Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді»

  1. Жорға


  1. кезең. «Сәлем – сөздің атасы»

Екі топ өздерін үш тілде таныстырады (қазақ, орыс, ағылшын). Топты таныстыру суреттері слайд арқылы көрсетіледі.


  1. кезең. «Тапқыр болсаң – тауып көр»

Слайд арқылы оқушылар сөз тіркестерін тауып, мәнін ашып беру.

Жылдам жүгіру.

Алды – артына қарамай жүгіру. (тез)

Көзді ашып – жұмғанша

Көзге көрінбей.

Жауабы: көзді ашып жұмғанша


  1. кезең. «Өнерлінің өрісі кең»

Кезең бойынша көрсетілген нөмірлердің ішінен біреуін, түскен тақырыбында көрініс қою.

Мысалы: №22 (мектепте)

8 (дүкенде)

«Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде алған сандар бойынша сандары сөйлету. Қазақстандағы мемлекеттік мереке күндерін атап, өлең шығару.

Шығарған өлең шумақтарына әуен табу. Уақыт беріліп, шығарған өлеңдерінде әуен шығарады.


4 – кезең. «Білгерлер сайысы»

Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы нүктені тез басады, сол оқушы бірінші жауп береді.




5 – кезең. «Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді»

Ол екеуіміздің аналарымыз бірге туған, біз қандай туыспыз?

«Бөле»

Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?

«Екі сағат»


6 – кезең. Жорға

Екі топ 1 минутта тестке жауп беруі тиіс.


Қорытындылау: уақытты тиімді пайдалана білетін ХХІ ғасырдың ойы жүйрік жарық жұлдыздары болайық.


Сайысты бағалау: ойын соңында қазылар алғасы ұпай саны жоғары жеңімпаз топты анықтайды.