Военно-патриотическое воспитание учащихся сш. №23 с. Мойнак

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мойнақ ауылы № 23 орта мектебінде 2015-2016 оқу жылында өткізілген патриоттық акция туралы ақпарат

Алматы облысының білім басқармасының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 62/328 хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылға арналған негізгі іс-шаралар туралы жоспарының 9 тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық білім бөлімінің 14.04.2016 жылғы № 89-14/520 шығыс құжаты негізінде,мектеп оқушылары мен ардагерлер және оларға теңестірілген адамдарға рухани қолдау көрсету мақсатында мектебімізде Ұлы Отан соғысы және ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу мақсатында іс-шаралар жоспарланып өткізілді.

1.2016 жылғы патриоттық акцияның жоспары құрылып, төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

Мектебімізде 1-10 сыныптар арасында «Біз Жеңістің Ұланымыз» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді , сонымен қатар «Даланың естелік поштасы» атты қабырға газеттері шығарылып, сурет көрмесі ұйымдастырылды.Мектеп кітапханасында «Ер есімі-Ел есінде» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2. 03.05.2016 ж мектебімізде Талдықорған гарнизонының Әуе күштері базасында қызмет ететін №23 орта мектептің түлектері - аға лейтенант Сорокин Евгениймен, капитан Жеребаев Дастанмен 5-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.Бұл кездесуде офицерлер ҚР Қарулы Күштерінде атқарып жатқан қызметтері жайында әңгімелеп берді.Олар Қарулы Күштерде ең соңғы техникамен жабдықталған әскери ұшақтар туралы толық мағлұмат берді.Оқушыларға сабақты жақсы үлгеріммен оқыған кезде ғана биік жетістіктерге жетуге болатыны жайында айтты. Өз Отанын мақтаныш көруге,Қазақстан Республикасының беделді,отансүйгіш азаматтары болуға, келешекте халқына шын жүрегімен қызмет ететін азаматтар болыңдар деп, тілектерін білдірді.

[pic]



АӘД пәнін оқытудың негізгі міндеті - оқушыларды ұлттық патриотизмге, елін сүюге, Отан алдыңдағы борышын абыроймен атқаруға,Отанды қорғауға дайын болуға өз Отаны Қазақстан Республикасына деген мақтаныштық сезімде болуға,ол сезімді бойларына ұялатуға тәрбиелеу болып табылады. [pic]

[pic]

[pic]

3. Ұлы Отан Соғысының ардагері - Зизёв Петр Григориевич ,1927жылы туылған.Мойнақ ауылында тұрып , 20 жыл құс фабрикасында қызмет еткен. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы «Cамал» шағын ауданында тұрады,жасы 89-да , 2016жылдың 05 мамыр күні мектебіміздің ұжымы дайындаған сыйлықтар ардагердің үйіне апарылып , 9-мамыр Ұлы Жеңіс меркесінің алдында гүл шоқтарымен бірге сый құрмет көрсетілді. 6 мамыр күні сағат 1200-де мектебімізде 5-11сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 71жыл толуына, 9 мамыр мереке күніне арналған «Сапта жүру,ән айту» байқауы өткізіледі.

АӘД пәні ұйымдастырушысы Б. Ж. Кенбаев