Сәлеметсіздер ме!
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру;Кітапхана туралы білімдерін кеңейту.
Білімділік: Оқушының білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Сөздік қорын молайту
Дамытушылық : Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, етістіктің райларын пысықтау, тапсырмалар орындау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Танымдық : Сөйлеу , ойлау , көру қабілеттерін дамыту .
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Қолданылатын әдістер: шығармашылық ізденіс, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ.
Негізгі әдіс : ізденіс
Сабақты толық меңгеру үшін дамыта оқыту, ақпараттық,ИКТ технологияларды қолдандым.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі, сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстыру.
1Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй жұмысын тексеру
3.Жаңа сабақ, мәтінмен жұмыс
4.Сұрақ-жауап
5. Тапсырмалар
6.Қорыту.
7.Үй жұмысын беру
8.Рефлексия.Бағалау
ІІ. Мотивация.
Егерде біз күнімізді жақсы көңілмен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күә боламыз. (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте дети передадим друг другу нашу улыбку и начнем урок)
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Қазір қандай жыл мезгілі? Қазір көктем мезгілі.
2.Бүгін аптаның қай күні? Бүгін аптаның сейсенбі күні.
3.Бүгін қай ай, қай күн? Бүгін наурыздың он үші.
4.Бүгін ауа райы қандай? Ауа райы бүгін ашық, жылы.
Балалар, өткен сабақтың жалпы тақырыбы қандай болды? Еске түсірейк.
«Мұңы білгенін жөн»
Үй тапсырмасымен тексеру: (Интербелсенді тақтада слайдтар )
1. Біздің мектеп нешек қабатты?
2. Қазақ тілі кабинеті қайда орналасқан?
3. Бірінші қабатта не орналасқан?
4.Мектеп қайда орналасқан?
5. Орыс тілі кабинеті нешінші қабатта?
6. Кабинеттер қалай жабдықталған?
«Қайталау –оқу анасы»
Граматиканы қайталау -Етістіктің қандай райлары бар?(ашық, қалау, шартты, бұйрық)
Ашық рай (изъявительное наклонение) үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалады:Мен келдім.Мен келемін.Мен келетінмін.
Бұйрық рай (повелительное наклонение)етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады:Мен барайын. Сен бар.Сіз барыңыз.ол барсың.
Шартты рай (условное наклонение)іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.-Са,-се жұрнақтар + жіктік жалғау арқылы жасалады: Күн ашық болса, мен келемін.Әжең келсе, сен барасың.
Қалау рай (желательное наклонение) іс-қимылды орындаушының тілегін, ниетін білдіреді.Ғы,-ғі;-қы,-кі жұрнақтар +тәуелдік жалғауы арқылы жасалады:Біздің сабақ оқығымыз келді.
Жаңа білімді игеру
Сабақтың эпиграфы: (Слайд) 1. Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған .
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
Кіріспе сөз-видеоролик бойынша қысқаша сөз айту:
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да бар.Кітапхана қорыны- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.
Жаңа сөздер
Мәтінмен танысу алдында біз сендермен жаңа сөздермен жұмыс жүргіземіз.
Мұғалім оқиды,оқушылар хормен қайталайды.
Кілт-ключ
Кітапхана қоры-библиотечный фонд
инабатты-вежливый
өз істерін- свои обязанности
келіп тұрамын-прихожу
жүйелі-системный
анықтама- справка
дайындалуға-готовиться
пайдалануға-пользоваться
керекті- нужные
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»
Мәтінмен жұмыс:
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін Дворецкая Светлана Станиславовна жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.Кітапхананың негізі болып саналатын өте бай библиографиялық анықтама аппараты-жүйелі алфавиттік каталогы бар. Ол –кітапхана қорының негізгі кілті.
Оқушылар тізбектеп оқиды, аударады, жаңа сөздердің астын сызады.
«Жедел жауап аялдамасы»
Сұрақ-жауап:
1.Кітапхана нешінші қабатта? Кітапхана екінші қабатта
2.Онда қандай кітаптар бар? Онда қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар
3.Біздің кітапханада кім жұмыс істейді?Кітапханада дворецкая Светлана станиславовна жұмыс
істейді
4.Кітапханада не істеуге болады? Кітапханада сабаққа дайындалуға болады
5.Кітапхана қорының негізгі кілті не? Негізгі кілті- жүйелі алфавиттік каталог
Тапсырмалар:
1.Мәтіннен сөйлемнің аудармасын тап:
1.В библиотеке много разных газет и журналов.Там созданы хорошие условия для подготовки к уроку. Он является основным ключом библиотечного фонда.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін Дворецкая Светлана Станиславовна жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.Кітапхананың негізі болып саналатын өте бай библиографиялық анықтама аппараты-жүйелі алфавиттік каталогы бар. Ол –кітапхана қорының негізгі кілті.
3.Берілген сөздерді СККТ бойынша фонетикалық талдау жасаңыз:кітапхана, журнал
Кітапхана 0=_---
Берілді: кітапхана
Шешімі: 9О=---------
1.тілдің қатысыны қарай -4О=_____________
Жақтың қатысыны қарай-4O=______________
Еріннің қатысына қарай-4О=_____________________
5О=-----------_________
журнал 0=_---
Берілді: журнал
Шешімі: 6О=---------
1.тілдің қатысыны қарай -2О=_____________
Жақтың қатысыны қарай-2O=______________
Еріннің қатысына қарай-2О=_____________________
4О=-----------_________
БІЛЕГІҢЕ СЕНБЕ, БІЛІМІҢЕ СЕН.
1.Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңыз.
Кітап пен ғылым –тілсіз ....(мұғалім)
Кітап алтын ....(қазына)
Күш – білімде,
Білім ...(кітапта).
Кітап - білім бұлағы,
Білім -....( өнер шырағы).
Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа .....(маржан).
Кітап - қаймақ, білім - ....(оймақ )
Кітап - оқығандікі, білім .....(тоқығандікі).
(мұғалім,қазына,кітапта, өнер шырағы, оймақ, маржан, тоқығандікі)
2.Мәтінге 5 сұрақ дайындандар:
1.Біз күнде қайда барамыз?
2.Дворецкая Светлана Станиславовна қайда жұмыс істейді?
3.Кітапханада қандай кітаптар бар?
4.Кітапхана қандай?
5.Кітапханада немен пайдалануға болады?
3. Сөз тіркесін құраңыз :
Инабатты
Жүйелі
Пайдалануға
Басқа
Керекті
Журнал
Кілті
Дайындалуға
Сабаққа
Болады
Адам
Каталог
Тілдерде
Келіп тұрамыз
Жиі
негізгі
«Тапқыр болсаң, айтып көр»
1.Мәтіннен түбірлес сөздерді табыңыз :кітапхана,кітапханаға, кітапханада,кітапхананың
2. Мақалды тап: Кітап-алтын қазына
К,а,і,қ,а,н,а,з,п,т,а,ы,н,л,ы,т
Сабақты қорытындылау:
1.Кітапхана қайда орналасқан? Кітапхана екінші қабатта
2.Кітапханада не бар? Газет-журналдар және кітаптар бар
3.Кітапхана қорының негізгі кілті не? Негізгі кілті- жүйелі алфавиттік каталог
4.Кітапханашы қандай адам?Кітапханашы өте мейірімді, инабатты адам
5. Кітаптар қандай тілдерде? Онда қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде
Үйге тапсырма: «Мектеп кітапханасы» тақырыбына Эссе жасау
«Мәдениетті, инабатты» сөздеріне СКТТ фонетикалық талдау жасау
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар не ұнады не ұнамады айтып, смалик арқылы көрсетіңдер.
Бағалау .
Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы. Жалғаулық шылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың «Мектеп асханасы» тақырыбында жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Жалғаулық шылауларды меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту.
Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: кесте, суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сыныпта кім кезекші?
-Сабақта кім жоқ?
-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
-Көңіл – күйлерің қалай?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Біздің мектепте асхана нешінші қабатта?
-Сендер асханадан тамақтанасыңдар ма?
-Асханада қандай тамақ түрлері сатылады?
-Асхананың тамағы сендерге ұнайды ма?
IY. Жаңа тақырып:
-Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, барысымен таныстыру.
1. Жалғаулық шылау:
Шылаулары
Ыңғайлас жалғаулықтар
Мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те
Айман мен Айгүл асханада отыр.
Асқар да, Айдын да солармен бірге отыр.
Қарсылықты жалғаулықтар
Бірақ, дегенмен, алайда, онда да, сонда да, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде, сөйтсе де, сөйткенмен, т.б.
Жаңбыр жауып тұр, біз сонда да далаға шықтық.
Әжем екеуіміз саяжайға бармақшы едік, бірақ күн суытып кетті.
Себеп-салдар жалғаулықтар
Өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, не үшін, т.б.
Далада қатты аяз болды, сол себепті мен мұражайға бармадым.
Аманжолдың анасы ауырып қалыпты, сондықтан бүгін ол мектепке келе алмайды.
Талғаулы жалғаулық
Не, немесе, я, я болмаса, не, не болмаса, яки, әлде, мейлі, т.б.
Мен ертең саяжайға немесе саябаққа барамын.
Сен өзің бара бер, не болмаса біреуді ертіп ал.
Кезектес жалғаулықтар
Кейде, бірде, біресе
Аспазшылар бірде тұшпара дайындаса, бірде қуырдақ дайындайды.
Жанар кейде ботқа алса, кейде сорпа алады.
Шартты жалғаулықтар
Егер, егер де, онда, әйтпесе...
Егер де ертең мектепте су болмаса, асхана түске дейін ғана жұмыс істейді.
Егер сен келмесең, біз ешқайда бармаймыз.
2. Сөздікпен жұмыс:
-Берілген сөздердің айтылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
-Сөздерді оқушыларға хормен және жекелей оқыту
-Сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату
сыныптас - одноклассник (-ца) салқын тағам - холодное блюдо
ішу – пить ыстық тағам - горячее блюдо
көбінесе - в основном сусын - напиток
сорпа – бульон жуу - мыть
ботқа - каша
3. Мәтінмен жұмыс:
-Берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу
-Оқушыларға жекелей, кезекпе-кезек оқытып шығу
-Мәтінді аударту
-Мәтінге ат қойдырту
Біздің мектептің бірінші қабатында асхана бар. Асхана кең, жарық әрі таза. Мен сыныптастарыммен бірге үшінші сабақтан кейін асханаға тамақ ішуге барамын. Біз көбінесе сорпа немесе ботқа аламыз. Содан кейін тәтті нан және шай кейде шырын аламыз. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз да, бір- бірімізге «Ас дәмді болсын!» деп айтамыз.
4. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
-Мәтін ішінен жалғаулық шылауларды табу.
4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ деңгей
Берілген сөздерді септеңдер: асхана, кеспе.
ІІ деңгей
Мәтін ішінен зат есімдерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
І деңгей
Көп нүктенің орнына жалғаулық шылауларды қойып жазыңдар.
Мен асханадан ... шай ішсем, ... шырын ішемін.
Мұғалімдер ..., сыныптастарым ... асханадан тамақтанады.
Маған ботқа ... палау беріңіз.
5. Шығармашылық жұмыс:
5-тапсырма.
1. Берілген суреттер бойынша сұхбаттасыңдар.
2. Өз мектептеріңдегі асхананы суреттеңдер.
2. Сол сурет бойынша асхананың көрінісін әңгімелеңдер.
[pic] [pic]
[pic]
Y. Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай мәтін оқыдық?
-Мәтінде не туралы айтылған?
YI. Үйге тапсырма:
-«Асханада» тақырыбында диалог құру.
-Мақалдарды жаттау.
Адамнан,үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.
Ас атасы - нан.
Ас - адамның арқауы.
YII. Бағалау:
Оқушылар сабаққа қатынасуларына орай бағаланады.
YIII. Рефлексия:
Білетінім Білгенім Білгім келетіні
IX. Сабақ соңы.
5А сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Сабақта
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тақырыпты меңгеру деңгейін практикалық жолдармен тексеру;
Дамытушылық: оқушыларды іздендіре отырып, оқу еңбегінің түрлері мен тәсілдерін үйрету арқылы оқушы бойындағы іскерлік пен дағдыны дамыта түсу;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, пернетақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
-Бүгін қай күн?
-Аптаның қай күні?
-Бүгін ауа райы қандай?
Жаңа сабақ.
«Миға шабуыл» стратегиясы. Суретпен жұмыс. Оқушылар суретке қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын табуға тырысады.
Сөздікпен жұмыс.
ауызша - устно өтеді - проходит
талдау - разбор жауап беру - отвечать
оқытады - учит құрастырамыз – составляем
Мәтінмен жұмыс. Үнтаспадан мәтінді тыңдап, аударыңдар.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет болады. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Біз сабақта мәтінді оқып, мазмұнын айтамыз. Бір-бірімізге сұрақ қойып жауап береміз. Әр түрлі тақырыптарға диалог құрастырамыз. Диктант, мазмұндама жазамыз. Сабақта ауызша сөйлеуге тырысамыз. Қазақ тілі сабағы бізге өте ұнайды.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
- Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?
- Қазақ тілі сабағында қандай тапсырмалар
орындайсыңдар?
- Сабақ қалай өтеді?
- Сабақ сендерге ұнайды ма?
Мәтіннен реттік сан есімді тауып, жіктеңдер.
жекеше түрі көпше түрі
І ж. Мен бесінші____ Біз бесінші_____
ІІ ж. Сен бесінші____ Сендер бесінші__________
Сіз бесінші ____ Сіздер бесінші___________
ІІІ ж. Ол бесінші_____ Олар бесінші__________
Сан есімдер мен сын есімдерді ажыратып, жазыңдар.
Сын есім Сан есім
Жиырма бірде, қысқа, екі, ұзын, он, қызықты, таза, бесінші
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
_________________________________________
Бүгін қазақ тілі нешінші сабақ?
_________________________________________
Сынып қандай?
Сандардың дұрыс бұрысын табыңыз. Дұрыс санға "д", қате санға "қ" әрпін жазыңыз.
..../ үш жүзінші бесінші
..../ жиырма бестей
..../ отыздан екіден
..../ елуден алты
..../ бір мың тоғыз жүзінші
..../ жетеу
..../ тоғызау
Сергіту сәті.Бейнетаспаға қарап, қайталайды.
Төмендегі суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңдер.
Нешінші суретте қарындаш бар?
Нешінші суретте сағат бар?
Нешінші суретте телефон бар?
Нешінші суретте сөмке бар?
Нешінші суретте түлкі бар?
Нешінші суретте аю бар?
Нешінші суретте парта бар?
Нешінші суретте тақта бар?
Нешінші суретте кітап бар?
Нешінші суретте теледидар бар?
Жай шырай салыстырмалы шырай күшейтпелі шырай
Жаңа
Ескі
Салқын
Жылы
Жұптастырыңдар.
Үлкен - ырақ
Аласа - тау
Биік - деу
Ашық - рақ
Кіші - теу
Жасыл - рек
Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Үлгі: Кітап - дәптер / ауыр
Кітап дәптерден ауырлау.
Қалам - күнделік /арзан.
...................................................................................
Менің үйім - мектеп / алыс.
.....................................................................................
Біздің сынып - асхана / жарық.
.....................................................................................
Жасырын сөздерді табыңыздар. Сиқырлы сандықтан сөздерді алып, тиісті жерге қойыңдар.
Біздің сынып _______________.
Мен ______________қалам сатып алдым.
Менің үйім мектепке ________________.
Мақал - мәтелдерді құрастырып, жаттап алыңдар.
Өмір - үлкен мектеп
Мектеп - , білім - теңіз.
- алтын қазына.
Ұстаздан оқушы озар.
Күш - білімде, білім - .
-ғалым, тілсіз .
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: мақал мәтелдерді жаттау.
Оқушыларды бағалау.
Ашық сабақ
Сынып: 5а,5ә
Сабақтың тақырыбы: Пионербол жарысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пионербол ойынына қызықтыру,допты қабылдауға ақыл-ойын жетілдіру, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу
Дамытушылық: Ептілікті, икемділікті, дәлдікті дамыту
Өткізілетін орны: Мектеп спортзалы
Керекті құрал жабдықтар: Доп, ысқырғыш, сағат, тор
І
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Дайындық бөлім.
Сапқа тұрғызу,кезекшінің мәліметі,сәлемдесу,түгендеу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы әрекет:оңға,солға,артқа бұрыл.
Қол жоғарда аяқтың ұшымен жүр.
Қол желкеде өкшемен жүр.
Қол белде табанның ішкі және сыртқы жағымен жүр.
Спорттық жүріспен жүр,жеңіл жүгір.
Оң және сол жақ иықпен секіріп жүгір.
Тізені алақанға тигізе жүгір.
Өкшені алақанға тигізе жүгір.
Аяқты қайшылай жүгір.
Қол белде аяқты алға сермеп жүгір.
Қол желкеде аяқты артқа сермеп жүгір.
Қолды алға,артқа айналдыра секіріп жүгір.
Артпен алға қарап жүгір.
Жылдам жүгір.
Спорттық жүріспен жүр,жай жүр.
Жалпы дене дамыту жаттығулары:
Қол белде басты оң,сол жақтан айналдыру
Қол иықта қолды алға,артқа айналдыру
Қол алда бүгулі денені оңға,солға бұрып қолды жазу.
Оң қол жоғарда сол қол төменде қолды артқа сілтеу.
Оң қол жоғарда сол қол белде,солға,оңға еңкею.
Белді оң жақтан сол жақтан айналдыру.
Қолды аяқ ұшына тигізу.
Аяқты қол ұшына тигізу.
Отырып тұру.
10-15ми
2-3 мин
0,5 айн
0,5айн
1 айн
1 айн
1 айн
0,5 айн
0,5 айн
0,5 айн
0,5 айн
0,5 айн
1 айн
1 айн
2 айн
2 айн
12 р
16 р
16 р
16 р
16 р
16 р
16 р
16 р
30-40 р
Спорттық киімдерін тексеру.
Мұқиат тыңдау
Дене тік қол жанда
Қол тік алақан ішке қарайда
Дене тік
Ара-қашықтық сақта
Қол белде жоғары секір
Қол алғам созулы
Қол артқа төмен созулы
Қол екі жақта
Аяқ тік
Дене,аяқ тік
Жоғары секір
Оң жақ иыққа алға қарау
Демді қалыпқа келтіру
Толық айналдыру
Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау
Қолды тік ұстау
Денені аяқты бүкпеу
Аяқты тік көтеру
Қол алға созулы
ІІ
1,2
1,3
1,4
1,5
1,6
1,7
1,8
1,9
Негізгі бөлім
Пионербол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.
Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету
Допты кеудемен сырғанап алу тәсілін үйрету
Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету
Допты жанынан беру тәсілін үйрету
Тордан доп тастау тәсілдерін үйрету
Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету
Оқушыларды сапқа тұрғызып 2 топқа бөліп пионербол ойнау
Пионербол ойынының әр түрлі элементтерін меңгерте отырып оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шеберлікке, спортты сүюге тәрбиелеу, іскерлігін дамыту
20-25 мин
ІІІ
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу.
Жеңімпазды марапаттау
Қоштасу.
4-5
мин
Сап түзел!Тік тұр!
Жеке-жеке
Жақсы орындағандарды ерекше мадақтау.
[pic]
«Пионербол әлемінде»
(Ашық сабақ 5а 5ә)
Сабақтың тақырыбы: Мектептің асханасы 5сынып
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға мектептің асханасы туралы білу, асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету.
ә) Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану.
б) Оқушылардың адамгершілікке, тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, практикалық
Жұмыс формалары: жекелей, жұптық
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу.
ә) Балаларды түгендеу.
б) Тіл дамыту сұрақтары.
II. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау
ІІІ. Кіріспе:
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім мәтінді оқиды. Сол мәтінді талқылап, сабақтың тақырыбына шығу. Тыңдалым.
Мен 34-мектепте оқимын. Біздің мектепте асхана бірінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Асханада шырын, шай, кофе сатылады. Біз ас мәзірі бойынша тапсырыс береміз. Асханада тұшпара, манты, сорпа т.б. тағамдар сатылады. Түрлі салаттар дайындайды. Аспазшылар қызметі бізге өте ұнайды.
- Мынау мәтін не туралы?
- Нешінші мектепттің асханасы туралы?
- Асхана нешінші қабатта?
- Сонымен біз бүгін не туралы сөйлесеміз? Ендеше тақырыбымыз қандай? Тақырыбымыз – Мектептің асханасы.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын ашу.
- Балалар, біз бүгін сабаққа қандай мақсат қоямыз?
- Мақсаты – асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу, диалог құрастыру.
V Сөздік жұмысы:
- Жаңа сөздермен танысайық. Сөздерді оқып, сөйлем құрастыру. Айтылым.
ас мәзірі – меню шырын - сок
тапсырыс – заказ тамақ – блюдо
ботқа – каша ыстық тамақ – второе блюдо
ас қасық – столовая ложка тұшпара – пельмени
аспаз – повар шанышқы – вилка тоқаш - булочка
Жаңа тақырыпты бекіту:
- Ал біздің мектептің асханамыз туралы тағы не білесіңдер?
- Асханада не бар?
1-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар. (ауызша) Айтылым.
2-тапсырма. Сөйлемді орын тәртібімен дұрыс құраңдар.
1) Тамақтың, қолды, алдында, жуу керек.
2) Мектеп, бірінші, орналасқан, қабатта, асханасы.
3) Мен, жеймін, ботқа..
4) Дастарқанда, болады, бауырсақ, тұшпара.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
3-тапсырма. Жазылым. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
- Мектепте тамақтанасың ба?
- Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?
- Сен қандай тамақ ішесің?
• 4-тапсырма. Дұрыс аудармасын табыңдар?
Таңғы ас готовить еду
Дәмді тағам ужин
Жіңішкелеп кесу вкусное блюдо
Асты дайындау завтрак
Кешкі ас мелко резать
VІ Қорытынды:
Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық? Мақсатқа жеттік пе?
5 жолды өлен
1 Асхана Не туралы сөйлестік?
2 әдемі, үлкен Біздің асханамыз қандай?
3 тамақтанамыз, тапсырыс береміз, ішеміз Біз асханада не істейміз?
4 Маған мектеп асхананың тағамдары ұнайды.
5 Дәмхана
V ІІ Бағалау:
VІІІ Үй жұмысы: 3 мақал-мәтел жаттау
Менің сүйікті мектебім (шығарма)
5 «б» сынып оқушысы Менщиков Новомир
Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен де 6 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттасымен достарым көбейді. Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Мектебімізге Көкеш Хамиевтің есімі берілген.
Мектептің сұлбасы алыстан көз тартады. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар. Мен мектебімде ұнатамын. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін.
Мұражай бөлмесінің іс-жоспары
Р/с Орындалатын жұмыстар
Жауапты
1
Ұйымдастыру кезеңі
Мұражай жетекшісі
2
Мұражай бөлмесіндегі кеңестер (оқушылар, сынып жетекшілері арасында)
Сынып жетекшілері,
Оқушылар
3
Көпшілік жұмыстар (мектеп айналасын көгалдандыру, жиналыстарға қатысу)
Мұражай жетекшісі
4
Кеш, кездесу, түрлі мәдени шараларды бейнетаспаға түсіріп, мектеп мұражайын мектеп тарихымен толықтыру
Мұражай жетекшісі
5
Оқушылар мен мектеп оқушыларының баспасөз беттерінде жарияланған шығармаларын жинақтау
Мұражай жетекшісі
6
Әрбір кездесу өткізуші сыныптардың жинаған документтік деректерін мұражайға табыстауын қадағалау
Мұр.жет.Сынып жетекшілері
7
Кештер мен кездесулердің сценарийлерін жинақтау, мұражайға табыстау
Мұражай жет.Сынып жетекшілері
8
Жыл сайынғы мұғалімдер конференциясына арналып жасалатын стендіден альбомдар жасау
Мұражай жетекшісі
9
Мектеп директорының, мұғалімдерінің, оқушыларының табыстары жайлы деректерді жинақтау
Мұражай жетекшісі
10
Жас мұғалімдер жайлы мәлімет
Сынып жетекшілері
11
Мектептің 80 жылдығы жайлы түсірілген суреттерден буклеттер жасау
Мұражай жетекшісі
12
Бастауыш сынып оқушыларын мұражай бөлмесімен таныстыру
Сынып жетекшісі
13
Мұғалімдердің, оқушылардың қолымен жасалынған дүниелерден бұрыш жасау
Мектеп мұғалімдері
14
Әрбір бітіруші сыныптар альбом арнап, мектеп мұражайына табыс ету
Мұражай жетекшісі
15
Мектебімізді бітіріп кеткен түлектер жайлы мағлұматтар алып отыру
Мұражай жетекшісі
16
Бүліне бастаған суреттерді, экспонаттарды қалпына келтіру(реставрациялау)
Мектеп дирекциясы
17
Мектепке келген елімізге белгілі қонақтардан қолжазба естеліктер алуды жалғастыру
Мұғалімдер,мұражай жетекшісі
18
Ардагер ұстаздармен байланыс орнатып, дәстүрлі мерекелермен құттықтап, ақыл-кеңестер алып отыру
Мұражай жетекшісі
19
Баспасөзбен байланыс жасау, мектеп өмірінен мақалалар жазу
Мұражай жетекшісі
20
Мұражай бөлмесіндегі гүлдерді көбейту. Бөлмедегі заттардың күтімін қадағалау, тазалығын сақтау
Мұражай жетекшісі
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – [link]
Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.
1 - тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.
2 - тәрбиеші: Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Хор: «Жаңа Жыл!»
Мыстан кемпір келеді, қолында үлкен айнасы бар.
Мыстан кемпір: Маса, мынау шырша ғой, қазір шыршаны құртпай бүлдірем. мына шырша неге әдемі, киімдері де әдемі емеспін? Қалай осылар секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны құлатқысы келеді, балаларды қорқытады.
Тәрбиеші: мыстан әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз. Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз. Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған көмектесер.
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.
Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз Ата келеді, Ақша қар жоқ. Құттықтады.
Тәрбиеші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз Ата қасында Ақшақар жок, қайда ол?
Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті.
Мыстан кемпір: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғынмен Ақшақарға айналдыршы.
Жылтыр матаның ішіне мыстан мен Ақшақар тығылады. Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:
Көңілді балалар,
Шыршаны айналып.
Жалмауыз кемпір,
Ақшақарға айналсын - дейді.
Мата астынан көрінбей мыстан кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.
Ақшақар құттықтауы.
Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Неге оның шамы жанбайды?
Ол үшін біз Сабинаны шақырамыз.
Сабина: Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.
Шам жанады.
Жеке ән: «Жаңа жыл келді.» (Аянат, Қызғалдақ, Еркеназ)
Хор: «Аяз Ата»
«Ақшақарлар биі»
Тақпақтар:
Еркеназ:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.
Жансая: Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Санжар: Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.
Аймереке: Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.
Ақмаржан: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Би: «Сығандар»
(Айзия, Ақмаржан, Еркеназ, Айназ)
Толғанай: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
Еркенұр: Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.
Алихан: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Ерназар: Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Аяз Ата, Ақшақарды
Шақырайын ортаға.
Алдияр: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!
Жеке ән:«Біз шадыман баламыз»
(Арайлым, Жансая)
Ойын:
Би:«Чунга - чанга»
Айзия: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтарды бәрін де.
Аман: Алақай, алақай,
Қар жауып тұр балақай.
Жүр шанаңды алып шық,
Киіп алып малақай.
Гауһар: Аша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келдің бе?
Балаларды сағынып.
Диас: Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Дәурен: Аю, қасқыр, қоян, түлкі,
Ортада би билеп.
Балалар жүр мәз болып,
Би билейді дөңгелеп.
Әділ: Орманның бар аңдары,
Бүгін бізде қонақта.
Балалармен би билеп,
Қуанады шаттана.
Аңдар (қояндар) биі.
Дәурен, Әди, Аман
Ернар: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Аянат: Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламын.
Айназ: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Арай: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.
Болат, Назерке:
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.
Жаңа Жыл келеді.
Қызғалдақ: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Ұлу жылы келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Хор: «Шырша әні»
Аяз Ата сыйлық таратады.