Қазақ тілі. 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінетінін, болымсыз етістіктің қалай жасалатынын түсіндіру,сөз мағынасын түсініп, етістіктің түрлерін ажырата білуге, салыстыруға, талдау арқылы сыни ойлауына мүмкіндік беру; тыйым сөздер арқылы адамдық қасиетті бойына сіңіре отырып, жақсы іс істеуге, өзін- өзі тәрбиелеуге бағыт- бағдар беру- сабақтың мақсатын көздеді.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, интерактивті тақтада жүйеленген сызбалар, сөзжұмбақ, тыйым сөздер.
Әдісі: сұрақ- жауап, талдау, салыстыру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі;
II.Психологиялық сәт «Біз- болашақ гүліміз!?»
Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым техниканы игеруі қажет.Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерін тексерейік.
III.Сөзжұмбақ шешу.
1.Қар еріп, су көбейіп , сай салаға ағады.
Бүршік шашаып,жапырақ ашып, гүл бәйшешек жарады.
Бөбектерім атыңдаршы, бұл қай кезде болады? (көктем)
2.Көктемде құстар келгенде,
Ең алдымен келетін
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін
Бұл қндай құс, балалар? (Қараторғай)
3.Болса да көзі , жарықта көрмейді өзі бірақ та,
Көргіш- ақ түнде, құс па , бұл не? (үкі)
4.Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала
Бұл қандай құс? (сауысқан)
5.Маң- маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды
Қуғанын бірақ ұстайды. (түйеқұс)
6.Тұмсығында ауы бар,
Бұл қандай құс тауып ал? (бірқазан)
7.Биікте ұшып жүреді,
Елік ,қоян бүреді.
Қия таста ұясы
Бұл құсты кім біледі? (бүркіт)
IV.Үй тапсырмасын тексеру.
Кесте парақшасымен жұмыс.оқушыларға кесте парақшасын таратып, олардың өткен материалды қандай деңгейде меңгергендерін анықтау.
V.Жаңа материал.
1)Наурыздың төрті
Сынып жұмысы
Болымды және болымсыз етістік
[pic] [pic]
БОЛЫМДЫ ЕТІСТІК БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІК
Болымды етістік
Сөздің алғашқы формада қолданылуы
Мысалы:оқы ,сөйле
Болымсыз етістік
Сөзге - -ма, -ме, - ба , - бе , - па , - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мыс:келме, барма.
2) Көркем жазу
Кк Кк Кк
Аққуды атпа
Досыңды сатпа.
3) Оқулықпен жұмыс
347- жаттығу (ауызша)
Сөз жұрнақтарын оқып, мағыналарын салыстыру.
Жаз- жазба Айт - айтпа
Ойна- ойнама Бар- барма
Күл- күлме Кел- келме
(қосымшалы етістікті көшіріп жаз)
(2- 3 оқушыға оқыту)
348- жаттығу.Берілген етістіктерге - -ма, -ме, - ба , - бе , - па , - пе жұрнақтарын жалғап, болымсыз етістіктер жаса.
Жон..., үрле..., кес..., тарт..., таста..., сұра..., отыр..., үз... .
1)Ой толғаныс сәйкестендіру тест.
Сабаққа бұзба
Жалқаулыққа кешікпе
Үлкеннің сөзін бұзба
Құс ұясын теппе
Малды бөлме
Үйде ысқырма
Суға түкірме
2) 349- жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазып,болымсыз етістіктерді тап.
VI.Шығармашылық жұмыс.(Деңгейлік тапсырмалар)
1)Берілген дара етістіктерді күреліетістікке айналдыр.
Жауды , келді, емдеді , еріді.
2)Мына сөздерден болымсыз етістік жаса.
3)Сөйлемнен етістікті тап.
Балалар орманға келді.Ағаштар бүршік жарды.Мұғалім балаларды оқытты.
4)«Көктем» тақырыбына әңгіме құрап жаз.
VII.Сабақты қорыту.
Дара,күрделі,негізгі
туынды болымды болымсыз
VIII.Үйге тапсырма.
IХ.Бағалау.