С.Бегалин Бала Шоқан (5-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылы «Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» кмм-сінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мундуинова Асем Ерболатовна

5-сынып. Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі (1-сабақ)

Жалпы мақсат: оқиға желісіндегі достық қарым-қатынасын нығайтуға тәрбиелей отырып, кейіпкер бейнесін толықтай ашуға, ой еңбегі мен шығармашылық қабілетін дамытуға, шығармадан алған жақсы әсерлерін өмірде қолдануға жағдай тудыру

Сабақтың типі: Жаңа метериалды меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ыстық орындық», «Түртіп алу», «Слайд-демонстрация», «Ой түю», «Еркін жазу», «Жол журнал»

Ресурстар: кесте, Ш.Уәлиханов туралы слайд



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-бірлерінің қолдарын ұстап, тілек тілейді (мұнда достық сезімін тудыруға жол ашу, себебі шығарма достық қарым-қатынасына байланысты болмақ) (1мин)


ІІ. Үй жұмысын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі арқылы диалогтік қатынасқа түсу. Мұнда оқушылар үй жұмысына байланысты «жуан» және «жіңішке» сұрақтарды қояды. (1мин)


ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Интербелсенді тақтаның көмегімен сергіту жаттығуын жасату (1мин)

«Түртіп алу» стратегиясы (мәтіннен кейіпкерлерді теріп алу) (2мин)

Шоқан – Шоқан Уәлиханов;

Мысық – Шоқанның досы;

Жақып – Шоқанның інісі; т.б.



Кейіпкерлерге мінездеме беру. Кестені толтыру (интербелсенді тақтаны қолдану) (3 мин)

Оқулықпен жұмыс. Мәтінде берілген кейіпкер іс-әрекетінен қандай мінез-құлықты байқадың? (10 мин)

«Слайд-демонстрация». Ш.Уәлиханов туралы слайд көрсету (1мин)

«Ой түю» әдісі. Шоқан кім? (қосымша мағлұматтан, шығармадан өздері қорытынды шығарып, ойларын түйеді) (5мин)

зерттеуші [pic] әдебиетші

тарихшы ғалым жаратылыстанушы саяхатшы, т.б.

ІҮ. Бекіту кезеңі

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі (6 мин)

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)





- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

─        Автор оқырманды қалай қызықтырады?

─        Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.


«Еркін жазу» стратегиясы (шығарманы негізге ала отырып, өздерінің қалауларынша шығармашылық тапрсыманы орындату). Шығармадағы кейіпкерлердің қандай қандай қасиеттерін өзіңе үлгі тұтасың? Не себепті? Қандай тәрбиелік мән алдың? (10мин)

Ү. Бағалау

«Жол журнал» стратегиясы (бағалау) (4мин)

ҮІ. Үйге тапсырма: (1мин)

1) Ғ.Мүсіреповтың «Жаңа достар» шығармасын С.Бегалин «Бала Шоқан» шығармасымен салыстыру (венн диаграммасына түсіру).

2) Шығарма желісі бойынша сурет салу.

3) Ш.Уәлиханов туралы кімнің қандай еңбектері бар, ол туралы қандай кинофильмдер түсіргендігі туралы мағлұмат жинап келу.