|
Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы.
Автор публикации: Әбілда Ш.Ә.
Дата публикации: 2016-10-01
Краткое описание: ...
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: білімділік - Ш.Мұртазаның өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек . түсінік беру дамытушылық – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таныту, оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. тәрбиелік – ел тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру. Құрметті ұстаздар, оқушылар,бүгінгі сабақтан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер! Біздің бүгінгі іс-шарамыз Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына арналады. Арнау Шерхан ағаға Зияудин Айдана Өзі дара, сөзі дара Ой толқытқан көңіл сана Әдебиеттің майталманы Мұртазаұлы Шерхан аға Талай газет,талай баспа Еңбек еткен ол баста Жүріп өткен жолы оның Үлгі болар талай жасқа Балаларды,жастарды Жазып өткен астарлы Қазақтың ол дара ұлы Жазылар тарих дастанында - дей келе іс-шарамызды бастаймыз. Ол кісі бүкіл өмірін шығармашылыққа сарп етті. Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын таныстыратын, Құрманәлі Аружан мен Қадырхан Арай. Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы Сан ұрпаққа тұлға болған ақындар Бір әйелдің намысы үшін жан қиған Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске Жалын болып,жылу болмау Әйел болып сұлу болмау Табиғатты алдаумен тең емес пе? – ендеше,Ш.Мұртазаның «41 жылғы Келіншек» әңгімесінен үзінді. Нақып Наргиза Шерағаңның «41-жылғы келіншек» атты әңгімесінде Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді жары майданға кеткеннен оралмады. Хадиша күні-түні Мақсұтты күтумен болды;
«Сорлысың, сорлы, - деп Ақшай ернін шығарды, ерніңе күйдіргі шыққыр.
- Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп кекетті.
- Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім.
Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым.
- Қайдасың, Мақсұт! – деп айқайладым.
Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем.
Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр.
- Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді.
- Хадиша өз даусынан өзі шошынып оянды. (Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек. 301-бет) Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» атты шығармасынан үзінді.Шығарманы мазмұнын жеткізетін Зайржанова Айгерім,сурет арқылы бейнелейтін Мырзабай Жансая мен Зияудин Айдана. Сабырлық алдында дұшпан сасады Сабырсыздан береке қашады. Ер бақыты-ел қолында, Ел бақыты-ерлер қолында- дей келе, Ш.Мұртаза тек шығармалар жазбай,бізге өсиет ретінде нақыл сөздер бар екен. Нұрдәулет Қанағат,Әлімбайқызы Бақнұр,Қанжігіт Қамбар. Келесі, Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан қысқаша көрініс. Сталин. Неге біз жағдайды қазақстандағы Голощекиннен емес, Москвадағы Рысқұловтан білеміз? Неге сенен басқа ешкім ләм демейді? Рысқұлов. Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы Сізге жетпей жатыр. Сталин. Қалайша? Рысқұлов. Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам Сізге хат жазған. Бірақ... хат ұсталған... Екінші сурет Мүсірепов (аһ ұрып). Түсіндім, Нұр-аға. Нұсхан (домбыраны жантайып қоя беріп, бет орамалмен маңдайын сүртіп). Түсінсең, солай Ғабитжан. Киіз тауырлықты, қыл құйрықты ел едік. Ешкімге залалымыз жоқ еді. Еліміздің қырылып жатқанын өз көіңмен көрдің. Мүсірепов. Дәл сондай сойқанды мен Керекуден де өз көзіммен көріп келдім. Нәубет төнген сенің Торғайың ғана емес, бүкіл Қазақстан! Нұхан. Көрсең неғып жайбарақат отырсыңдар! Сені жұрт Голощекиннің қасында отырады дейді ғой. Неге айтпайсың көрген сұмдығыңды? Мүсірепов. Осының бәрін Қазақстан өкіметіне де, Мәскеудегі Сталинге де...е-е, Рысқұловқада жаздық білем... Нұхан. Ал?! Мүсірепов. Немен тынарын біліп болмас. Үнсіз қалу да жарамас. Лақ екеш, лақ та бауыздарда тұяқ серпіп қалмас па?! Нұрхан. Айналайын Ғабитжан-ай, тиген қойдай қырылып жатқанымызда, ақырып айқай салар азаматтар тумады ма осыншама халықтан деп күйіп – пісіп кетуші едім. Бар екенсің ғой, жарығым! Мүсірепов. Ақырып айқай салар азаматтар атаулының көбі аждаһа көрген қояндай бұғып қалып отыр ғой. Нұрхан. Сонда қалай, халық қырылса, қырыла берсін, өзім аман қалайын дегені ме? Мүсірепов. «Қыз күйінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деген бар емеспе? Жайшылықта бәрі де: «Елім, жерім» деп еңіреген болады, ал ел басына күн туғанда әлгі «әулиелер»-мүнә-фи-күн! Нұрхан. О не тағы? Мүсірепов. Оу, Нұр-аға, құранды судай судыратқанда, мұны қалай білмейсің? Құранның «Әлмүнәфикүн» деген сүресін оқымап па едің. Меккеден күрейштерді бастап шыққан Әбу Суфианға қарсы мәдиналықтарды Мұхаммед расул алып шыққанда, мәдиналықтардың бірсыпырасы Әбу Суфиан жағына сатылып кетпеуші ме еді. Оларды расул «Мүнәфикүн»- яғни «екіжүзділер» - дейтіні қайда? Нұрхан. Е, Ғабитжан-ай, біздің құарн білуіміз далбаса ғой. Жұрттың бәрі өзіндей ғұлама қандай болсын. Сонда басшылар арасында да «Мүнәфикүн» болғаны ғой? Мүсірепов. Со-лай-дағы. Хұсни. Ғабит, сені телефонға шақырып жатыр Мүсірепов. Кім?. Хұсни. Крайкомнан- дейді. Мүсірепов. Жарайды.Әл-лө. Мүсірепов тыңдап тұр. Дауыс. Мен Голощекин жолдастың көмекшісімін. Крайкомға тез жетіңіз. Бюро бар! Мүсірепов. Мезгіл түн ортасы болайын деп қалды, не-ғылған бю-ро? Дауыс. Тез жетіңіз, кезектен тыс бюро! Мүсірепов. Жәрайды. Мезгілсіз шақырған тауықтың басын жұлмақ керек. Хұсни. Түн ішінде хауіпті, бит.Қаңғыбастар қаптап жүр көшеде. Мен бірге барайын. Мүсірепов. Сен қорған болып қарық қыларсың. Көшенің бандиттерінен аңдығандар хауіптірек.Ал, сен мені олардан бәрібір қорғай алмайсың. Одан да ана кастюмды алып бер. Ал, шалым мен төбелеске кеттім. Нұрхан. Апыр-ай, тыныштық болсын лайым. Бәле-жаласынан сақтасын. Бармай –ақ қойсаң қайтеді? Хұсни. Иә, бармай-ақ қойсаң, а? Ауыроып қалды дермін тағы звандаса. Мүсірепов. Жердің астына кіріп кетсең де таптырып алады. Қорыққанмен жан қалмас. Осының бәрі қорқақтықтан. Хұсни. Жалғыз сен батыр болып кімді шабасың. Барма. Мүсірепов. Неге сонша үрпие қалдың? Одан да мейманға шәй бер. Мүсірепов. Әллоу. Дауыс. Жолдас Мүсірепов! Бюро сізге қарап отыр ғой. Қашанғы күтуге болады?! Мүсірепов. Тез жетсін десең машина жіберіңіз. Дауыс. Мүмкін, айдауылды қоса жіберу керек шығар?! Хұсни. Ерегестіре көрме, Ғабит... Мүсірепов. Жәрайды. Түзелер еді бұл заман... пейілі жаман пендені...кесте астына жер тартып... Жә, қорықпа, Хұсни! Үшінші сурет Крайком. Сол бұрынғы көрініс. Тек голощекин түрегеліп, ары-бері теңселіп жүр. Қолы дірілдеп графинмени су құйып ішпек болды. Стаканды ауызына апара беріп, ішпестен қайта қоя салды. Бюро мүшелеріне сүзіле қарайды. (177-180 бет) Төртінші сурет Сол бұрынғы кабинет. Тек отырғандар сіресе қалған. Голощекин-креслода. Әлдеқалай қобалжулы. Саусақтары дірілдеп, графинмен су ішпек болды. Бірақ иіскеп, ішпей қоя салды.(180-183 бет) Бесінші сурет Сол баяғы кабинет. Таң бозарып келеді. Үстел басында- бюро мүшелері, үстел қасында түрегеп тізіліп тұрған бесеу-Мүсірепов, Ғаттаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев. Он үшінші сурет Бюро. Түрегеп тұрған бесеу: Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев.(195-196 бет) Голощекин. Атыласыңдар! Бесеуің де атыласыңдар! Құрамысов. Атылады! Сотқа беру керек! Жантоқов. Бәрі де пантюркистер. Атылсын! Исаев. Инквизация болмасын. Социализм-инквизация емес. Орта ғасырға қайта оралмайық. Голощекин. Сандырақ! Социализмнің қас жауына аяушылық болмайды. Құрамысов. Партиядан шығарып, сотқа беру керек. Жантоқов. Атылсын! Голощекин. Не амал, сені ажалға қимай-ақ қоюға болар еді. Бірақ сен түзелмейсің. Саяси бүкір адамсың. Ал, бүкірді тек мола түзейді. Мүсірепов.Ал сіз саяси авантюрист адамсыз. «Кіші Октябрь», «Асыра сілтеу» бәрі авантюра! Елеусіз. Қарағым, Ғабит-ай, тым тіресе бермесеңші... Мүсірепов. Атам қазақ айтқан: «Шалқайғанға – шалқай, пайғамбардың ұлы емес; еңкейгенге-еңкей, әкеңнен қалған құл емес». Голощекин. Айттым ғой, саяси бүкір адамдытек мола ғана түзейді деп.Аттылсын! Мүсірепов. Атыңдар! Голощекин! Құрамысов! Жантақов! Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тірілгенде екі дүниеден де орын таппай қаласыңдар. Сендер сияқтылар бұрын да болған. Сендер сияқтыларға Данте айтқан: «Қара бетті аспан қарғап, тамұқ та оны қабылдамас» деген. Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады. Ал, сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар. Ал, атыңдар! Қатысушылар: 1. Ғабит Мүсірепов – жазушы 2. Голощекин – Крайкомның І секретары 3. Сталин – Генсек – (бас секторы) 4. Құрамысов – Крайкомның ІІ секретары 5. Иванов – Бюро мүшесі 6. Елеусіз – Бюро мүшесі 7. Жантоқов – Бюро мүшесі 8. Нұрхан – ақын 9. Күләнда – елдегі қыз 10. Рысқұлов – Совнарком председателінің орынбасары 11. Хұсни – Мүсіреповтың әйелі Соңында барлық оқушылар сахнаға шығады. Бүгінгі өткен Ш.Мұртазаға арналған іс-шарамызда біраз мәліметтер алдық. Сбағымызды қортындылай келе сұрақ-жауап. көрермен сіздерге сұрақ. Бірінші сұрағымыз «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз? Екінші сұрағымыз Романың «Тұтқын бала» тарауында, кім не туралы айтылады? Үшінші сұрағымыз Ш.Мұртаза кім? Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі сабақтан тыс іс-шарамызға қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!
|
|