Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем, жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Лепті сөйлемнің жасалу жолдарын, мағыналарын, тыныс белгілерінің қойылу жағдайларын меңгерту.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар орындату арқылы өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау, ойлау, зейін қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік: Мәтіндерді мәнерлеп, интонациямен оқыту арқылы әдеби тілде мәдениетті сөйлеуге баулу, өнерді сүюге, жан-жақты білімді, өзіндік көзқарасы бар азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, үш өлшемді оқыту, кітаппен жұмыс, проблемалық
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, карточкалар т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау), Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б.Шалабаев «Практикалық қазақ тілі»
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)
2. Үй тапсырмасын тексеру (Тест сұрақтары арқылы)
3. Жаңа сабақ
а). Жаңа материалды түсіндіру
Айтушынының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Жасалу жолдары тақтадан көрсетіледі:
Жасалу жолдары 1. Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады
2. Сөйлемде ақ, ау, ғой, ай шылауларының қатысымен жасалады
3.Көңіл-күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады
4.Интонация арқылы
жасалады
Мысалы
Жұрт ілеспей қалар ма! Оның кездесіп қалмасы бар ма!
Өлеңнің сөзі сөз-ақ екен! Балам-ау, естиін дегенім осы ма еді! Сен енді бара ғой!
Көкшетаудың биігі-ай!
Апырай, бұндай да көркем дауыс болады екен!
Пай,пай, сенің Сары балағың құстың патшасы ғой!
Бәрекелді! Бәрекелді!
Сүйінші! Сүйінші! Өркенің өссін!
Проблемалық сұрақтар:
Мұғалім қызметі Оқушы әрекеті
- Лепті сөйлемдерден соң Мүмкін болатын ұсыныстар:
қандай белгі қойылады? - Леп белгісі, нүкте...
- Леп белгісі
- Кейбір сөйлемдер әрі сұраулы, - Леп белгісі, мүмкін сұрақ белгісі...
әрі лепті болып келеді.
Онда қандай тыныс белгісі қойылады? - Екеуі де...
- Әрі сұрақ, әрі леп белгісі қатар қойылады.
Мысалы: Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?