Научное работа на тему: «Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақстан Республикасының

Білім және Ғылым министрлігі

«Айнабұлақ негізгі орта мектебі»


Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы:

«Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері».


Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Ташметова Г



Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1)
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері.

2) Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияарды тиімді пайдалану.
ІІІ. Қорытынды




































Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында »

Н.Ә.Назарбаев

Кіріспе:

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандау үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік көлемде, білім, білік, дағдылары меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі ХХІ ғасыр – ғылым мен білім, бәсеке, еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.

Оқыту процессінде ақпараттық, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүелеуді талап етеді. Осының барлығын жүзеге асыруда педагог мамандардың өзіндік ізденісі, шеберлігі өз ісіне аса берілген ұстаз ретінде қалыптасуының маңызы аса зор.

Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеялярымен дүние жүзін жаулап, байып келеді. Ал, инновация дегеніміз не? Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп қолданысы кеңейе бастаған «инновация» термині ауызекі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеқінен қанат жайып келеді. Енді осы сөздің түп-төркініне үңіліп көрейік.

«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «Жаңалық, жаңашылдық, жаңалық енгізу, өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және проццес ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, меқсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдаструға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогикалық маңызды екі проблемасы құрайды. Олар озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін тәжірибеге енгізу проблемасы. Яғни, инновациялық процестің нәтижесі теория мен тәжірибенің тоғысуында пайда болатын теориялық және тәжірибелік жаңалықтарды енгізуі тиіс.

































Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері.

Жаңа ақпараттық технологияларға қазіргі кезде таратылып жүрген электрондық оқулықтар, слайдтар, DVD технологиясы, интернет, интерактивті тақта мен проекторлар негізінде бейне оқыту жүйелерін көрсете отырып, ақпараттық технология негіздерін ұтымды қолдана білу, интернет, электронды пошта арқылы ақпараттарменқамтамасыз ету ақпараттандыру жағдайындағы инновациялық оқытудың негіздері.

Мектепті ақпараттандыру үрдісі дамып келе жатандықтан электрондық оқулықтардың қажеттілігі күн сайын артып келеді. Біздің түсінігімізде, оқулық – бұл белгілі бір пәнге байланысты материалдар жүйелі түрде ұсынылатын оқушыларға немесе студенттерге арналған кітап.

Электрондық оқыту – оқу материалдарда кездесетін қиындықтарды артта қалдыратын, мультимедияның соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Электронды оқыту – бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мүғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін электрондық түрде қамтиды.

Электрондық оқыту жағдайында іртүрлі оқыту формалары мен әдістеріне мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескерту қажет. Яғни, жасау және қолдану техологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі. [pic]

Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесіжасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне қадам басуда. Білім саласында әртүрлі нұсқаудағы мазмұны мен құрлымы ғылымға, тәжрібеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар көптен саналады.

Жаңа техналогияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі өз мамандығына сүйіспеншілігі мен алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.

Оқыту техналогияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас, писхо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай дұрыс таңдап, тәжірибеде сынап көрудің мазмұны зор.

Жаңа техналогияларды игеру мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің, интелектуалдық, рухані адамгершілік , азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін-өзі шығармашылық ізденістер арқылы дамып тиімді жолдарды табуға көмектеседі.

Мұғалім мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім мазмүны мен оқыту технологиясын таңдайды. Қандай болмасын істің жемісін, нәтижесін көру үшін әрине негізгі екі шартты: 1. мақсатты дұрыс қоюды, және осы көздеген мақсатқа жету үшін; 2. құралдарды дұрыс пайдалану қажет.

Осы екі шарт дұрыс орындалған жағдайда ғана нәтижеге жетуге болады.

Сонымен, жаңаша оқыту технологиясы – оқыту процесын ұйымдастыру. Басқару және бақылау болып табылады. Ағылшын тілі пәнін оқыту М. М. Жанпейсованың модулдік оқыту технологиясымен тығыз байланысты. Жалпы жаңаша оқыту технологиясы мұғалім тарапынан үлкен ізденімпаздықты, ұйымдастырушылықты талап етеді.

Ең бастысы – мұғалім оқытуда алдына қандай мақсат қоятыны, ондағы оқушының рөлі және ол мақсатқа жету жолдары мен қорытындысы.

Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамтып,істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежге жеткізу керек.





Яғни әрбір шет тілі мұғалімі:

1. оқушыға сенім көрсету,

2. оқушыға мақсаты мен міндетін білүге көмектесу,

3. оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру,

4. оқушыны ұялмай өз пікірін айта алуға тәрбиелеу,

5. оқушы қиыныққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу,

6.әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.

Модулдік оқыту технологиясы бойынша тақырыпті түсіну, модулдегі басты мәселені ажырату оқушылардың өзіне жүктеледі. Оқыушы сүреттер көрсету, кассета тыңдау, схемалар сызу сияқты жалпы жұмыстар ұйымдастырады, бұрынғыдай бәрін дайындап, оқушының аузына салып бермейді, оқушы өзі машықтанып, өзі болжамдайды.

Оқушылар оқуға, тыңдауға, сөйлеуге қойылатын сызбаларға сүйеніп мәтіндермен жұмыс жасайды. Бірақ тапсырмаларды барлық оқушылар бірдей орындай алмайтыны ескеріліп түрлі деңгейдегі деңгейлік тапсырмалар әзірленуі тиіс.

Мысалы, ІІІ деңгейге мәтін не туралы, басты кейіпкерлер сұрақтарға жауап беру сияқты жеңілдетілген тапсырмалар берілсе, ІІ деңгейге қыин сөздердің мағынасымен таныстыру жүктеледі, ал І деңгейдің оқушыларына проблемалық сұрақтар қою арқылы олардың ой-пікірлерімен есептесіп, ынталандыру көзделеді.

Модулдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқытушы ойын элементерін де ұмытпауы керек, себебі ойын шет тілін уйрену процесы кезінде оқушыны жандандырады, ұялшақтық сезімінен айықтырады, өзіне деген сенімін арттырады және материалды жеңіл меңгеріп, ұзақ есте сақтауға баулиды.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – оқушылар тапсырманы өздерінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдай алады. Бұрыннан білетін грамматикалық ережелерді тереңдете оқыту арқылы оқушылардыңқабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазба тілін дамытуға жағдай жасалады.

Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудағы түпкі мақсат – материалды толық игерту әдістемеі. Бұл технология дамыта оқыту идеясына негізделген.

Біз жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасап, оқытуда жаңа педагогикалық технологияны барынша қолдануға тырысуыміз крек. Осы мақсатқа жету үшін коммуникативтік үлгідегі сабақтарды да ұйымдастыруға үлкен мән беруіміз керек.

Олар:

  • КВН сабақ

  • Конференция сабақ

  • Вернисаж сабақ

  • Панорама

  • «Дөңгелек үстел» сабағы

  • Аукцион сабақ

  • Сынақ сабақ

  • Лекция сабақ

  • Семинар сабақ

  • Экскурсия сабақ

  • Көрме сабақ

  • «Сот жүргізу» сабақ

  • «Телекөпір» сабағы

  • «Музыкалық колейдоскоп» сабағы

  • «Хайуанаттар әлеміне саяхат» сабағы

  • Олимпиада сабағы

  • Спектакль сабағы және т.б.

Жоғарыда аталған коммуникативтык үлгідегі сабақтар дәстүрлі сабақтарға қарағанда оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттеріноятып, тәртіптілік пен жолдастыққа, саналыққа әлеуметтік ұстанымдардың қалыптасуына, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достыққа, сыйласымдыққа әсерін тигізеді. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, сыныптағылардың пікірі бойынша тұжырым жасауды, ортақ іске өз үлестерін қосуды, жолдастарының жауаптарына пікір айтуды, әртүрлі ойларды сын елегінен өткізуді, дұрыс ұсыныс жасай алуды үйренеді.

Ағылшын тілі сабақтарында әсіресе жоғары сыныптарда жоспар бойынша өтілген тақырыптар негізінде коммуникативтік үлгідегі сабақтардың мерзімін, мақсаты мен міндеттерін белгілеп, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттап отырамыз. Біз экскурсия, телекөпір сабақтарын ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып саналатын Ұлыбритания, АҚШ елдерімен танысқанда ұйымдастыраыз, ал «Экология» тақырыбыен жұмыс кезінде «Дөңгелек үстел» сабағын даярлауға болады. Коммуникативтык үлгідегі сабақтар өте үлкен дайындықты қажет етеді. Бұл жерде оқушылардың өзіндік жұмысының рөлі зор. В. Г. Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідеі шарттарға байланысты:

а) жұмыстың мақсатын айқын түсіну;

ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.

Коммуникативтык үлгідегі сабақтарға дайындық барысында біз оқушылардың ғылыми ізденімпаздық саналары мен қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударамыз, оқушылар қосымша әдебиеттерден, интернеттен көптеген қызықты материалдарды тауып, оларды өз жұмыстарында пайдаланады.

Конференция сабағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың ағылшын тілінде коммуникация жасай алуына мүмкіндік туғызады. Конференцияға дйындық кезінде оқушылар өз бетімен баяндама тақырыптарын таңдайды, зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында алынған нәтижелер бойынша есеп беруге дайындалады. Конференция арнайы бір сыныпта немесе мектепішілік сипатта да өткізілуге болады. Конференцияны өткізудің бір түріне симпозиум жатады. Симпозиумда мұғалім жалпыға бір мәселені дайындап, ал оқушылар сол мәселе төңірегінде өз ойларын жазбаша және ауызша даярлайды. Ауызша баяндама жасаушыларға 7-10 минут уақыт беріледі, одан кейін баяндамашы конференция қатысушыларының әдістемелік ерекшеліктеріне қарай өткізілуі мен дайындығы жағынан конференция пікірталасқа сәйкес, осыған орай біз алдын-ала оқушыларға пікірталасқа қатысуға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін, кейбір сөйлем оралымдарынберіп қоямыз. Конференция сабағын ұйымдастыру ұшін өте көп көрнекі құралдары даярлау қажет: суреттер, плакаттар, диаграммалар, сызбалар, кестелер және т.б. Біз бұл сабаққа техникалық құралдарды кеңінен пайдаланамыз. Конференция сабағын ұйымдастыруда мұғалімнің ролі ерекше, ол оқушылардың беленділігін арттыру үшін тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап, оларді боліп беріп, конференцияның өту әдістемесін оларға түсіндіреді. Келешекте үлгерімі жақсы сыныптарда мұғылімнің орнына конференцияны жүргізуші ролін оқушыға беруге болады.

Коммуникативты үлгідегі сабақтар оқушылардың оқу-танымдық ынтасын белсендіру міндеттерін шығармашылықпен шешуге, өз көзқарастарын қалыптатыруға, ойлауға, тұжырым жасай алуға, білімдерін жүйелі түрде толықтыруға, тереңдетуге, ағылшын тілінде қатесіз еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай туғызады.





















Қорытынды:

Қорыта келе, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы менің көздеген мақсатым – оқушылардың ынтасын, белсенділігін, шет тіліне днген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін, оның болашағы мен дамуы, тиімділігі жайында сөз өозғай келе, білім беруде компьютерлік және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын қарастырып, әр оқытушы өз пәні бойынша инновациялық технологиялар қолданысын ақпараттық технология арқылы сапалы білім беруді ұйымдастыру қажет.

Электрондық оөулықтар арқылы түрлі сүреттер, видеокөріністер дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Компьютерді шет тілі сабағында қолдану маңызды:

  1. Оқушы қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын жан-жақты терең түсінуге мүмкіншілік алады;

  2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмыысына да тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Коммуникативті үлгідегі сабақтар оқушылардың оқу-танымдық ынтасын белсендендіру міндеттерін шығармашылықпен шешуге, өз көзқарастарын қалыптастыруға, тереңдетуге, ағылшын тілінде қатесіз еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай туғызады.

Ол үшін ең алдымен әр оқушыға:

  1. Күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай оқу модулін, сабақ жоспарын құрастырып алған жөн. Тапсырмаларды жұптық, ұжымдық, топтық және өзіндік деп бөлу қарастырылады;

  2. Тарататын үлестірмелі материалдар дайындалады;

  3. Оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындау;

  4. Білімді меңгеруде сызба, кесте, схема, тірек белгілерін көптен қолдану;

  5. Тестілік бақылау тапсырмалары дайындалады.

Ағылшын тілін оқыту үрдісінде диологтық қарым-қатынастың маңызы зор. Диологтық қарым-қатынаста оқушылар бір-біріне жағымді әсер етеді, ой қозғайды, белсенділігі артады, қарым-қатынас нығаяды.

Әр модуль соңында қорытынды тестілер жүргізіледі, өйткені оқушының білімді қалай меңгергенін бағалау – оқытушының ең жауаптыісі болып табылады.

Қорытынды тестілердің мынадай түрлері болуы мүмкін:

  • Еске түсіру;

  • Толықтыру (ивристикалық);

  • Іріктелген жауаппен;

  • Альтернативті жауаппен;

  • Аралас жауаппен.

Білім сапасын жаңа деңгейге көтеру әр оқытушы жоғарыдакөрсетілген жаңа технологияларды өз сабақтарында көптен пайдаланғанда ғана мүмкін болмақ.

Жүсіппек Аймауытов атамыз: « Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, олжаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту – басты міндетім деп білемін.

























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 01. 03. 2006.

  2. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2007ж.

  3. Абубаева А. «Электроды оқулықтарды пайдалану» Информатика негіздері, №4 – 2006.

  4. Бейсенова Г. «Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі» Г., Қазақстан мектебі №6 - 2006.

  5. Нұрғалиева Г.Қ. «Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестігі гуманизациялау құралы» Алматы, 2002.

  6. Шетел тілін оқыту әдістемесі. №1,2/2011.

  7. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. №2/2011.

  8. Қазақстан Республикасының техникалық кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  9. Мектептегі шет тілі. №4/2010.

  10. Елухина Н.В. Обучение аудированию в русле коммуникативно-ориентированной методики // Иностранные зыки в школе – 1989.