Нұр аға- нар тұлға

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Нұр тұлға – Нұр аға

Аюпова М.С

М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп- гимназиясы кітапханашысы

Мақсаты :

  1. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

  2. Оқушыларға Президенттің ел жасаған істерін үлгі-өнеге ету.

  3. Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандылыққан,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері,кітаптар бұрышы,нақыл сөздер,слайд.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Слайд көрсетіледі.

Кітапханашы М.С.Аюпова «Нұр тұлға –Нұр аға» реферат оқиды.

1-жүргізуші:

Бұл-еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн.Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы

1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.Сөйтіп,ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабамыздың тарихи аманаты орындалды.

Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

2-жүргізуші:

Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған.Ата-анасының ұзақ кткен ұлы,тұңғыш баласы отбасын,қуанышпен үлкен қызыққа кенелтті.Шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамның даусы естілді.

Нұрсұлтан үшін алғашқы мектеп қоңырауы Шамалған ауылында соғылды.Бұл мектепте әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері оқыды,сабақ берді.Мүмкін осы жерде білімге деген құштарлық пен шыдамдылық,адамға деген ерекше ашықтығы қалыптасқан болар.

1-жүргізуші: 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық қарасаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атаулы жөнінде заң қабылдады. Себебі 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды. Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті. Талай қиыншылықты елмен бірге көріп, батыл қадамдар арқылы елімізді дүниежүзіне әйгілі мемлекет ретінде танытып отырған – осы Елбасы.

2- жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы, Дүниежүзілікқазақтары қауымдастығының төрағасы. Елбасымыз өнерге құштар жандардың бірі. Ол «Елім менің», «Үшқоңыр», «Сарыарқа» әндерінің сөзін жазған және Мемлекеттік әнұран мәтінінің авторы.

1-жүргізуші:

Отбасындағы тұңғыш ұл,сондықтан мойнында аса үлкен жауапкершілік.Ата-анасына көмектесіп,уақытша өз арман-мұратын ұмытуға тура келді.Сондықтан «Ленинская смена» газетінен Бүкілодақтық комсомол құрылысы металлургиялық комбинаттың жастыарды шақыруы туралы оқып,Нұрсұлтан металлург мамандығын алу үшін сонда баруды шешті.Ата-анасы бұл шешімге қарсы болмады,оны қолдады.Алда Днепродзержинскіде болат қорытушы мамандығына оқу,кейін Теміртаудан жаңадан салынған металлургиялық комбинатта мамандығы бойынша жұмыс істеу күтіп тұрды.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз ел болу,тұңғыш президенттің сайлануы,осы тұлғаның арасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғарлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі-бәрі,бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес,әр сағаты жаңалыққа,игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Қазақ елінің жарқын болашағы,халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

1-жүргізуші: Менің атамда,анамда – қазақ . қазақпын деп айтуға намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тіршілігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

2-жүргізуші: Н.Назарбаетің өмір жолымен байланыстырып күн ойынын ойнайық.

Ойынның мақсаты: Балалар күннің шуағын алып сұраққа жауап беріп, жауапты күн шуағына іледі.






















Сұрақтар :


  1. Н.Назарбаевтың туған жылы, күні, айықандай?

  2. Н.Назарбаетың ата-анасы кім?

  3. Н.Назарбаетың әжесінің аты кім?

  4. Н.Назарбаев мектепті қай жылы бітірді?

  5. Н.Назарбаев еңбек жолын қайдан бастады?

  6. Н.Назарбаев қай жылы президент болып сайланды.

  7. Н.Назарбаев қандай әндердің авторы?

  8. «Елбасы» мәртебесіне қашан ие болды?



Жауаптары:


  1. 1940 жылы 6 шілдедеАлматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келді.

  2. Әкесі –Әбіш, Анасы-Әлжан

  3. Әжесінің аты Мырзабала.

  4. 1958 жылы Қаскелең ауданында Абай атындағы орта мектепті алтын медалмен бітіреді.

  5. 1958 жылы Теміртаудағы металлургия зауытының құрылысынан бастайды.

  6. 1991 жылы 1 желтоқсанда президент болып сайланады.

  7. Елім менің, Үшқоңыр, Сарыарқа.

  8. Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды


Қорытынды:


Құрметті оқушылар,бүгін тәрбие сағаты барысында Егеменді еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеткен жетістіктеріне куә болдық.Осы жетістіктер ол кісіні көкке көтерді.

Н.Назарбаев-өзінің ерең еңбегімен,халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елдә және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.

Уақыт өтер,бірақ Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев Қазақстандық және жаһандық әлемнің тарихында,біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады.


Қазақстанның болашағы сендер,сондықтан да саналы,білімді,адами қасиеттерің зор болып,әрқашанда елбасымызды ұлықтап,ел сеніміне ие бола біліңдер.