Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№2 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ракишева Дана Труспековна
9-сынып
Сабақтың тақырыбы : Леп белгісі
Сабақтың мақсаты : білімділік – Тыныс белгілерін ажыратуға үйрету;
дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау, логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;
тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету, жан дүниелерін байыту.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамның түрлі көңіл күйін білдіріп, жан дүниесіндегі (таңырқау, реніш, қамығу, т.б.) өзгерістерден хабардар ететін сөйлемдер – лепті сөйлемдер. Лепті сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады.
Леп белгісі
[pic]
Қойылатын орындары Көтеріңкі
дауыспен
айтылған
лепті
сөйлем-
дерден
соң қо-
йылады.
Тілек,
өтініш,
алғыс,
бұйрық,
зекіру, зіл
сазындағы
бұйрықты,
алғыс, бата
сөйлемдер-
ден кейін
қойылады.
Ұранды
және ерек-
ше мәнмен
көтеріңкі
айтылған
атаулы
сөйлем-
дерден
кейін
қойылады.
Көтеріңкі
дауыспен
айтылған
қаратпа,
одағай,
жөне
«жоқ»,
«иә»
сөздерінен
кейін
Сәлемдескенде айтылатын сұраулы
шылауы бар
сөздерден кейін,
сұрау мәнін
білдірмейтін
қандай, неткен
есімдіктері таң-
дану, қуануды
білдіріп тұрса леп
белгісі қойылады.
Қош
келдің,
ағатай!
Болды!
Тоқтат!
Бірлік
жасасын
Алақай!
Апа
Деймін!
Есенсіз бе!
Қандай ғажап!
Жаттығумен жұмыс: 117-жаттығу. Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Анаңның асыл қасиеттері мен оған деген ыстық сезіміңді лепті сөйлемдерді пайдалана отырып айтып шығыңдар.
Талдау жұмыстары: 118-жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді талдайды.
киімім
[pic]
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] Үш құрамды.
[pic] Туынды сөз.
[pic] Дара
[pic] Бір лексикалық,екі грамматикалық мағына
[pic] Етістік.туынды зат есім,тәуелдік жалғауы
Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 119-жаттығу.