Ашық сабақ Өз тіліңді құрметте (9 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


9в класс Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Өз тіліңді құрметте! Білім сайысы.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Ә) Дамытушылық. Оқушыларды тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуге үйрету. Сөйлеу қабілеттерін дамыту, сабаққа деген белсенділігін арттыру.

Б) Тәрбиелк. Оқушылардың туған жеріне, еліне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру.


Сабақ түрі: қалыптан тыс сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, іздену, ойлану, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, география, ән, өнер.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, тірек сызбалар, ұлы ғұламалардың сөздері.



І. Ұйымдастыру жұмысы.

ІІ.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Білім сайысы.

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ тілім-өз ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілі.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

- Құрметті қонақтар! «Өз тіліңді құрметте!» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста 9в сыныбы 2 топқа бөлініп, өз білімдерін ортаға салады. Танысып қойыңыздар!

1-топ «Қырандар». Топ басшысы: УалиеваМ.

2-топ «Білгірлер». Топ басшысы: Теленгутова А.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең «Бәйге» деп аталады.

Бұл кезеңде жауап нақты болуы керек. Қай оқушы қолын бірінші көтерсе сол жауап береді. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Тыңдаңыздар!

  1. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге қашан ие болды?

  2. Екінші рет тіл туралы Заң қашан қабылданды?

  3. Аристотельден кейінгі екінші ұстазды ата.

  4. Отан дегеніміз не? Қандай мақал-мәтел білесің?

  5. Құрмалас сөйлем түрлерін ата.

  6. Қандай күйшілерді білесің?

  7. Тіл туралы Заңның қай бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» делінген?

  8. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата.

  9. Қазақстан Республикасының туының авторы кім?

  10. Тіл туралы мақал-мәтелдерді айт.

  11. Қазақстанның елтаңбасы неше түстес?

  12. Салалас құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?

  13. «Отан» сөзінің синонимі.

  14. Қазақстанның жаңа әнұраны ресми түрде қашан қабылданды?

  15. Елтаңбаның авторы кім?

  16. Ән падишасы, вальс королі кім?

  17. Шаңырақтың суреті қайда бейнеленген?

  18. Екінші Мекке атанып кеткен қаланы ата.

  19. Астанадағы 97 метрлік ғимарат қалай аталады?

  20. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?

2-кезең. «Полиглот»

Көп тіл білу-өмір талабы. Берілген мақал-мәтелдерден жоқ сөздерді тауып, үш тілде айту.

Бір тілде 10 ұпай, 2 тілде 20 ұпай, 3 тілде 30 ұпай.

  1. Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ....... өсіреді.

  1. Анам берген туған тілім,

....... берген құрал тілім.

  1. Тәрбие басы – тіл,

...... алды – тіл.

  1. ...... – теңіз, білім – қайық.

  2. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, ...... кетер.

  1. Кітап ғылым, тілсіз........

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз ....... ұлтан бол.

  1. Отансыз адам - ...... бұлбұл.

  2. Туған жердей ...... болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. .........көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.


3-кезең «Көкпар»

«Жаңылтпаштар» сөзі беріледі. Екі минутта қай топ көп сөз жинаса, сол топ ұтады.


4-кезең «Жеті жұмбақ»

Әр топ сандарды таңдайды, әр сан әр пәнге арналған, әр пәннен сұрақ беріледі.

1-топ. Қай санды таңдайсыздар?

2-топ. Қай санды таңдайсыздар?

10. Қазақ тілі

Қазақ тілінде неше жалғау бар? Қандай?

15. География

Қазақстанда неше миллион адам тұрады?

20. Ән

Әнұранның әнін және сөзін кім жазды?

25. Қазақ әдебиеті

Жүз жасаған ақын кім?

30. Тарих

ҚР қашан тәуелсіздік алды?

35.Қазақ тілі

Антоним дегеніміз не? Мысалы.

40. Өнер

Қандай кино, театр актерлерін білеміз?

45. География

Қазақстан қандай елдермен шекаралас?

50. Ән

Қазақ әндерін алғаш шетелге таныстырған кім?

55. Қазақ әдебиеті

Қорқыт ата кім? Ол нені аңсады?

60. Тарих

Үш жүзді біріктірген хан кім?

65. Қазақ әдебиеті

«Абай жолы»роман эпопеясының авторы кім?


5-кезең. «Жорға»

Екі топ басшысы шығып, 1 минутта қанша сұраққа жауап береді.

Мына екі конвертті таңдайсыздар. Қай басшы 1-ші конвертті алса, сол бастайды. Ал бастайық.

1-ші басшыға сұрақ

1. ҚР-ның рәміздері

2. Абайдың шын аты.

3. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

4. Алғаш мектепті ашқан кім?

5. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері.

6. «Мұғалім» сөзінің синонимі

7. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

8. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз.

9. Қазақ тілінде неше септік бар?

10. Оңтүстік астананы ата.

11. «Тәуелсіз» сөзінің аудармасы.

12. «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?

13. Қазақ батырларын ата.

14. «Құдатғу білікті» кім жазды?

15. Қазақстанда қанша облыс бар


2-ші басшыға сұрақ

  1. Қр-ның Президенті

  2. Үш биді ата.

  3. «Наурыз» сөзі қандай тілден енген?

  4. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

  5. Қазақ халқының ұлы ақыны кім?

  6. М.Әуезовтың атақты роман-эпопеясы.

  7. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

  8. Тіл білімінің атасы

  9. «Шәкірт» сөзінің синонимі

  10. Солтүстік астананы ата

  11. Наурыз мерекесінің басты асы

  12. «Дружба» сөзінің аудрмасы

  13. Абайдың әкесі, анасы

  14. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?

  15. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз.


ІҮ. Қорытындылау.

    1. Екі топтың викториналық сұрақтары.

    2. «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.



Ү. Бағалау.

Топ жетекшілері топ мүшелерінің бағаларын бағалау парағына қояды.



Талғар аудандық білім бөлімі

«Мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар №33 жалпы білім беретін орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі










Өз тіліңді құрметте!

























Өткізген: Баймухамедова Қ.Қ.