Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 8
Өтетін күні: 20.01.15 ж.
Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Мақсаты: Сызықшаның бастауыш пен баяндауышқа қатысты орфографиялық қолданысын жетік меңгеру.
Міндеттері:
- сөйлем ішіндегі бастауыш пен баяндауышты ажырата білу және сызықшаның қолдану орнын үйрену;
- жоғары деңгейлі сұрақтар мен күрделенген тапсырмаларды қолдана отырып, сызықшаның қызметіне талдау жасау.
- меңгерген біліміне кері байланыс жасап, ой қорыту, ой толғаныс жазу.
Модульдер:
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану».
Әдіс-тәсілдер:
«Психологиялық ахуал», «Топқа бөлу: түрлі-түсті смайликтермен», «Мағынаны тану», «Сергіту сәті», «Мен – саған, сен – маған»,«Миға шабуыл», «КWL кестесі» рефлексиясы.
Кіріспе 5 мин
«Психологиялық ахуал» стратегиясы (физминутка).
Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
Үй тапсырмасын сұрау.Тест . Мақсаты:
Кері байланыс жасап, нақтылай өңдеу арқылы білімін нығайту.
Амандасу, қалдарың және көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа келмей қалған оқушыларды анықтау. «Психологиялық ахуал» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру.
Үй тапсырмасын «Тест» арқылы тексеру.
Амандасады. Музыка ырғағымен ырғала билейді. Көңіл-күйі көтеріледі.
Үй тапсырмасын «Тестілеу» арқылы түсіндіреді. Смайлик арқылы топқа бөлінеді.
«Смайлик»,
«қолпаштаумен бағалау»
АКТ, түрлі-түсті алмалар стикері.
Тұсаукесер
10 мин
Білу, тану
1-2 ұпай
Топқа бөлу
Мақсаты: ынтымақтастыққарым-қатынас орнату.
Сыныпты 3топқа үш түсті смайликтер) бөлемін.
Тақтадағы жазылған мысалдар арқылы жаңа тақырыпты анықтау.
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығарамыз да, міндеттерді анықтаймыз.
Диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
- Рахмет!
- Тамаша жауап!
- Жарайсың!
Оқулықты негізге алады.
Негізгі бөлім
25 мин
Жаңа сабақ
«Код индексі» стратегиясы
Мақсаты: ой қозғау,жаңа материалды игерту
«Код индексі» стратегиясының мәнін түсіндіріп, оқушыларға бағыт береді.
«Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша» атты жаңа тақырыпты оқулықтан оқып түсінеді. Оқушылар өз ойын постерге түсіреді.
- Жарайсыңдар!
- Белсенділік таныттың, мықтысың!
Оқулық
«Мен – саған, сен – маған» стратегиясы. Масаты:серіктесті серіктес оқыту
«Мен – саған, сен – маған» стратегиясы арқылы топтардың бір-бірімен білгендерін ортаға шығып қорғау керек екенін түсіндіреді.
Жаңа тақырып бойынша біліп, түсінгендерін постерге түсіріп қорғайды. Бұл тақырып бес рет қайталанып түсіндірілген соң оқушылар жаңабілімді меңгереді.
Смайликтер
маркер, фломастер.
Талдау, қолдану (практикалық кезең)
«Миға шабуыл» стратегиясы
Мақсаты: ой қозғау
«Миға шабуыл» стратегиясы меңгерген білімді тәжірибеде қолдану, яғни талдау жұмыстары арқылы білімді нақтылауға бағыттайтынын ұғындырады.40-41-жаттығулар
Жаттығулар орындайды. Топ жаттығу жұмыстарын талдап қорғайды.
смайлик
Оқулық, дәптер, қалам.
Өзара бағалау
Мақсаты: өзара бағалауды үйрету
Өзара бағалауға бағыт береді
Топтар бірін-бірі бағалайды. Оқушы өз серіктестеріне және өз тобына, басқа топтарға сыни көзқараспен қарай біледі.
Қолпаштау
Стикер
Қорытынды
3 мин
Бағалау
11-12 ұпай
Рефлексия
«КWL кестесі» стратегиясы
Мақсаты: кері байланыс жасау, өзін-өзі сыни тұрғыда бағалау.
Кері байланыс. «КWL кестесі» рефлексиясы.
Кері байланыс жасайды. «БББ» кестесін толтырады
Стикер
Үйге тапсырма
2мин
Үйге тапсырма. Мақсаты: жаңа тақырыпты пысықтау.
Тапсырмалардың орындалу барысын түсіндіреді.
42-жаттығу.
Теорияны оқу.
«Мінсіз оқушы қандай болмақ?» ойтолғаныс жазу.
Оқулық, дәптер.