Краткосрочный план по казахскому языку на тему

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


5сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің сәнді киімдерім

Мақсаты: тақырыпты меңгере отырып, сыни тұрғыдан ойлануға жағдай жасау.

Міндеттері:

-Менің сәнді киімдерім. Дауысты дыбыстар.

-тақырыпты өздігінен меңгеруге ықпал ету;

-топтық жұмыс барысында түсіндіру, баяндау;

-ақпаратпен өздігінен жұмыс жасауға қалыптасу

-өзін- өзі бағалау

Күтілетін нәтижелер:

- дауысты дыбыстарды жақтың қатысына қарай,

ерін мен езудің қатысына қарай ажырата алады.

-жаңа сөздерді қолдана алады.

-өз ойын еркін жеткізеді.

-сөйлеу дағдылары қалыптасады

-жұптық, топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

-өздігінен жұмыс жасауға қалыптасады;

- өзін- өзі , бірін-бірі бағалауды үйренеді.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,Білім беруде АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Әдіс -тәсілдер:Топқа бөлу. «Қарлы кесек» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі , Венн диаграммасы, «Кубизм» әдісі «Білемін, үйрендім, білгім келеді...» стратегиясы, қадағалау, өзін- өзі, бірін- бірі бағалау.



1.Амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Конвертте үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш фигураларын дайындап, топқа бөледі.

2.Психологиялық дайындық:

Балаларды саппен жүргізу, жарты шеңбер бойына тұрғызу.

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту: Сәттілік тілеймін...

Оқушылар конверттен алған фигура бойынша топтасады.

Шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне бір тілек айтады.


Фигуралар бар конверт

Білу

Кіріспе бөлімі

3 мин.

Өткен тақырыпты тексеру

«Қарлы кесек» әдісі

Өткен тақырып бойынша сұрқтар жазылған қарлы кесек күйінде оралған қағазды оқушыларға лақтырады.

Сұрақтары:

1.Сенің отбасыңда қанша адам бар?

2. Сенің отбасың қандай?

3. Отбасыңмен қайда демаласың?

4. Мұз айдынында не істеуге болады?





Оқушылар оралған бумадан бір сұрақты ашып, соған жауап береді.


Сұрақтар жазылған бума қағаз

Қызығушылықты ояту.

Жаңа тақырыпқа шығу

2 мин.

«Миға шабуыл» әдісі

Тақырыпқа қатысты суреттер арқылы

сабақтың тақырыбын ашу.

  • Суреттерде нені көріп тұрсыңдар?

  • Қандай киім түрлерін білесіңдер?


Сурет арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды


Мадақтау


Түсіну

Мағынаны тану















Қолдану


15 мин






Түсіну.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Жаңа сөздермен танысу



«Орнын тап» әдісі







Диалог

Сөздік:

сәнді – модный

сыртқы киім – верхняя одежда

күнделікті киім – повседневная одежда

бас киім – головной убор

аяқ киім – обувь

етік – сапоги

күрте – куртка

көйлек – платье

кию - одевать

шұлық – носки

таза ұстау – держать в чистоте

талғам - вкус


1.Шашыратылып берілген сөйлемдерден мәтін құрауға нұсқау береді. Әр топқа сөйлемдер таратылады. Қай топтың мәтіні дұрыс екендігін интербелсенді тақтадан немесе моноблоктан кілтін көрсетеді.

Сөйлемдер:

Айжан сәнді киінгенді жақсы көреді. Ол әр киімді талғаммен таңдайды. Жексенбі күні анасымен дүкенге барды. Дүкеннен сәнді киімдер қарады. Басына әдемі құлақшын, үстіне жарасымды көйлек, аяғына қызыл етік сатып алды. Таңдаған киімдерінің барлығы Айжанға жарасып кетті.

Диалогты жалғастыруға тапсырма береді

  • Сәлем, ... !

  • Сәлем, ... !

  • Мені бүгін кешке туған күнге шақырды. Қандай киім киерімді білмей отырмын. Сен маған көмектесіп жіберші.

  • Жақсы, жүр бірге таңдайық.


Жаңа сөздермен танысады.Сөздік дәптерлеріне жазады.











Берілген сөйлемдерді топтарында ақылдаса отырып,мәтін қылып құрайды.





















Оқушылар жұптасып, диалогты аяқтайды.
















Критерий бойынша бағалау

































Сөйлемдер жазылған үлестірме парақшалар





ИБТ

Сергіту сәті

2 мин


Тоңса біздің қолымыз,

Қолғапты киіп аламыз.

Сарт - сарт – сарт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етікті киіп аламыз.

Топ – топ – топ,

Топылдатып билейміз.


Шынығып, сергіп қалады.



Талдау


Грамматикалық білімдерін анықтау

Конверт-сұрақ

Әр топтарға тапсырмалар:

1-тапсырма:

Мәтіннен септікте тұрған сөздерді теріп, сетпіктерін анықтаңдар

2 тапсырма:

Берілген сөйлемдердің ішінен тек қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарға үлгі бойынша сипаттама беріңдер.

Үлгі: ә – дауысты дыбыс, тілдің қатысына қарай – жіңішке, жақтың қатысына қарай – ашық, ерін мен езудің қатысына қарай – езулік.

Бәтеңке, күрте, көйлек.


Әр оқушы берілген тапсырманы өздігінен орындайды.

Тапсырмаларды мұғалім тексеріп, ұпайын белгілейді

Тапсырма-

лары жазылған үлестірме парақшалар


кубик








Қорытынды








Бағалау



Үй тапсырмасы


Сабақты жинақтау үдерісі жүреді

БҮБ

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді






Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренгендерін, тағы не білгілері келетіндерін осы тақырып бойынша қандай ой түйгендерін кестеге түсіреді.




Стикерлер

БҮБ кестесі

5 мин

Сабақты бағалау үдерісі жүреді


Күнделік

Бағалау критерийлерін жинау, қорытынды баға қою.


«Менің сәнді киімдерім» деген тақырыпта әңгіме құрау

Топ басшысы жауап үлгісі бойынша бағаларын анықтап, күнделіктеріне қояды.

Сабақтан алған әсерін бағдаршам арқылы білдіреді.