Сыныптан тыс сабақ Менің тұңғыш президентім

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Класы: 6,7,8 класстар

Тақырыбы: Менің тұңғыш президентім.

Сабақ түрі: Сыныптан тыс сабақ

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

Дамытушылық: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
Тәрбиелілік: Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта, шарлар, букет, Елбасының кітаптары, бейнеролик, кеспе қағаздары,

Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, оқушылар, әділ-қазы алқалары!!!

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаны, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

Осы мерекеге орай, «Менің тұңғыш президентім» атты сайыс сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі сайысқа түсетін топтармен таныстырып өтейін:

1 топ- Болашақ

2 топ- Қырандар

3 топ- Білімді ұрпақ

Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І кезең-Таныстыру. (Әр топ, атын, ұранын таныстырады).

ІІ кезең -Үй тапсырмасы. (Топтарға Елбасының толық өмірін қамтитын тақырыпшалар бөлініп берілген болатын, осыған орай әр топ берілген тақырыптарды презентация арқылы қорғап шығады..

ІІІ кезең –«Бәйге» яғни, 3 топқа Президенттің өміріне байланысты ортақ сұрақтар қойылады.

IV кезең - Ситуациялық сұрақтар. Бұл кезеңде топ басшыларына ситуациялық сұрақтар қойылады.

VI кезең - Менің президентіме тілегім. Бұл сайыста оқушылар «Синквейн» әдісін пайдаланып, президентімізге арнап, өлең жолдарын шығаратын болады.

Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайыста төрелік ететін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.А.Ибатулина

  2. Мектебіміздің қосымша білім беру педагогы: Г.Д.Башеева

  3. Мектебімізде биология пәнінің мұғалімі: А.А.Бакитжанова



І кезең. Ендеше, бірінші кезеңімізді таныстыру кезеңін бастайық.

ІІ кезең. Үй тапсырмасы.

1 топ- Болашақ тобы «Президентіміздің балалық шағы және отбасы».

2 топ- Қырандар тобы «Президентіміздің қызығушылықтары».

3 топ-Білімді ұрпақ- «Кемел кезеңдері».

ІІІ кезең- Бәйге.

1.1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қанша % дауыс жинап жеңіске жетті? (98,78%)

2. 2. Елбасымыз Украина жеріндегі қай қалада техникалық училищені аяқтады? (Днепродзержинск)



3. Елтаңбаның авторларын ата. (Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов)

4. Қай жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейі ашылды? (2004ж)

5. Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтыған фильм қалай аталады? (Балалық шағымның аспаны)

6. Қай жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш “Ата заңы” қабылданды?  (1992 жылы 28 қаңтарда)

7.Қазақстанды алғаш рет тәуелсіз ел деп таныған ел? (Түркия)

8.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда неше жаста болды?(44)

9. Елбасының бастамасымен қазақ жастарына әлемдегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? (Болашақ)

10.НҰРсұлтан назарбаевтың әжесінің есімі кім? (Мырзабала)

11. Қазақстанның ең бай әйелі болып саналады? (Динара Құлыбаева)

12. Елбасының руы қандай? (Шапырашты)

13.Жұбайы —Сара Назарбаева қандай қорды басқарады? (Бөбек)

14. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева қай жылы үйленді? (1962)

15. 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады?(Тарих толқынында)

16.Нұрсұлтан Әбішұлының қандай ғылыми атағы бар? (Экономика ғылымының докторы

17.Елбасы басқаратын саяси партия (НұрОтан)

18.Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады? (Теміртау)

19.Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады? (9 бөлім ,98 бап)

19.Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады? (Бәйтерек)

IV кезең - Ситуациялық сұрақтар

1. Сіз топ басшысысыз тобыңызда сабаққа қатыспайтын, топты артқа тартатын оқушы болса, ол оқушымен қалай жұмыс жасар едіңіз?

2. Мектепте мектепішілік сайыс өткелі жатыр. Бірақ сіздің тобыңыз дайын емес.Сіз топ басшысысыз. Тобыңызды қалай алып шығар едіңіз?

3. Сіз –топ басшысысыз. Бірақ кейбір оқушылар сіздің топ басшысы болғаныныңызды қаламайды.Сіздің әрекетіңіз.

V кезең-Менің президентіме тілегім. Синквейн әдісін пайдаланып, оқушылар президентімізге арнап, өлең шығарады.

......................................... біздің,

...............................сыйлайтын.

.....................................тілейміз,

....................................Нұр атам.

...........................құтты болсын,

....................................әрқашан



Ал, енді әділ-қазы алқалары ұпай санын есептегенше 5 сынып оқушысы Қазбай Мәдидің орындауында «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Сонымен, Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды  болсын дей келе, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.Қатысқан оқушылар мен әділ-қазы алқаларына көп-көп рахметімді айта отырып,мына кішкене сыйлығымды қабыл алыңыздар!!!