«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы
Біз Тәуелсіздігіміздің даңғыл жолын Нұрлы жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел дегеніміз бұл елді біріктіретін күш, Мәңгілік Ел дегеніміз әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі.
Н. Назарбаев
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген болатын. Елбасымыз айтқандай, мәңгілік елді қалыптастыратын шығармашыл тұлға ол біздің балаларымыз. Сол балалардың тәрбиелі, білімді, саналы болып өсуіне тікелей ат салысып, демеу болу, қолдау көрсету білім беру ұйымы мен ата-аналар тарапынан жүзеге асырылатын үлкен өзектілік. Олай болса, бүгінгі баяндаманы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы» деген тақырыпта сіздерге ұсынғым келіп отыр.
Әр ел тілімен көрікті, бай-қуатты. Тілін дамытуда, қолданыс аясын кеңейтуде Үкімет тарапынан көптеген нормативтік актілер даярланады. Қазақстан Республикасы Халқының тілдері Заңын жүзеге асыру және халық арасында насихаттау, тіл мәртебесін арттыру мақсатында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын өзінің қарқынды жұмыстарын белсенді жасауда. Кез-келген мекеме, құрылымдық бөлімшелер елбасының тіл саясатын насихаттауда, тілдерді дамытуда өзіндік жұмыс жоспарларын бекітіп, сәйкесінше ауқымды жұмыстар атқаруда. Біздің мектеп мемлекеттік тілде білім мен тәрбие беретін ұлттық мектептердің бірі болғандықтан, осы өзекті міндеттердің орындалулары басты назарда. Елбасының жыл сайынғы жолдауларында тілдің мәселесі қозғалып, тілге деген аса үлкен көңіл бөлініп, назардан тыс қалмауда. «Еліміздің болашағы – қазақ тілінде», - деген сөзі елбасының барша жас ұрпақ арасында ұран секілді жатталып қалғаны мәлім. Бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруде, әлемдік деңгейге елімізді шығаратын келешек ұрпақ, тәуелсіздікпен тұспа-тұс өсіп келе жатқан жастар - қазіргі оқушылар. Әлемдік деңгейдегі жалпыға ортақ әлемдік тіл – ағылшын тілін үйрету, тілдік базаны қалыптастырып, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, оны арттыру – кез келген білім беру ұйымдарының басты міндеті. Елдің қамын ойлар халық, әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ болғандықтан, болашақ солардың қолында екендігін елбасы өзінің сөз сөйлеулерінде үнемі басымдылық жасайтындығы барша қазақстандықтарға мәлім. Елге деген құрмет сол елдің тіліне деген құрметпен іспеттес. Тілді үйрету арқылы қазақстандық патриотизмді дамытуға, болмаса патриоттық сабақтар арқылы сол елдің тілін арттыруға, қолданыс аясын кеңейтуге деген құлшыныстарын арттырып, насихат жұмыстарын арттыруға болады. Біздің мектепте елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын арттыруға, таратуға, жүзеге асыруға арналған іс-шаралар мектептің жылдық жоспарына енгізілген. Көптеген жұмыс түрлері әр түрлі формада және түрлі жас аралықты қамту арқылы жүзеге асуда. Оны мына кестеден көре аласыздар.
Сонымен бірге, тіл пәндерінің апталықтары, оның өзіндік жеке жұмыс жоспарларындағы іс-шаралар, түрлі патриоттық әндер байқауы, саяси-тарихи тақырыптарға шығармалар байқауын айтып кету жөн. Мектебіміз аудандық, облыстық және республикалық деңгейде түрлі поэзиялық, драмалық көркемсөз оқу, әдебиеттік оқу байқауларына белсенді қатысушылардың бірі болып табылады. Абай оқулары, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері, Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын дәріптеуге арналған аудандық жас ақындардың «Жырлайды жүрек» атты аудандық байқаулары біздің қатысушыларымыздың жүлделі орындарын қанжығасына байлаумен есте қаларлық патриоттық дәстүрлі байқаулардың біріне айналып барады десем артық айтқан болмас едім. Ашық байқаулардан қашықтықтан өткізілетін республикалық байқауларға қатысу да қалыс қалмауда (презентацияда түрлі мадақтау қағаздарының, сертификат, алғыс хат, грамоталардың көшірмелері). Қостанай дарыны мекемесі тарапынан өткізілетін ашық-қашықтықтан байқауларға да қатысып келеді. 2016 жылғы маусымда үш тілді дәріптейтін «О героях наших помнив, говорим» деген байқаудан жүлделі ІІ орын алдық.
Мектеп өміріндегі барлық патриоттық оқиғалар желісі бұқаралық ақпарат құралдарына жария ету дәстүрлі іс-шараның тағы да бір түрі болып табылады. Аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдар басылымдарына, ресми сайт парақшаларына үнемі жарияланып келеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, еліміздің, жеріміздің атын тарих бетінде мәңгілікке қалуына ат салысар білім алушыларды тәрбеилеуші, оқытушы, үйретер ұстаздар қауымының дендері сау, бастары аман, еліміз тыныш болғай. «Мәңгілік елім жасай берсін!» деген оқушылар және «Мәңгілік еліме атсалысқан шәкіртім» деуші шебер ұстаздардың алар асулары көп болсын. Назарларыңызға рахмет!
№28 Құсмұрын орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі А.Б. Абуталипова
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№28 Құсмұрын орта мектебі» ММ
Тамыз конференциясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
аудандық мұғалімдері секциясына
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы» тақырыбында баяндама.
Дайындаған: А.Б. Абуталипова
Әулиекөл, 2016 жылғы 26-тамыз
«Мәңгілік ел» атты жұмысы Астана қаласында басылып шығатын кітапқа енді 2016 жылғы
9-тамыз
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қосымша білім берудің оқыту-әдістемелік орталығы» МКҚК
«Репортер» республикалық байқауы
8-сынып оуқышысы Байдильдина Ляззат
ІІІ орын,
2016 жылғы 20-тамыз
Абуталипова Асемгуль Багитбаевна – қазақ тілі маманы Земницкая Валентина Ивановна - орыс тілі маманы
Алиаскарова Анар Хажымхановна – ағылшын тілі маманы
Шығармашылық топ жүлделі ІІ орын
Қостанай
10-сынып оқушысы Салмағанбетова Сымбат 2015 жылғы қазан
Номинация
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиада
10-сынып оқушысы Салмағанбетова Сымбат
ІІІ орын
АББ өткізген «Абай оқулары» байқауында
7-сынып оқушысы
Жазықпаев Айдар
«Көңілім әнді ұғады» номинациясында
І орын
Абайға 171 жыл, Ыбырайға 175 жыл толуына орай, көркемсөз оқу шеберлері байқауы
Сейтжанов Жандос
Қуанышбаева Айжан
Сағындықов Әкежан
І орын
ІІ орын
ІІІ орын
Аудандық ардагерлер кеңесі өткізген ҰОС Жеңісіне 70 жылдығына орай өткізілген Әлеуметтік жоба байқауы
Асанова Гүлназ
ІІІ орын
Қазақстандықтар – болашағы бір халық
Аудандық пікірсайыс турнирінде
9-сынып оқушысы
Асанова Гүлназ
І орын
Аудандық тілдерді оқыту орталығы өткізген «Оралхан Бөкей оқулары» аудандық байқауы
9-сынып оқушысы
Асанова Гүлназ
І орын
АББ өткізген «Сыбайлас жемқорлыққа ең үздік түсініктеме» аудандық байқауы
9-сынып оқушысы
Асанова Гүлназ
ІІІ орын
Әулиекөл, 2015 жылғы тамыз
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы
Абуталипова А.Б.
Әулиекөл,
2016 жылғы тамыз
Сейтжанов Жандос «Елге сәлем», «Анама хат» Асанова Гүлназ «Қазақ қалпы»
Салмағанбетова Сымбат «Оқуға шақыру»
Әулиекөл, 2016 жылғы 05-қыркүйек