Н.Г. Иванов атындағы орыс орта мектебі.
атты таңымдық ойын.
Дайындаған: Абилхасенова Шұға Сағиқызы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Торғай-2014 жыл.
Мұғалім сөзі:Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!Бүгінгі «Елім менің» атты танымдық ойынына қош келдіңіздер.
Ежелден елге мәлім Торғай деген ,
Есімін батырлықтың қорғай білген .
Атақты талай-талай ақын туған,
Торғайын сұңқарым деп толғай білген.-деп жерлес ақынымыз Назарбек Бектемісов жырлағандай ,бүгінгі сабағымыз атамекен ата-баба мекені қазақ тарихынан кішкентайда болса өзіндік орын алған қарт Торғай елінің тарихымен оны мекендеген ата-бабалары жайлы болмақ.Әркімнің өзінің туған жері,жерұйығы демекші біздің Қостанай облысының еншісіне кірген қасиетті де қадірлі елі қарт Торғай жері.
Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.
Мақсаты:Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру .
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Шарттары:
Сұрақ-жауап
«Аңдап айтып, анық сөйлеу» (қатысушылар берілген термин сөзді дыбыстап дұрыс айтулары керек)
Тарихи тұлғалар (топ жетекшісі өз тобына түсіндіреді)
«Сенесіз бе,сенбейсіз бе?»
«Әріптер қозғалысы» (Оқушыға екі әріп тағылады.Сол әріптерді пайдаланып,сұрақтың жауабын тереді)
«Салт- дәстүрді білеміз бе?»
Ой толғау.
1. Сұрақ- жауап
І- топтың сұрақтары :
Жангелдин ауданы қашан құрылды? (1928 жыл.)
Ахмет Байтұрсынов Торғайдың қай жерінде дүниеге келген (Торғай селосы, Ақкөл ауылы)
Репрессия құрбандары болған жерлестеріміз. (А.Байтұрсынов, Міржақып Дулатов)
Торғайда тұңғыш мектеп қай жылы ашылды? (1864жыл 8 қантар)
5. Амангелді Иманов бастаған шаруалар көтерілісі қай жылы болды ? (1916 жыл)
ІІ-топтың сұрақтары:
1. Ы Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы кітабының бірінші бетінде қандай өлеңі жазылған және ол қалай басталады.
(Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар оқылық)
2. Торғай мұражайыларын ата? (“Ә.Жангелдин” атындағы мұражай,
“А.Байтұрсынов мен Міржақып Дулатов” атындағы мұражай
“Ы. Алтынсарин” атындағы мұражай,
“Шақшақ Жәнібек” атындағы мұражай,
“Н.Ахметбеков “атындағы мұражай.)
3. Торғайға арналған өлең- жырлар. (“Айналайын Торғайым”, “Торғай”, Кішкене жер мен туған және т.б)
4. Торғай селосындағы мектептерді ата. Оларға қандай танымал адамдар атауы берілген. ( Ы. Алтынсарин, Н.Г. Иванов,Ш. Уәлиханов)
5.Аудандық кітапхана кімнің атында? (Қайнекей Жармағанбетов)
2. Аңдап айтып, анық сөйлеу
Жанпейіс, қиянқы , сұрғылт, мінажат, кесапат.
Шекілдеуік, дүлдүл, бойкүйездік, жұлдызшы, құдірет.
Тарихи тұлғалар
І-топқа: ІІ- топқа:
Міржақып Дулатов Сырбай Мәуленов
Ахмет Байтұрсынов Ыбырай Алтынсарин
Қайнекей Жармағамбетов Шоқан Уәлиханов
Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Сейфулин
Нұрхан Ахметбеков Қаныш Сәтбаев
Болат Хамзин Әбілхан Қастеев
Асанәлі Әшімов Жақсылық Үшкемпіров
Шақшақ Жәнібек Абай Құнанбаев
Нәзипа Құлжанова Әлиби Жангелдин
Кенжеғали Сағадиев . Шәмші Қалдаяқов
Сенесіз бе,Сенбейсіз бе?
І топқа:
Атақты жазушы Ғафу Қайырбековтың Аралбай ауылында дүниеге келгеніне сенесіз, бе сенбейсіз бе? (жоқ)
Біздің ауданнан Социалистік Еңбек Ері атағын иеленгендер бес адам екеніне сенесізбе,сенбейсіз бе? (ия)
Әлиби Жангелдин Лениннің қолынан мандат алғанына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (ия)
Ахмет Байтұрсыновтың бірінші кітабы “Маса” деп аталатына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (жоқ)
Қазақ тілінде 8 сөз табы бар екеніне сеңесіз бе, сеңбейсіз бе?
ІІ- топқа:
Ұлы Жібек жолы Торғай арқылы өткеніне сенесіз бе,сенбейсіз бе?(жоқ)
“Оян,қазақ”атты өлеңдер жинағы Міржақып Дулатовтың еңбегі екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (ия)
Қаққан алғаш дабылды
Қыр елінің ұланы.
Торғай деген кәдімгі
Қазақтың Ленинграды.-деп жырлаған ақын Сырбай Мауленов екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? (ия)
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы Ахаң-Жақан мұражайына келіп өз қолтаңбасын қалдырғанына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (ия)
Қазақ тілінде 8 септік екеніне сеңесіз бе, сеңбейсіз бе?
Әріптер қозғалысы.
І-топқа: ІІ-топқа:
Көп мағыналы сөз (кілт). Ақ сөзінің антонимі (қара)
Ант сөзінің синонимі (серт). Астана әсем.......... (қала)
Былғары.............. (тері). Көмекке келу..........салу (асар)
Ақан........... (сері). Қазақтың әнші қызы (Сара)
Салт-дәстүрді білеміз бе?
І-топқа: Тұсаукесер, Тілашар
ІІ-топқа: Қырқынан шығару,қыз ұзату
Ой толғау
І топ: Бүгінгі Торғай келбеті.
ІІ топ: Киіз үй.
Жүргізушінің қорытынды сөзі: - Қымбатты, балалар! Сендер бүгінгі шара барысында өлкеміздің тарихы, өнері,осы топырақта өткен танымал тұлғалардың еңбектері туралы көптеген мағлұмат алды деп есептеймін. Әрдайым ел үшін еңбек етіп, елдің, халықтың айтулы азаматтары, мақтаныштары болыңдар!
Қазылар алқасы ойынды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды.
Еліміз аман, Торғаймыз асқақ болғай!
Ән: Елім менің.