7 -сыныпқа арналған Елтану факультатив курсының бағдарламасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

7- сынып



Түсінік хат

7- сыныпқа арналған 34 сағаттық «Елтану» факультатив курсының бағдарламасының мақсаты оқушылардың Отанын, елін, жерін сүюге, адами және мәдени құндылықтарды құрметтеуге, тілге , өнерге деген ізет ұстанымдарын сақтауға бағдарланған.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. «Елтану» бағдарламасы аясында қазақ хандығы, батырлары, ғалымдары, қазақтың салт- дәстүрлері, ұлттық бұйымдары, жер- су атаулары, дәстүрлі киім үлгілері, зергерлік өнер, бұйымдар, көне қалалар мен мәдени орталықтар жайында мағлұматтар бере отырып, оқушыларды елдің тарихына, ұлт құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу;

  2. Көне тарихи мәдени орталықтар: Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан, Испиджаб және т.б. туралы деректерді келтіре отырып, қазақ хандығының қалыптасу тарихына терең бойлату арқылы оқушылардың қоғамдық -гуманитарлық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту;

  3. Ел, жер, көне қалалар атаулары, мәдени ескерткіштер ұлттық тарихтың қалыптасуы, ұлттық салт- дәстүрді оқушыларға тәрбиелеу құралы ретінде қолдану;

  4. Тұлғаның мәдени сауаттылығын қалыптастыру



Күтілетін нәтиже:



  1. Оқушылар ұлттық салт- дәстүр, көне қалалар мен мәдени орталықтар, батырлар, қазақ хандары, жер –су атаулары, шежіре туралы дерек-термен танысып, танымдық қабілеттері және сауаттылығының қалыптастырып дамуы арқылы өздігінен оқып тануы, жоба жазуға бағдарланады.

  2. Мәдени құндылықтарды құрметтеу , ұлттық, патриоттық сезімдерін оянып, адами құндылықтары қалыптасады;

  3. Туған жерін, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиеленеді