Сабақтын тақырыбы :10 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: 1. 10 саны мен цифрымен танысу.
2.10 санының құрамымен таныстыру.
3.Бір таңбалы және екі танбалы сандар ұғымын
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сабақтың көрнекіліктері:Суреттер, сандар,маркер, қосымша есептер.
Сабақтың барысы: I.ұйымдастыру кезеңі.
Армысың,сұлу күн!
Армысың ашық аспан!
Қайырлы күн баршаға!
Топқа бөлу:
I топ<<Жас қыран >>
II топ<<Жас ұлан>>
II.Өткенді қайталау.
I топ
Берілген сандардың көршісін табу.
II.топ
Жемістердің атын атап,санын айту.
Суретпен жұмыс
-Суретке назар аударайықшы.Кімдердің суреттерін көріп отырмыз?
-Балалардың
-Суретте неше бала бар?
-9 бала бар
-Олардың жандарына неше бала келіп қосылды?
-1бала келіп қосылды.
-Сонда барлығы неше бала болды?
-10бала болды.
III.Жаңа сабақ.
1) 9санының көршісі қандай?
2)9бірлікке 1бірлікті қосса10бірлік шығады.
3) 9+1=10
I топ 10-ға дейін санау және кері санау.
II топ Санамақ айту.
5)Бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы ұғым беріледі.
10 санының құрамымен таныстыру.
6) 5 ,6,7,8,9 сандарын жазу үшін неше цифр, ал 10 санын жазу үшін неше
цифр қолдандық?
7)Қортынды жасау.10 екі таңбалы сан.
Ертегі.Ертеде Сандар патшалығында санның үлкен -кішісі болмапты. Сандар сондықтан да кейде бір-бірімен келісе алмай ,ренжісіп қала береді екен.
Сонда сандар патшасы барлығының орнын тауып реттей бастайды.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10-ға келгенде 9саны оған келіспей, мен 10-нан кейін тұрмаймын, сандардың үлкені боламын деп бүлік шығарыпты.
10 саныда 9 -дан кіші болғысы келмеді.
Сандар патшасы сонда көп ойланып, жарайды, 9 сен бір таңбалы сандардың ең үлкені боласың, бірақ 10-нан кейін тұрасың. Ал 10 сен 9-дан үлкен боласың,бірақ екі таңбалы сандардың кішісі боласың деп әділ шешімін тауыпты. Бұл шешімге 9 бен 10да риза болады.
VI.Дәптермен жұмыс. 10санын екі қатар жазу.
Оқулықпен жұмыс.
№ 1.Суреттердегі заттарды сана.
Матрушка-8
Кітаптар-7,оң жақта-2, сол жақта-5кітап
II cөреде:
Қылқалам-7
Ыдыстар-8
СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ:
Он қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Бесті беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.
№2.Дамино тастарын пайдаланып өрнек құр.
I топ II топ
4+3=7 1+6=7
2+5=7 3+4=7
№3 логикалық есеп.
Қорыту.
-Бүгін неше санымен таныстық?
-10 саны қандай сан?