Мақсат : Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, балаларды қол – қимыл, мимикамен, эмоция түсінігімен таныстыруды жалғастыру.
Жоспар:
«Менің күшігім» сабақты бастау рәсімі.
2. Кел, амандасайық!
3. Айтамыз және көрсетеміз.
4. Сынып қалған суреттер.
5. «Кішкентай балалар» ойыны.
6. Рефлексия
1. Сабақты бастау рәсімі «Менің күшігім»
2. Кел, амандасайық!
- Балалар, күнделікті біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Қане кім айтады? (балалар амандасу түрлерін айтады).
Сәлематсыз ба? , Қалайсың? , Привет! , Қал- қалай ? т.б
- Өте жақсы! Ал енді, мен сендерге амандасудың басқа да түрлерін үйретейін, басқа жолмен де амандасуға болады . Сендер қол алып амандасуды білесіңдер, мен бір рет шапалақтағанымда барлығың бір-біріңмен қол алып амандасыңдар, ал мен екі рет шапалақтағанда иықтарыңмен амандасыңдар, ал үш рет шапалақтағанымда арқаларыңды бір-біріңнің арқаларыңа тигізіп амандасыңдар, жарайды ма? Осылайша біз ерекше амандасып үйренеміз.
Сергіту сәті.
3. Айтамыз және көрсетеміз.
Оң қолымды – иыққа,
Сол қолымды – беліме,
Қолдарымды жан-жаққа
Түсіремін төменге,
Оңға бұрыламын.
Сол қолымды – иыққа,
Оң қолымды – беліме,
Қолдарымды көтеремін
Түсіремін төменге,
Солға бұрыламын.
4. Сынып қалған суреттер.
- Балалар, үстел үстінде әртүрлі көңіл-күйді суреттейтін, бірақ сынып қалған суреттер жатыр.
Қазір біз осы суреттерді жинап, жөндеп қандай көңіл-күй екенін шешейік. Арқашан көңіліміздің көтеріңкі болып жүргені жақсы емес пе, балалар? Бірақ ол мүмкін емес, бір жағдайларға байланысты көңіліміз болмауы да мүмкін. Топта бір-біріміздің көңілімізді қалай көтеруге болады? (Қызықты ойын ойнауға, жылы сөздер айтып, жылы көзбен қарап)
5. «Кішкентай маймылдар» ойыны.
«Кішкентай маймылдар» ойынын ойнайықшы. Ол үшін барлығың жұпқа бөлініп, біреуің – маймыл, біреуің – айна болу керексіңдер. «Маймыл» бізге түрлі-түрлі қимылдар жасап көрсетеді, ал «айна» қайталау керек. Осылайша өзіміздің көңілімізді де көтеріп қалдық. Жарайсыңдар, балалар!
6. Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Бүгін біз қандай жаттығулар орындадық, қайсысы сендерге қатты ұнады?
Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан оқушылар : Айша, Әсел, Рамазан, Нұрсылтан.