Ашық сабақ Адам және Жер шары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзін – өзі тану пәнінің сабақ жоспары


Мерзімі: 29.04.2016ж
Сынып:
9 «в»
Мұғалім:
Сейдахметова Әдемі Жанатқызы
Тақырыбы: Адам және Жер шары
Мақсаты:
Оқушылардың әлем туралы түсініктерін кеңейту. Адамның Жер шары ұрпағы екендігін түсіндіру.Елін,жерін,әлемді қадірлеу,қастерлеу іскерліктерін дамыту.Адамзатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: нтербелсенді тақта,коверт,тәтті кәмпиттер,




Сабақ бөлімі


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Тыныштық сәті

4-мин

- Оқушыларға жаттығу жасату

- Ән ұран орындалады.

- Оқушылардың көңіл-күйін сұрау

- Оқушыларды түгендеу.

- «Әлем ғажайыптары» атты бейнеролик көрсету.


-Балалар, денелерін еркін ұстап, тыныштық сәтінде отырып бейнеролик көреді.

Үй тапсырмасы 4-мин

Әр оқушы өзіне ұнаған халықтың,ерекеше қасиеттерін жазып келу.

Оқушылар жазып келген ақпаратарын оқып мұғалімге өткізеді.

Дәйек сөз

5-мин

Оқушыларға шаңырақта ілініп тұрған конвертті алап, ішіндегі дәйек сөзді

Құрастырып, тақтаға ілу керек


1.Отан деген тамаша да мәртебелі сезімнен тек қуыс кеуде адамдар ғана құр алақан қалады.
И.П.Павлов


2.Өз Отаныңның перзенті бол,туған жер топырағымен байланысыңды терең сезін,оған перзентіңше қара,одан алғаныңды үш еселеп қайтар.
К.Д Ушинский


3.Патриотизм адам рухының өзге көріністеріне қарағанда тәрбие мен дағдыға көбірек байланысты болады.
М.Е.Салтыков Щедрин


4. Дүниеде ешбір халықтың басқа халықтардан артық болып жаратылмағанына мен кәміл сенемін.
Г.Лессинг


5. Патриотизм-ең ұяты бар әрі инабатты сезім...Қасиетті сөздерге абай бол,Отанға деген сүйіспеншілік жайында көрінген жерде айғайлай берме.Ең жақсысы –оның игілігі мен күш-қуатын арттыру үшін үндемей еңбектен.
В.А.Сухомлинский


6. Өз еліңді әрбір ұсақ-түйегіне дейін ерекше де өте қымбат,сүйкімді сезінбесең – адамдық мінез де жоқ. Бұл сезім риясыз және біздің жан дүниемізді барлық нәрсеге деген ұлы ынта-ықыласқа толтырады.
К.Г.Паустовский

Оқушылар дәйек сөзді құрастырып,өз ойларын білдіреді. Шыққан дәйек сөзді тақтаға іледі.

Әңгімелесу

8-мин

«Тәтті сұрақтар әлемі» ойыны.
Сұрақтары:
1.Патриот дегенде нені түсінесің?
2.Достарың қай ұлттың өкілдері?
3.Барлық ұлттарға ортақ қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды білесің?
4.Көптілділік дегенде нені түсінесің?Және оған өзіңнің көзқарасың қандай?
5.Жер шарында адамдарға бейбіт өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыз?
6.Әлемнің түпкір-түпкірінде тұратын адамдардың бірін-бірі түсінуіне жәрдемдесетін не деп ойлайсың?

Оқушылар жіпте ілініп тұрған тәтті кәмпиттерді тандау арқылы сұрақ сандарын алады.
Сұрақтар интербелсенді тақтадан шығып тұрады. Сұрақтардың мәнін ашып, ойларын білдіреді.

Шығармашылық жұмыс 15-мин

«Бірлік ынтымақ,бейбітшілік» тақырыбына бейнеролик көрсету және жоба жасау.

-Әр топ өз ұлтының ерекшеліктерімен таныстырады (сол елдің тілінде) мысалы: киім үлгісін,дәстүрін т.б.

- Бірлік ынтымақ,бейбітшілікте өмір сүру үшін тұрып жатқан еліне қандай үлес қосып жатқанын айтады.

Түйіндеме

3-мин

Ал балалар сабағымызды қорытындылайтын болсақ «Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,ел бірлігін сақтаған татулықты айт» - деп, Жамбыл атамыз айтқандай көп ұлтты бір шаңырақтың астында татулықты, бірлікті ұстанып өмір сүрейік...


Тақтаға ілінген дүние жүзінің картасына әр оқушы сабақтан алған әсерін және бүкіл әлем халықтарына өзінің тілегін стикерге жазып іледі.

Сергіту сәті

2-мин

«Атамекен» әнін орындау

Оқушылар барлығы бірге «Атамекен» әнін айтады

Үйге тапсырма

2-мин

Үйге тапсырма «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында шығарма жазу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Тексерілді_______________________