Сабақ №60
Пәні қазақ тілі
Сыныбы 5 «Б»
Күні 5.02.14ж.
Сабақтың тақырыбы Еріндік және езулік дауыстылар
Сабақтың мақсаты
а) білімділік Оқушылардың фонетика бойынша алған
білімдерін тереңірек тиімді жолмен ұғындыру,
еріндік және езулік дауыстылар, олардың
жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай кешенді
талдау жұмыстарын жүргізе отырып, алған білімдерін
қалыртастыру
ә) дамытушылық Оқушыларды еріндік және езулік дыбыстарды
ажырата білу, ойлау қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі сайыс сабақ
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, кесте , семантикалық кесте.
Сабақтың жоспары
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Білімді жан-жақты бекіту кезеңі
ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеру кезеңі
V Жаңа білімді меңгеру кезеңі
VI Жаңа білімді бекіту кезеңі
VII Үй тапсырмасын хабарлау және орындау бойынша нұсқау беру
VIII Бағалау
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу
Зейіндерін сабаққа аудару
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқу құралдарын алғызу
Сыныпты екі топқа бөлу
II Үй тапсырмасын сұрау
246-жаттығу
«Ішіне- сыртына» стратегиясы
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
«Зымыран сұрақтар»
Тіл дыбыстарын зерттейтін сала?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Қазақ әліпбиі туралы не білесің?
Дыбыстардың түрлерін ата?
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Дауысты дыбыс тіл, жақ және ерін қатысына қарай нешеге бөлінеді?
Жуан, жіңішке дауысты дыбыс дегеніміз не?
Ашық,қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Фонетика дегеніміз не?
ІҮ Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
«Дыбыстар сөйлейді»
Мақал-мәтелдер айту.
Iтоп
Е,н,к,д,і,р,і
II топ
З,е,к,і,у,л
Ү Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі
Еріндік және езулік дауыстылар.
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.
Дауысты дыбысқа екпін түседі.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а,ә,е,и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және ерін мен езудің қатысына қарай жуан- жіңішке, ашық - қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі.
Тілдің қатысына қарай
Жақтың
қатысына қарай
Ерін
қатысына қарай
жуан
жіңішке
ашық
қысаң
еріндік
езулік
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады
Тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі
арқылы жасалады
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалады
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады
А,о,ұ,ы,у
Ә,ө,ү,і,е,и,у,э
А,ә,о,ө,е,э
Ы,і,и,у,ү,ұ
О,ө,ұ,ү,у
А,ә,е,ы,і,и,э
Дауысты дыбыстардың жасалуы кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: О,ө,ұ,ү,у
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: А,ә,е,ы,і,и,э
Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылардың айтылуына әсер етеді, оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы,құлын сөзі құлұн болып,өнер сөзі өнөр болып айтылады.Жазудағы нормасы құлын,өнер болғанымен,оларды дұрыс айту нормасын сақтап айту қажет. Себебі, сөздерді дұрыс айта білу де тіл мәдениетінің бір шарты.
Электронды оқулық
«Біліміңді байқап көр»
ҮІ Жаңа білімді бекіту кезеңі
247-жаттығу
Жұмбақтарды шешкізу
I топ ІІтоп
Құмайда бар, Әнде бар,
Суда жоқ. Күйде жоқ.
Тұманда бар, Сәнде бар,
Буда жоқ.(ұ) Биде жоқ. (ә)
Биікте бар, Жерде жоқ,
Ойда жоқ. Отта бар.
Киікте бар, Барда жоқ,
Қойда жоқ.(и) Жоқта бар (о)
Жаңада бар, Шөлде бар,
Ескіде жоқ. Суда жоқ..
Танада бар, Көлде бар,
Ешкіде жоқ.(а) Буда жоқ .(ө)
Кітаппен жұмыс.
248-жаттығу Өлеңнің ішінен біріңғай езулік, еріндік дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жазу.
I топ
Бота отырып шіреніп,
Борсық айдап кемені.
Бытпылдықтап бір елік ,
Түйе мініп келеді.
Шіреніп,айдап, кемені, Бытпылдықтап,бір ,елік
Бота, отырып, борсық
II топ
Ләңгі тепті бір барыс,
Лашын келді сулықты.
Лепіргенде жолбарыс,
Лақ ашуға булықты.
Ләңгі тепті бір барыс, Лашын келді, Лепіргенде, Лақ
Сулықты, жолбарыс,
ашуға булықты
Талдау-табыс кілті
Ақыл, бала, қонақ,ағаш сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
А-жуан,ашық,езулік.
Қ-дауыссыз,қатаң.
Ы-жуан,қысаң,езулік.
Л-дауыссыз,үнді.
Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
Ақыл=0=+Δ=?
Шешуі:Ақыл,=40=2□(а,ы)+2Δ(қ,л). 4д.4әріп.2б.
Ел
Е-дауысты,жіңішке, ашық, езулік.
Л-дауыссыз,үнді.
Ел=0=+Δ=?
Шешуі:ел=20=1□(е)+1Δ(л).
Қонақ
Қ-дауыссыз,қатаң.
О-дауысты,жуан,ашық, еріндік.
Н-дауыссыз,үнді.
А-дауысты,жуан, ашық , езулік.
Қ-дауыссыз,қатаң.
Қонақ=0=+Δ=?
Шешуі:Қонақ=50=2□+3Δ
Ағаш=0=+Δ=?
Шешуі:Ағаш=40=2□(2а)+2Δ(ғ,ш).
Семантикалық карта
Кім жылдам? I топ
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз.
Біл...мдід...н ш...ққ...н с...з,
Тал...пт...ға б...лс...н кез.
Еңб...к етс...ң - ем...рс...ң.
Жаңб...рм...н...н ж...р к...гер...р,
Еңб...кп...н...н ел көг...р...р.
II топ
Оңынан да ,солынан да оқығанда бірдей сөздерді ойлап жаз,қалаған сөзге дыбыстық талдау жаса.(қазақ, мақам, тарат, қырық, аша, ала, ара, т.б.)
Қорытынды Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек.Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек.Күшті болуға бірлік керек.Осы керектердің жолында жұмыс жасау керек.
Ахмет Байтұрсынов
ҮІІ Үйге тапсырма беру. Еріндік және езулік дауыстылар, 249-жаттығу
ҮІІІ Бағалау