Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
К. Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді, «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...»
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
«Өмір» деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі де сайыс.
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер – дей отырып әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейік
1.
2.
1 кезең. «Сәлем – сөздің анасы». Топтар өздерін таныстырып өтеді.
І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.
ІІІ топтың аты - «Білімділер» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
2 - кезең. «Жекпе - жек» (капитандар сайысы)
Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.
1. Доброе слово – половина блага/ Жақсы сөз жарым ырыс
2. Сказанное слово – вылетевшая пуля/ Айтылған сөз атылған оқ
3. Даже говоря в шутку - подумай/ Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
1. Начало искусства красноречие/ Өнер алды – қызыл тіл
2. Человек без Родины, как соловей без леса/ отансыз адам, ормансыз бұлбұлмен тең
3. Язык острее клинка/ тіл – қылыштан да өткір
1. Кто слов не ценит, сам себя не ценит / сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді
2. То что не поднимет слон, поднимет язык / піл көтермегенді, тіл көтереді
3. Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором / көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей шешен боларсың
3 - кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті, баланың тілі тәтті)
1. Қар жана ма?
(Қалауын тапса, қар жанады)
2. Не оттан да ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
3. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
4. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай, жинау қиын)
Білгенің қанша, білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ, қол батыр)
3 Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс, күймейсің)
Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
3 - кезең. “Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)
1. ...қылды қақ жарған. (қара,
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,
3.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау,
1. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,
2. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы,
3. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,
... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,
2. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,
3. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз,
4 - кезең. «Көрерменнен көрімдік»
(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат
Дулыға
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту
Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
Боран
4 - кезең. «Өтірік өлеңдер»
(Топ оқушылары белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығаруы тиіс.)
5 - кезең. “Жекпе жек”
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б. әр топқа 10 сөз табу керек.)
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.