Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Қазақ тілі- мақтанышым!
Өткізген:Имангалиева К.Б.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Қазақ тілі- мақтанышым!
Мақсаты:Оқушыларға еліміздің елдігін танытатын оның өшпес тілі екендігін ұғындыру,оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру,ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету.
Міндеттер: 1.Тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызыметін таныттыру,тіл мерейін көтеру;
2.Ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру,белсенділіктерін дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3.Ізденімпаздыққа,шешендікке,ізгілікке,шапшаңдылыққа,тиянақтылыққа,тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сайыс кезеңдері:
Таныстыру
«Сөз тапқанға»
«Ойлан,тап!»
«Сен,білесің бе?»
«Сөзтізбе»
«Кім жылдам»
Қорытынды.
Ғалым Халел Досмұхамедұлы былай деген екен: «Мектепте қолданудан қалған тіл – шатасқан тіл.Ол ел сорлы ел.Ана тілін білмей тұрып,бөтенше жақсы сөйлесең,ол күйініш.Ана тілін жақсы біліп тұрып,бөтенше жақсы сөйлесең,бұл сүйініш.Өз тілін білмей тұрып,жат елге еліктей беру – зор қате».Біз тілімізге құрмет жасау арқылы елімізге құрмет жасаймыз.Олай болса достар өз тілімізді құрметтейік,қадірлейік.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !Қазақ тілім-мақтанышым» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.Алдарыңызда Тұлпар тобы және Болашақ тобы
Ойынның кезеңдерімен таныстыру.
-Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етіп сайыскерлер,
Сәті келіп қалғандай танысатын – дегендей сайысымыздың 1 кезеңі.
I кезең «Таныстыруды» бастаймыз.
(әр топ өзінің тобын,мүшелерін таныстырады)
II кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1 команда сұрақтары.
Атың кім?
Мектепке немен барасың?
Досың қандай адам?
Тіл мерекесі қашан?
Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?
Қазақ тілі сабағынан «2» алғанда,не істейсің?
Абай Құнанбаев кім?
Үйіңде не бар?
Бай болғың келе ме?
Қыз бала қандай болу керек?
Көршіңнің аты кім?
Қай қалада тұрасың?
2 команда сұрақтары.
Фамилияңды айт.
Өзің нешедесің?
Қай обылыста тұрасың?
Досыңның аты кім?
Қазақ тілі сабағы неше рет болады?
Қазақ тілі сабағынан қандай баға аласың?
Шкафтың ішінде не бар?
Ер жігіт қандай болу керек?
Қандай тілдер білесің?
Ананның ұлты не?
Үйде ақша табатын кім?
Мектебіз неше қабатты?
III кезең. Ойлан, тап!
Мұнда капитандар шығып,шарды үріп отырып сұраққа жауап береді.
1 капитан сұрақтары.
2 капитан сұрақтары
Ата – анаң қандай адам?
Үйіңнің мекен – жайы?
Күзде жаңбыр жауа ма?
Студент болғың келе ме?
Астанада болдың ба?
Қалтаңда не бар?
Мектеп алыс па?
IV.кезең. «Сен ,білесің бе?»
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
ұяшық.Қазақ тілі қай топқа жатады?(түркі тілдер)
ұяшық .Қазақ алфавитінде неше әріп бар?(42 әріп)
ұяшық.Тіл мерекесі қашан?(22 қыркүйек)
ұяшық. «Ана тілі туралы жыр»әнінің авторлары.
ұяшық .Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
ұяшық. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
ұяшық. «Кел,балалар оқылық»өлеңінің авторы.(Ы.Алтынсарин)
ұяшық. Арнайы сұрақ. Екі кішкене бала ойнап отыр,бірі екіншісінен қуыршағын тартып алды.Екінші баланың іс –әрекетін көрсет.
ұяшық. «Тілін жұтып қойды»фразеологизмінің мағынасын түсіндір.
Әрбір толық жауап 10 ұпай,толық 5 ұпай
V.кезең.«Сөзтізбе»
Екі командаға ортақ бір сөз беріледі:
Тіл –лас –сағат-таза-адам-мектеп.
Сөздің соңғы әріпіне басталатын 10 сөз жазу.
VI кезең . Кім жылдам?
Ойын шарты:1 минут ішінде берілген сөздерді көрерменге ыммен түсіндіру.
Әр нақты жауап 1 ұпай
1 топқа: Аяз ,ай,жүгіру,түн,қалам,көрші,пышақ,тарақ,сағат,көз,әже.
2топқа:шана,ет,жаз,би,жылан,балмұздақ,жұмбақ,көбелек,түйе,бәйтерек,тіл,дүние,100.
VII кезең. «Қазақстан» сөзінен бір түбірлі сөздер құру.
Қорытынды.
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау.
Қолқа салу.
Жеңген топ,жеңілген топқа қолқа салады.(өз өнерін көрсету)
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Асханадағы кезекшілік.
Мақсаты:білімділік:Тақырып төңірегінде сөйлей білу,тақырыпты ашу,толық
меңгерту,сапалы білім беру.
Дамытушылық:Түрлі тапсырмала арқылы оқушының қисынды
ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ тілін сүйіп оқуға,білімге,оқуға шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым игерту.
Сабақтың әдісі: баяндама,сұрақ – жауап,аударма,сөздік ойын.
Көрнекілігі:интерактивті плакат,карточкілер.
Пән акралық байланыс:дүниетану,еңбек,сурет,орыс тілі.
Ұйымдастыру бөлімі.
А)оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1)Жаттығу.
2) «Күз»суретін әңгімелеу.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Мұғалім сөзі:Балалар,өздерің білесіңдер 22 қыркүйек – Тілдер күні.Соған орай мектебімізде «Мемілекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбы негізінде айлық болып жатыр.
Бүгін, міне бізде де ашық сабақ.Бәріміз атсалысайық.
1.Мәнерлеп оқу.
- Мерует,Даша,Саша,Кирилл,Виолетта өлеңдерін оқиды.
2.Интерактивті плакатпен жұмыс.
- Сұрақтар қою.
а) қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- тексеру.
ә)плакат бойынша сөздерді табу.
3.Оқулықпен жұмыс.
Тақырыбымыз: «Асханадағы кезекшілік»
Сөздік жұмыс
Оқу,сөз тіркесін құру.
Ыстық сорпа,қышқыл алма.ағамның хаты.
4.Суретпен жұмыс.
- сөйлеу
- Мынау Ваня.Ол кезекші.Ваня ыдыстарды тасыды.
-Мынау Даша.
5.Мәтін.
- Оқу,аудару,түсінік айту.
6. «Төртінші артық»ойыны.
Алма картоп
Пияз қызылша
Орамжапырақ шие
Қияр қызанақ
7 «Сөзтізбе» ойыны.
Сорпа – адам –мереке-екінші-ірімшік-кітап-парта-алма-анар-рақмет.
8 Әрі оқы,әрі ойын- ширату кезеңі.
1.вишня- шие 2. помидор –қызанақ
Кобыла – бие лед,горка - сырғанақ
3.язык –тіл 4. Дежурный - кезекші
Слон –піл Трудоголик - еңбекші
5.Столовая – асхана 6. Хлеб - нан
Столица – астана Утро – таң.
9.Сөзжұмбақ шешу.
1.яблоко –алма 4.Нож - пышақ
2.морковь –сәбіз 5.Груша - алмұрт
3.письмо – хат 6.Хлеб – нан
Сабақ бекіту: 1)- қандай жаңа сөздер өттік?
Не естеріңде қалды?
Жаңылтпаш ату.
Шеше,
Неше кесе
Сынды неше?
2)Асханада – Сөздер құру
Ас,сахна,хат,ана,сана,сан,Асан,ахан.
Үйге тапсырма беру: 2 тапсырма (35 бет)
Бағалау.
Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы:« Асханадағы кезекшілік»
3 «г» сыныбы
Өткізген: Арыстангалиева СС