Зайырлылық және Дінтану негіздері Тақырыбы: Діннің шығу тегі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: Сыныбы: 9 "А"

Сабақтың тақырыбы: § 4 Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы, функциялары және оның жіктелуі мен түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Діннің адамзат баласының тарихында алатын орны,діннің тарихын білу, зерттеу әр оқушы үшін мәдени қажеттілік екенін түсіндіру, діннің қоғамда бірлік пен тұрақтылықты қалыптастырудың бірден-бір кепілі екендігі туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сабақ барысында терең ойлау,саралау,көтерілген мәселе туралы өзіндік ой пікірін ортаға салу және дәйекті деректер арқылы қорғай білуге үйрету,өз бетімен ізденуге,қосымша материалдар ,әдебиеттерді тиімді пайдалана білу, жұпта және топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қоғам өміріндегі өзгерістер,мемлекеттің дін тұрғысындағы саясаты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясатын,қайраткерлігін бағалай білуге,түсінуге тәрбиелеу,отаншылдық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясының стратегиялары, блум таксаномиясы, сәйкестендіру,сұрақ-жауап,пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызба, слайд, видеоролик, үлестірмелі материалдар, қосымша әдебиеттер.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалім мақсаты Сабақтың нәтижелігі
Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше толық, терең меңгерту. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау,
топпен жұмыс жасауға үйрету, қарым – қатынас жасауды үйренуі, бір- бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу, басқаларды тыңдай білу,сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу, белсенділігінің артуы,
өз қөз қарасын қалыптастыру, өз ойын тұжырымдай білуі.
Сабақтың жоспары:
ü Ұйымдастыру -1 минут
ü Қызығушылықты ояту -3 минут
ü Мағынаны ашу – 20 минут
ü Сергіту сәті – 5 минут
ü Сәйкестендіру -5 минут
ü Білімді бекіту – 5 минут
ü Бағалау – 3 минут
ü Үйге тапсырма -3 минут 

Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі
балалардың сабаққа қатысымы,дайындығына көңіл күйлеріне мән беремін.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІI. Жаңа сабақтың жоспары:
 
Дін ұғымы
Діннің шығу тарихы.
Әлемдік діндердің ерекшелігі
Ислам дінінің қағидалары
Дінге қатысты қазақ халқының наным сенімдері
Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы діни ахуал
Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм). Тотемге табыну – діннің ең ертедегі формаларының бірі. Алайда, оның арғы тегінде діндік ұғымнан гөрі, «нысандық» (нышандық) сипаты басымдау. Бұл сөз (тотем) – «төркінім» және «белгі» (нышан) деген мағаналарды беретін, үндіс тілінің дыбыстық аудармасы. Рулық қоғамда санасы толыспаған әлеумет әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деген нанымды қалыптастырған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса, өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлейді. Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады. Осындай бір мифте: «Қазақ халқының ұғымындағы 18 мың ғаламды жаратушы «жасаған» бір «ғұмыр ағашын» егеді. Ағаш басындағы әрбір жапырақ тіршіліктегі бір адамның жанына, рухына «уәкілдік» етеді. Дүниеге бір адам келсе, бір жапырақ өніп шығады. Ал бір адам өлсе, бір жапырақ үзіліп жерге түседі. Үзілген жапырақ түсіп бара жатып, басқа бір жапыраққа соғылса, бұл жапырақ «уәкілдік еткен адам бір адамның өлгендігін естиді». Кейде, қазақ халқы: «орманаға сыйыну жөнінде, тәңірінің шапағаты ағашқа түсіп, ағашты биязы да сұлу бір қыз етіп жаратқан екен дейді. Енді бірде ағаш 9 бала туып, тоғызы тоғыз рулы ел болған екен» дегенді айтады.
 
Дін – адамның қоршаған әлем мен тұрмыстық дүниелерді тануының ерекше пішіні, сенімге негізделеді. Сенімнің орын алуы құндылықтардың арнаулы жүйелерін жүзеге асыру мен қалыптастыруға негізделеді, сол сияқты ойлаудың мөлшері мен мінез-құлық, болмыстың үлгілерін қалыптастырып, адамдардың діни ұйымдарға бірлесуіне түрткі болады. Бұл мағынада дін қоғамдық сананың пішіні ретінде орын алады. Ежелгі адамдар, өздерінің діндерін құра отырып, таза этникалық қажеттіліктерге назар аударды және өз құдайларының көмектеріне сүйенеді. Уақыт өте келе, бір діни нанымдар мен сенімдер ығыстырыла бастады, енді біреулері осы уақытқа дейін жалғасын табуда. Олармен бірге ұлттық алғышарттары тығыз байланыста орын алған діндер орын алуда. Олар сол пайғамбарлары шыққан халықтың армандары мен мүдделеріне қатысты болып қоймады, сонымен бірге әр түрлі материкте, әр түрлі мемлекеттерде орын алған олар адамдардың жаны мен ақылдарын иелік етеді. Олар әлемдік діндер болып саналды.Әлемдік дін – бұл дін, яғни белгілі территорияда кең таралымға ие болады және белгілі әлеуметтік қауымдастықта , әр түрлі әлемнің елдері мен түрлі континенттерінде сипат алады. Әлемде белгілі нақты өлшемдер орын алған, яғни әлемдік діннің белгілі бір түріне лайықтандырылады. Бұл стандарттар ЮНЕСКО тарапынан ұсынылады:
§ адамдардың ірі қауымдастығының бірлестігі;
§ көптеген елдердегі әр түрлі халықтардың арасында ізбасарларының болуы.
Дүние жүзінің діни жүйесінде анағұрлым кең таралған дін түрі - христиандық, біздің дәуірімізге дейін I ғасырда пайда болады Иудейде – Рим империясының шығыс провинциясында. Христиандық негізінде - құдай-адам Иисус Христ туралы ілім, оның ұлы Құдаймен, яғни адамдарға мейірімді әрекеттерімен келіп, өмір сүрудің қағидаларын алға тартады. Ол адамдардың күнәларын кешіріп, дін жолымен олардың көрген қорлықтары мен қиындықтарын крест арқылы жеңілдету шараларын жолға қояды . Христиандардың Қасиетті Жазбасы - Библия өз алдына мынадай әңгімелер жиынтығын құрайды, яғни Құдай адамды іздеген, бұл Құдайдың адамдарға қарата айтылған пікірі.
Әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы - ислам, б.э.д. VII ғасырда бастау алып, Арабия жартылай аралының араб тайпаларының арасында негізі қаланады. Исламның ізбасарлары - 1 млрд-тан астам адам. Негізін қалаушы – Мұхаммед, тарихи тұлға, 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келеді. Меккеде аса құрметті деп саналатын орын болды, араб тілінде — Қағба. Мұхаммедтің анасы оған алты жас толғанда қайтыс болады, әкесі ұлы туғанша қайтыс болады. Мұхаммед атасының қолында тәрбиеленеді, көпке қадірлі, бірақ кедей тұрады. 25 жаста ол күйеуі қайтыс болған бай әйел Хадиджаның шаруашылығын басқарушы болады, біраз уақыттан кейін оған үйленеді. 40 жасында Мұхаммед діни уағыздаушы ретінде халықтың алдына шығады. Ол өзін Құдайдың (Алла) пайғамбары етіп тағайындағанын түсіндіреді. Уағыз Меккенің басында отырғандарға ұнамайды, Мұхаммедке 622 жылы Ясриб қаласына қоныс аударуға тура келеді, кейінірек Медине атауына өзгертіледі. 622 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша жыл басы, ал Мекке — мұсылман дінінің орталығы болып саналады.
Әлемдік діндердің ішінде ең ежелгісі - буддизм, яғни Үндістанда б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында туындаған. Одан кейін Үндістанда 15 ғасыр бойы билік еткен буддизм орнын индуизмге береді. Алайда буддизм широко Азияның Оңтүстік-Шығыс елдерінде кең таралады, сол сияқты Шри-Ланкаға, Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Тибетке, Монголияға таралады. Буддизм жақтастарының саны жуық шамамен - 500 млн. адам.
 
Ой толғаныс.
Жастарға теріс ағымдарға түспеудің мәнін түсіндіретін бейненұсқаны көрсету
Ой қозғау
Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
IV. Сабақты пысықтау сұрақтары:
Ислам дінінің негізін салған кім?
Мұхаммед пайғамбар
 
Ислам дінінің бес парызы
Куәлік сөзін айту;
Намаз оқу;
Ораза ұстау;
Зекет беру;
Қажылыққа бару.
Құранда неше сүре бар?
Құранда 114 сүре бар.
Мұсылмандарда қандай мерекелер бар?
Рамазан айт, Құрбан айт мейрамы, Мәуліт мерекесі, Қадір түні.
Ең көп таралған діндер?
Будда, Ислам, Христиан.
Қорытынды
Дін—наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысуы, қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын талдадық.
Атамыз қазақ «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп , жарық дүниеге келген күннен имандылықты, адамгершілікті бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
V. Үйге тапсырма: «Әлемдік діндер тарихы», «Діннің адам мен қоғам үшін орны», «Ислам дінінің қағидалары» деген тақырыптарда өзіндік жұмыс дайындау.
VI. Бағалау.