Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ
Тақырыбы: Көше белгілерін білесің бе?
5 «Ә» сынып жетекшісі: Хайдарова А.Ж.
Ынтымақ, 2016
Мақсаты: Жол ережелері туралы білетін білімдерін одан әрі дамыту. Жол ережелерін білу арқылы, оларды адамгершілікке, ұстамдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: көше суреті, жол белгілері, бағдаршам.
Құрылымы:
Құрметті оқушылар, құрметті ұстаздар! Бәріміз ұнататын, білгіміз келетін, қыр - сыры мол көшеде жүру тәртібіне байланысты «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Ендеше, балалар тақтада ілулі тұрған суретке назар аударайық.
- Мұнда не бейнеленген?
- Көшеде не тұр?
- Бағдаршам бізге не үшін керек?
Ендеше, бағдаршам біздің сенімді, әрі қайырымды досымыз. Оған біздің бәріміз бағынуымыз керек.
- Қане, кім маған бағдаршам туралы тақпақ айтады?
1 - оқушы: Бағдаршам сенімді
Сүйетін серігің
Сүйсең сүйген жеріңді
Сыйламайды сені кім?
2 - оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық
Жүре бергің батыл
Керегі жоқ сасып.
3 - оқушы: Сары көзі жанса,
Сен мынаны аңғар
Тұрып қалмай онша
Қозғалуға қамдал
4 - оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалғын жанғанша
Қыбыр етпе тоқта.
5 - оқушы: Бағдаршам тіліне
Бағынбауға болмайды.
Тас қып байлап түбіне
Жазалайды ондайды.
6 - оқушы: Оң жақ жасыл жанғанда
« Оңға бұрыл» дегені
Сол жақ жасыл жанғанда
«Солға бұрыл» дегені
7 - оқушы: Жасыл сәуле жанғанда
Жол ашық деп біле бер.
Жасқанба да алданба
Жайраң қағып, жүре бер.
Келесі сіздердің тамашалайтын әндеріңіз: «Жол жыры»
- Балалар көшеде бағдаршамсыз қалай жүруге болады?
- Көшеде бағдаршамнан басқа не тұрады?
- Жол белгілерінің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жол белгілерін неше топқа бөлуге болады?
Жол белгілері туралы кім маған тақпақ айтып береді?
8 - оқушы: Көшелердің бульвардың
У - да шу шетінен
Өткейсің тратуардың
Тек қана оң жақ шетімен.
9 - оқушы: Бейбастық болма бекерге
Кездесер алдан көп қой сын
Қиылыстан әрбір өтерде
Айдалаға қарама
10 - оқушы: Үлкен болдым десем де
Ешкім маған сенбейді.
Жалғыз жүрме көшеде
Кішкентайсың сен дейді.
11 - оқушы: Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинама мінер ем
Кабинасына сыймаймын.
Ендеше, сол жол белгілеріне тоқталайық.
12 - оқушы: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады.
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды міндетті орында.
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.
- Балалар, белгілер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Осы сендер қандай транспорт түрлерін білесіңдер?
Транспорт түрлеріне байланысты жұмбақтар шешейік.
Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді.
(көлік)
Өзі тым күшті
Аяғы тісті
Лезде тындырар
Қыруар істі.
(трактор)
Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.
Жүк емес жануарға жүз адамның
Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар.
(трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта.
( бағдаршам)
Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.
( бағдаршам)
Ендігі кезекті көрініске кезек берейік.
Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі – қатал тәртіп
Ол - ортақ! Үлкен – кіші бәрімізге.
Бәріміз бірге «Кім жылдам» ойынын ойнайық.
Шарты: Көрсетілген белгілердің атын атауларың керек.
Мақсаты: Жол белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін тексеру.
Ата - аналарыңыз сіздердің аман болуларыңызды, әрқашан тәртіпті болуларыңызды қалайды. Сондықтан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтайық.
Балалар, осы тәрбие сағатынан сендер жолда, көшеде қалай жүру керек екендігін үйренді деп сенемін. Енді көшеде, жол қиылыстарында жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыздар!
Сонымен, тәрбие сағатымыз аяқталды.