БЕКІТЕМІН
Бесқарағай жалпы орта білім
беретін мектебінің директоры
_________А.М. Бельгибаева
«____» __________ 2016 жыл
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалім: Батжамал Муслимовна Кусманова
Сынып: 9 қазақ сыныбы Ашық сабақ
Пәні: қазақ әдебиеті
Бағдарлама: Астана 2013 жыл
Оқулық: «Қазақ әдебиеті» авторлары: С.Ч Тұрсынғалиева,Г.Р. Бәкенова Астана: Арман –ПВ баспасы, 2013 ж.
Тақырыбы: « Ескендір» поэмасы
Өткізу күні: 18.02.2016
Мақсаты: Білімділік: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқу, талдау, идеясын ашу; оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту;
Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық: сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту. Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Дүниеқоңыздық пен ашкөздікке рухани байлықтың қарама-қарсы суреттелуін таныта отырып,рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Нақты шешім жасауға үйрету, өз сөзімен білдіру. Тірек сызбамен дұрыс жұмыс жасау
Өз ойларын еркін жеткізу ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру. Топпен жұмыс жүргізіп, бір-бірін тыңдай білу
Міндеттері: білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Технологиялар: СТО, дамыта оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ,көшбасшы, бағалау,топтастыру
Құрал жабдықтар: Абай,Ыбырай ауылдары жазуымен, интербелсенді тақта, маркерлер, флипчарт беті, стикер.
Әдіс-тәсілдер: Диалогтық, жұптық, топтық оқыту, миға шабуыл, басбармақ әдісі,Insert, шығу парағы
Күтілетін нәтиже: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқиды, талдайды, идеясын ашады.
-Амандасу, сыныпты түгендеу -Психологиялық хал-ахуалды орнату.
Топтастыру
-2 түрлі шоколад арқылы ауылдарға бөлінеді.
«Абай» және «Ыбырай» ауылы
Қызығушылықты ояту.
Флеш - тренинг:
Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
«Сәлемдесу» Флеш - тренингтің өтуіне ықпал жасайды.
Мақсаты: сыныпта жылы, мейірімді атмосфераны орнату.
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздеріне ұнайтын оқушымен жұптасып, мұғалімнің жүргізуімен түрлі елдердің амандасуын өткізеді.
Үнді елі - қос қолын маңдайына жақындатып, иіліп сәлемдеседі.
Тайвань - бір - бірінің мұрынын уқалап амандасады.
Қазақтар - төс қағысып амандасады.
Ұжымдық
Топқа бөлу
ОЖЕСО
8
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Қызығушылығын ояту
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қадырған кім?
Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
«Кім» сұрағына жауап алу.
Олай болса Абай Құнанбаев жөнінде не білеміз?
Ортаға салайық
Бұл Абай атамызға
арналған өлең жолдары.
Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
Жеке дара
Жеке дара
топпен
Өзін-өзі
Сыныпта сын бағалау
ОүБ және ОБ
АКТ
ДжТ
СТОҮ
1
Ой қозғау, тақырыпқа шығу
Сабақ тақырыбын түртпе сұрақтар арқылы ашу.
1. Поэма дегеніміз не?
2. Абайдың қандай поэмалары бар? (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)
Оқушылардың жауаптары
"Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.
Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.
Ұжымдық
7
Білу, түсіну
Сабақ тақырыбы:
« Ескендір» поэмасы
Абайдың «Ескендір» поэмасынан
Слайд көрсету.
Сабақ тақырыбын ашады.
« Ескендір» поэмасы
Жеке дара
топпен
О мен ОЖТ
ДжТ
10
Талдау
флипчарт таратылады
«Ескендір» поэмасы тақырыбын флипчарт бетіне түсіру керектігін түсіндіремін.
Әр топтан бір оқушы шығып жасаған флипчарттарын
қорғайтынын айтамын.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады.
Берілген флипчарт бетіне оқыған материалды тірек- сызбалар арқылы 5 минут түсіреді.
Дайындаған флипчартты топтан бір оқушы шығып 1 минутта қорғайды.
Жеке дара
топпен
Өзін-өзі
Сыныпта сын бағалау
ОменОЖТ
СТОҮ
ДжТ
ОүБ және ОБ
АКТ
1
Сергіту сәті
Интербелсенді тақтада бейнеролик көрсету
Бейнероликте көрсетілген жаттығуларды орындайды.
ОЖЕСО
10
Қолдану
Оқушыларға тапсырма.
1-қыры «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.
2-қыры «Суреттеңіз» Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеңіз.
Ескендір –ел жаулағыш,зұлым патша,баққұмар,қызғаншақкөрсеқызар,тойымсыз.
3-қыры «Автор орындығы» стратегиясы өсиет (ақыл сөз) қандай сөздер еді Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Түйінді ой:
Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерлейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ бес дұшпаның деп атап көрсеткен болатын.
4-қыры
Мифологиялық образдарды табыңыздар.
5 -қыры
Ой-тұжырым мазмұнға сәйкес мақал- мәтел
1.Долдықпен хан Ескендір ашуланды, Ашуланып қақпаға жетіп барды.
2.Қанша алтынды күміспен салсадағы,Бір кішкентай сүйекті аудармады .
3.Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді ,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?
4.Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Толмас көзің толар деп қайғы жеме
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.
2. Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.
3. Ескендірдің бұйрығы.
4. Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.
5. Аристотельдің сүйекті өлшеуі.
6.Ақынның өсиет сөзі.
Аз-ақ сөз айттым,бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса,қайғырма мақтан үшін,
Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.
(Табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек)
1.Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос
2.Арпа -бидай ас екен,
Алтын –күміс тас екен
3.Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!
Жақсы ай мен күндей, Баршаға бірдей.
4.Қанағат – қарын тойғызады,
Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.
Өзі тойғанымен , көзі тоймас.
Жеке дара
Жұппен
Өзін-өзі
Сыныпта сын бағалау
АКТ
ДжТ
ОүБ және ОБ
2
Синтездеу
Сабақты қорытындылау үшін арналған сұрақтар:
Не үйрендім?
Не ұнады?
Не істей алмадым?
Не істеуім керек?
Осы сұрақтарға сүйеніп стикерға пікір жазу, өз еркімен оқығысы келген 2-3 оқушыға оқыту. Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?
Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?
Кері байланыс парағын толтыру
Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
Бағыт-бағдар береді,бақылайды.
Не үйрендім?
Не ұнады?
Не істей алмадым?
Не істеуім керек?
сұрақтарына сүйеніп стикерға пікір жазып, сабақты қорытындылайды. Өз еркімен оқығысы келген 2-3 оқушы өз жазғанын оқиды.
Пендешіліктен арылуға
Иманды болуға
Арлы болуға
Қанағат етуге
Ашкөзділіктен сақтануға
Ойланып іс жасауға
Күлкіге қалмауға
Жеке дара
СТОҮ
2
Бағалау
Бағалау критерийлеріне сүйеніп, өзін, тобын бағалау.
Кері байланыс парағын толтыру.
Бағалау критерийлеріне сүйеніп, өзін, тобын бағалайды.
«Басбармақ» әдісі бойынша сабақты аяқтау
[pic]
Спикер бағалайды
Жасыл- білемін
Сары- жартылай білемін
Қызыл- білмеймін
Сары- жартылай білемін
Сумма тивті бағалау
ОүБ және ОБ
БжК
1
Үй тапсырмасын беру
Поэмадан үзінді жаттау
"Тойымсыздық сыры неде?"
(ой толғау жазу)
Тапсырманы күнделіктеріне жазады