Пән атауы: өзін- өзі тану.
Күні: 14.01.2016
Сынып: 5
Тақырыбы: Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық.
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік.
Мақсаты: қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
-ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;
-ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«5Т» ережесінің сақталуын еске түсіру: тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
-Тыныштық сәті сіздерге ұнады?
-Тыныштық сәтінен не түсіндік?
ІІ. Үй жұмысын тексеру (мәтінмен жұмыс)
«Неге ұялды?»
Пікіралмасу сұрақтары:
-Нәзікеннің бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?
-Мұрат неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?
ІІІ. Дәйексөз «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді»
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?
Дәйексөзді ұлдар, қыздар жеке хормен қайталап, дәптерлеріне жазып алады.
ІV Шығармашылық жұмыс
«Қыздар сұлу көріне....»,
«Ер жігітке жарасар....» тақырыптары бойынша эссе жазу.
«достық» туралы сурет салу.
V Топпен ән айту:
«Достарым» әнін хормен айту
VІ Үй тапсырмасы;
«Жайма - шуақ» әңгімені оқып, мазмұның айту.
VІІ. Соңғы тыныштық сәті: Баяу әуен қосылады:
-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
ен ән айту
«Ақ көгершін» хормен ән айту.
VІ. Ұй тапсырмасы:
«Бетпақдала» әңгімені оқып, мазмұның айту.
Туған жер, «атамекен», Отан туралы мақал- мәтелдер жазу.
VІІ. Соңғы тыныштық сәті;
Баяу музыка қосыла
-Көзімді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашуға болады.